Тексерген: Тоқтамысова А. Б. Жоспар: Кіріспе


Ақуыздың үшінші реттік құрылымы



бет8/13
Дата08.11.2023
өлшемі140,27 Kb.
#190366
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ақуыздар реферат

Ақуыздың үшінші реттік құрылымы - бұл полипептид тізбегіндегі алыс тұратын аминқышқылы қалдықтарының кеңістікте орналасуы. Ақуыздың үшінші реттік кеңістік құрылымы полипептид тізбегіндегі а-спираль және Р-құрылым бөліктері, аминқышқылдарының әр түрлі функционалдық бүйірлік топтарының өзара байланысуы аркылы түзіледі. Ақуыздың молекуласының үшінші реттік құрылымын анықтау үшін рентген құрылымдық әдісі пайдаланылады. Үш өлшемді құрылымы анықталған бірінші ақуыз - миоглобин.
Глобулярлы ақуыздар үшінші реттік құрылымына қарай 5 топқа бөлінеді :
1. α-ақуыздар . Бұл ақуыздардың глобуласы α -спиральдан ғана түзілген. Мысалы, миоглобин деген бұлшық еттің белогы. Миоглобин молекуласы құрылымының ерекшеліктері мыналар:
а) полипептидтік тізбектің 75%-дайы α-спираль түрінде, бірнеше α-
спиральдық бөліктері бар;

б) молекуласы өте тығыз бүктелген, ортасына судың 4 молекуласы ғана
орналасады;

в) аминқышқылдарының полярлы бүйірлік топтары молекуланың сыртқы
үстінде орналасады да, гидратталған күйінде болады;

г) аминқышкылдарының полярсыз бүйірлік топтары молекуланың ішінде
орналасады да, сумен әрекеттеспейді;

д) пролин қалдықтары полипептид тізбегінің бұрылыс жерінде орналасқан спиральді бөліктерінің аралығында;
е) гем деген простетикалық топ ақуыздық бөлігімен ковалентсіз байла-
ныстар арқылы байланысқан.

Ақуыз молекуласы екі немесе одан да көп полипептид тізбегінен қүрылса, мүндай ақуыз олигомерлі ақуыз деп аталады. Олигомерлі ақуыздардың құрамындағы полипептидтік тізбектерді протомерлер немесе суббөліктер деп атайды.
Ақуыздың төртінші реттік құрылымы дегеніміз – ақуыз молеку-ласындағы бірнеше табиғи конформацияланған полипептидтердін өзара кеңістікте орналасуы. Суббөліктерден қүрылған олигомерлі ақуыздар күрделі иерархиялық құрылымға ие болуы мүмкін. Мысалы, өгіз бауырының глутаматдегидрогеназа деген ферментінің молекуласы 8 үлкен суббөліктен құрылады. Әр суббөліктің молекулалық салмағы - 280000 дальтон. Глутаматдегидрогеназа ерітіндісін сұйылтқанда, оның молекуласы осы 8 суббөлікке ыдырайды. Олигомерлі ақуыздың жеке полипептид тізбегін - протомер, ал функнионалды активті бөлігін субединица деп атайды.
Төртінші реттік құрылымы бар ақуыздың мысалы кан құрамындағы ақуыз -гемоглобин болады. Гемоглобин молекуласы төрт полипептидтік тізбектен құрылған. Мысалы, гемоглобин А - адамдардың негізгі гемоглобині, 2 ұқсас α-суббөліктен және β-суббөліктен құрылады. α-суббөліктердің молекулалары 141 аминқышқылы қалдығынан құрылған, β-суббөліктердің молекулалары 146 аминқышқылы қалдығынан құрылған. Сонымен, гемоглобин молекуласының суббөліктік формуласы - а2р2, молекулалық салмағы - 64500 дальтон. Әр полипептидтік тізбек өзіне төн үшінші реттік құрылымға бүктелген және простетикалық топпен (гем деген топ) байланысқан. Үшінші кеңістік құрылымға бүктелген 4 полипептид өзара байланысып, гемоглобиннің табиғи молекуласын түзеді. Гемоглобин молекуласының функционалды ерекшелігі оның төртінші реттік құрылымына байланысты.
Барлық ақуыздар екі топка бөлінеді: жай (протеиндер) және күрделі (протеидтер неме­се холопротеиндер) ақуыздар. Жай ақуыздар гидролиз кезінде аминқышқылдарға дейін ыдырайды, яғни олар суббірліктердің полипептидтік тізбектерің түзетін тек аминқышқшқылды қалдықтардан ғана құралған. Күрделі ақуыздар - бұлар 2 компонентті ақуыздар , олар жай ақуыздан - апопротеиннен және ақуызды емес, аминқышқылды емес бөліктен, басқаша айтқанда простетикалық топтан тұрады. Күрделі ақуыздардың простетикалық тобы әртүрлі табиғаты бар қосылыстар (липидтер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, пигменттер, металдар ионда-ры, фосфор қышқылы) түрінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет