Тексерілді: Калиниченко Л. С пәні: қазақ тілі



бет1/2
Дата27.03.2018
өлшемі2,26 Mb.
#39673
  1   2
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 25.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік


Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі.
Дамытушылығы: Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: алған білімді жетілдіру
Сабақтың түрі: практикалық
Технологиясы: ДОТ элементтері
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ситуациялық сұрақ, топтастыру.
Көрнекілігі: Қызығушылығын арттыратыратын көрнекілік:көңіл - күй фишкасы;бағалау фишкасы;
Дидактикалық ойындар көрнекілігі:
«Тез ойла, сөз ойла», «Әжеге көмек», «Күн көзінің нұры» ойынының суреті.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
Сәлемдесу;
Түгелдеу;
II. Кіріспе - қызығушылық кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендерінді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінігі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.
(Осы кейіптегі балақайларды бағалау фишкасы ретінде пайдаланамын.)
III. Үй тапсырмасын сұрау
«Үйде» тақырыбына жазған мәтіндерін 5 - 6 оқушыға оқытамын.
IV. Танымдық - операционалдық кезең
Негізгі бөлім
Өткенді қайталап, еске түсіру
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Дәптермен жұмыс.
1 - жаттығу.
Жаттығуды оқып беремін. Түсінгендерін сұрақ қояу арқылы тексеремін.
«Ана тілін шұбарлап» сөйлейді дегенді қалай түсінесің?
Асыл сияқты балаларға арнап пайдалы кеңес жаз.
(3 - 4 оқушыға оқытамын)
2 - жаттығу.
Оқушыларға мақалды оқытамын.
Алдымен олардың ойын біліп алып соңында қорытамын.
«Үздік мақалшы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
Жүргізу ережесі: Әр қатардан бір - бір оқушыны шығарып, Отан тақырыбына білген мақалдарын айтып жарыстыру.
Түйіндеме: Жарайсыңдар балалар! Біздің сынып оқушыларының барлығы мақалшы екен ғой.
- Енді үздік болған сынып оқушымыз Есенгелдиев Елдарды марапаттап, алғыс хатын өзіне ұсынайық.
3 - жаттығу.
Әңгімені мәнерлеп оқып беремін.
Түсінгендерін сұрақ арқылы тексеремін.
Уәлидің орнында болсаң, сен жауап берер едің
Әңгімені оқушылар сахналайды.
«Күн нұрынның шапағы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып қормен қайталаймыз.
Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатырмын.
5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Оқушылар Ысқаққа ауызша мінездеме береді.
V. Қортынды - рефлексия кезеңі.
Сабақты «Әжеге көмек» ойыны арқылы қорытамын.
Мақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, оларға көмек көрсете білуге үйрету. Сабақты оқушыларға кызыкты етіп ойын арқылы қорыту. Алған білімдерін тексеру.
Шарты: Әже құдықтан шелекке су толтырып алған. Біз әжеге көмек көрсетіп шелекті уйіне жеткізіп беруіміз керек. Ол үшін шелек артындағы сұрақтарға толық әрі нақты жауап берулерің керек. Жауап берген оқушы шелекті әженің жанына әкеліп қоя береді.
Түйіндеме: Тамаша! Жарайсыңдар! Сендер барлық сұраққа дұрыс жауап беріңдер және әжеге көмектерің де тиді.
Сабақты бекіту.
Топтық жұмыс.
Ойын ойнату.
Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.
1 - топ - сыйластық.
2 топ - кішіпейілділік.
3 топ - инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық...
Бағалау.
Сабаққа белсене араласып, жаттығуларды уақытылы орындаған, ойынға қызыға араласқан және бағалау фишкасының қызылын көп жинаған оқушы - 5, көк фишка - 4, сары - 3 деп бағаланады.
Үй тапсырмасы.
6 - жаттығуды жазып келу
Ысқаққа мінездеме беру.
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 26.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Әдемі сөйлеу- әдептілік.

Сабақтың мақсаты:

тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Жаңа сабақ Әдемі сөйлеу- әдептілік.

Әңгіме-ертегі: «Баяғыда Үсен деген бала болыпты. Бірде ол көршінің Қанат деген баласының ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені күбір-күбір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді. Міне, қызық! Бағанадан бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде көзден ғайып болды. Мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келіп, ешкімге ұстатпайтын тік ұшағын далаға алып шықты. Тік ұшақты Ұланға да, Серікке де ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінді. Отыра қалып жылады. «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді.

Пр.сұрақ:Үсен неге көзге көрінбейтін бала болып қалғысы келмеді?

*Шығармашылық тапсырма: ЫМ, ҚИМЫЛ АРҚЫЛЫ өз сыныбының жетістіктерін жеткізу

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Ойын. «Кім тапқыр»

Мақал мәтелдің түсіп қалған санды орнына тауып қою керек.

..... атасын білмеген жетесіз.

..... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

...... ала болса ауыздағы кетеді.

...... түгел болса төбедегі келеді.

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС:

Жұмбақ құрастыру

Алма,лимон, қант, тұз, қарындаш, дәптер, кітап

*СИПАТТАП ЖАЗУ

Ағаш, гүл, көгершін, жылқы, тасбақа
*ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖАТҚА АЙТУ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:өткенді қайталау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні:27.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты:

Дыбыс және әріптің айырмашылығын ажырата отырып, жаттығулар орындату. Дыбыстардың түрлерін есте сақтау, сөздерді қатесіз жаза білуге дағдыландыру

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Күн шуағын таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

ІІ.Жаңа сабақ Дыбыс және әріп 487-493жат.

Қырық қырықтықшы

Қырық қырықтықпен

Қой қырықты

Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?

Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.

- Оқушылар бізге не естіліп тұр?

- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.

- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.

- Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.

Дыбыс түрлері нешеу?

487- жаттығу. Мәтінді оқу (у әрпі бар сөздерді табу, кестеге жазу)

Дауысты дауыссыз

Қуанды Сәуле

су Таулы

шомылу Бау-бақша

серуендеу суару

488-жаттығу У әрпін қосып сөз жасау

Жуу, суу, буу, сауу, жауу, ауу

ТОППЕН ЖҰМЫС:

1-топ 489-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін табу

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден (кірпі) и-дауысты, й-дауыссыз

2-топ 491-жаттығу Өлеңді оқып, жатқа жазу

Биік таулар, жапан дала

Гүл жазира, көл, теңіз

Әдемі ғой қашанда

Біздің туған өлкеміз

И,У ӘРІПТЕРІНІҢ АСТЫН СЫЗУ

3-топ 492-жаттығу БҰЛ ҚАНДАЙ СӨЗ, ҚАЙ ӘРІП?

Қос бүйірлі шөміштің

Бір әрпін кеміттім.

Шошындырар ел-жұртты

Дұшпан дерлік сөз шықты (ожау-жау)

Бір әріпті тағы да

Қысқарттым мен алдым да

Жаңа бір сөз құралды

Ол-балықшы құралы (ау)

Әріп сырын ұқпақпын

Және бірін қысқарттым

Шошындырар ел-жұртты

Қорқынышты сөз шықты (у)


*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА

«СИҚЫРЛЫ ТІЗБЕК» (у,й,и)

Шуақ-қуырдақ-қиын-науа-айна-айдар-рауан-ну-уық-қайрақ

** Логорифті оқы.

Көңіліміз ақ,

Қуанатты шақ.

Жерге қонды ұшақ,

Қарсы ал, жайып құшақ.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 490-жаттығу (көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 28.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: Дыбыс және әріптің айырмашылығын ажырата отырып, жаттығулар орындату. Дыбыстардың түрлерін есте сақтау, сөздерді қатесіз жаза білуге дағдыландыру

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Күн шуағын таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

490-жаттығу (көп нүктенің орнына и й әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу). Барлық балалардың дәптерлерін жинап алу арқылы тексерем және ережелерді қаталап сұраймын.


ІІІ.Жаңа сабақ

Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.

- Оқушылар бізге не естіліп тұр?

- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.

- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.

- Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.

Дыбыс түрлері нешеу?

Мәтінді оқу (у әрпі бар сөздерді табу, кестеге жазу)

Дауысты дауыссыз

Қуанды Сәуле

су Таулы

шомылу Бау-бақша

серуендеу суару

У әрпін қосып сөз жасау

Жуу, суу, буу, сауу, жауу, ауу

ТОППЕН ЖҰМЫС:

1-топ Жұмбақты оқып, шешуін табу

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден (кірпі) и-дауысты, й-дауыссыз

2-топ Өлеңді оқып, жатқа жазу

Биік таулар, жапан дала

Гүл жазира, көл, теңіз

Әдемі ғой қашанда

Біздің туған өлкеміз

И,У ӘРІПТЕРІНІҢ АСТЫН СЫЗУ

БҰЛ ҚАНДАЙ СӨЗ, ҚАЙ ӘРІП?

Қос бүйірлі шөміштің

Бір әрпін кеміттім.

Шошындырар ел-жұртты

Дұшпан дерлік сөз шықты (ожау-жау)

Бір әріпті тағы да

Қысқарттым мен алдым да

Жаңа бір сөз құралды

Ол-балықшы құралы (ау)

Әріп сырын ұқпақпын

Және бірін қысқарттым

Шошындырар ел-жұртты

Қорқынышты сөз шықты (у)


*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА

«СИҚЫРЛЫ ТІЗБЕК» (у,й,и)

Шуақ-қуырдақ-қиын-науа-айна-айдар-рауан-ну-уық-қайрақ

** Логорифті оқы.

Көңіліміз ақ,

Қуанатты шақ.

Жерге қонды ұшақ,

Қарсы ал, жайып құшақ.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Барлық өткен тақырыптағы ержелерді қайталап шығу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 26.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қазақ кілемдері қалай тоқылады?

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы оқушыларға жалпы мағлұмат беру, таныстыру. Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық


ІІ.Өткенге шолу

Өткен тақырыпта откен тақырыптарын қайталап жасаған жұмыстарын көрме арқылы тексеріп бағалаймын.


ІІІ. Жаңа сабақ

Кілемдердің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Түкті және тықыр кілемдер арнайы жабдықталған құралдарда (станоктарда) тоқылады. Алдын ала жіптер қажетті түстерге боялып, кілемнің ою-өрнек үлгісі дайындалады. Түскиізді ісмер-шеберлер түсті жіптермен кестелеу арқылы жасайды. Көбінесе кестеге ұсақ моншақтар мен алтын зерлі жіп қолданылады. Түскиіздерге сан қилы өсімдік өрнектері сән береді. Тағы бір ерекшелік, әр бұйымның өзіне ғана тән ою-өрнегі болады. Мысалы, кілем, төсеніштерге салынатын өрнек ешқашан киімдерге салынбайды. Сырмақтар әр түске боялған киіздерден қиып
алынған оюларды бір түсті киіз бетіне жапсыру тәсілімен біріктіре отырып сырылады. Тігістерді арнайы иірілген әдемі жуан жіптермен жасырады. Ши тоқу үшін арнайы қамыстан дайындалған ши қажет. Жүннен иірілген түрлі түсті жіптермен геометриялық өрнек сала отырып, ши шыбықтары бір-біріне жалғанып тоқылады. Сөйтіп төзімді де әдемі болып шығады.

Текемет күрделі сатылардан тұратын пісіру әдісімен жасалынады. Жуылып, түтілген жүнді жайып, оның үстіне басқа түстерге боялған жүннен өрнек салады. Содан кейін оны сулап, пісіріп, бастыруға кіріседі. Текемет бастыру тәсілі де ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Киіз баса отырып, қыз-келіншектер ән шырқап, әзіл-күлкілерімен бұл рәсімді той-думанға айналдырған. Түкті кілем, тықыр кілем, алашалардың ою-өрнектері төсеніш болатын сырмақ, текеметтердің өрнектерінен ерекше болады. Төсеніштердің өрнектері геометриялық өрнектердің жиынтығынан стилизация әдісімен құралып, қошқармүйіз, түйетабан, тағы сол сияқты болып келеді. Ал түскиіз өрнектері көбінесе өсімдік, гүл тәрізді.
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру: 104-бет, Қазақ кілемдерінің жасалуы жайлы толығырақ таныс.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 24.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың мақсаты: Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы


Білімділік: «Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы» деген ұғымның мәнін түсінуін қамтамасыз ету. Жануарлардың көбею тәсілдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ой - өрісін, тіл байлықтарын дамыту, өз ойларын толық жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелілігі: табиғатты, аңдарды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сәйкестендіру.
Көрнекілігі: құстардың, үй жануарларының суреттері.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
Мұғалім: Қара достар жан - жаққа,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?

Оқушылар: Сыныбымыз тап - таза,


Кітап, дәптер, тақтада.
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.
- Жақсы балалар. олай болса үй тапсырмасына көшелік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


- Үйге берілген тапсырма: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» мазмұнын сұрау.
- Оқушылардың дайындап келген қосымша жұмыстарын тыңдау.
- Сонымен балалар, құстарға тұмсығы не үшін қажет екен?
қорегін жейді
жыртқыш аңдардың етін жұлып жейді.
ұя жасайды
жауынан қорғанады

ІІІ. Жаңа сабақ:


- Балалар қазір жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін мына экранға назар аударайық.
- Экранда не берілген? ( ребус )
- Ребусты шешсек жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар «Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( өз ойларыңды айтып көріңдерші )


- Дұрыс айтасыңдар. мен сендердің сөздеріңді толықтыра түсейін.
* Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, мысалы бунақденелер мен, көптеген құстар, жорғалаушылар тіпті аю сияқты ірі аңдар да қоректенеді. Шыбын, тарақан сияқтыларды үйге кіріп мазалайтындарды адам көптеп құртады. Соған қарамастан олар табиғатта қаптап жүреді.
Аңшылар ауласа да, жыртқыштар ұстап жесе да бунақденелілерден басқада жануарлар да баршылық.
Бұл жануарлар мүлдем құрып кетпей тіршілігін жалғастыратын себебі – ұрпақ береді, яғни көбейеді.
Мысалы: Үй жануарлары сиырдың - бұзаулайтынын, иттің – күшіктейтінін, тауықтың балапан басып шығаратынын т. б. біз білеміз.
«Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы» деген өте дұрыс тұжырым дейміз ғой. Бұл тұжырымның дұрыс екеніне мына «Тіршілікті танып біл» видеосын мұқият зерделеп, ойласаң сендердің де көздерің жетеді.
- Назарымызды экранға аударайық. (видео көрсетіледі )
* Шыбын, көбелек, балық, тасбақа т. б. ұрпақ әкелуін түсіндіре отыру.
- Экраннан (слайдтан) жануарлардың балаларымен жүргендерін көрсете отырып, түсіндіру.
- Бақа мен балық жұмыртқасын уылдырық дейді. Олар уылдырығын суға шашады.
- Дернәсіл деп - жәндіктер мен жануарлардың бір кезде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын айтады.
- Қанқыз бен Колорад қоңызы жайында түсіндіру.
- Кесіртке мен жылан жұмыртқасын күн көзі жақсы қыздыратын жерге салады.
- Дала құстары да, үй құстары да балапандарын жауларынан, өз балаларына қамқорлық жасайды. Көктемде мал төлдейді. Оларды арнаулы қорада төлдетеді.( сиыр бұзауымен) Киік лағын шөбі сирек, ық жерде туады. Лағы тек мамасы келгенде ғана орнынан тұрады. Лақтың түсі шөппен, бұтамен ұқсас келеді.
- Киіктің лағын «құралай» дейді.
- Түлкінің баласын - жаутаң дейді. Түлкі баласын тышқан аулауға үйретуге алып шықты.
- Бұланның баласын - бұзауқа. Бұланда баласын суға түсіп көрші, салқындайсың, шыбын - шіркей мазаламайды деп жатыр.
- Бүркіт та баласын қауырсыны қатайғанда балапандарын ұшуға, азықтарын тауып жеуге, жауларынан сақтануға үйретеді.

- Ендеше балалар, қазір «Ойлан, тап!» тапсырмасын орындап жіберейік. Сүтқоректілердің балаларын атайық:


Сиыр баласы - бұзау, жылқы - құлын, қой - ешкі, түйе - бота, жолбарыс - алан, ит - күшік, мысық - марғау.

- Өте жақсы балалар!


ІҮ. Оқулықпен жұмыс: 97 - 98 бет.
- Кезек - кезек барлық оқушыға оқыту, тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Ү. Сергіту сәті: «Шөжелерім» өлеңінің ырғағымен бойымызды сергітейік.
ҮІ. Ой қозғау. 98 беттегі суретті пайдаланып «Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы» атты тақырыпта әңгіме құрастырып өз ойымызды айтып көрейікші.
- Көктем уақытында үй құстары балапан шығарады. Адамдар оларға ұя жасайды. Жұмыртқа басқан тауыққа жем береді. Ыдысқа су құйып, алдына қояды. Ұя маңын тазалайды. Кейін балапандарды да күтіп, қоректендіреді. Тауық балапанын 1 ай басады н/е 21 - 26 тәулік.
Сонда ересек жануар ( жәндік) көбейгенде балалары туады, ол есейіп ер жетеді де, сол әуелгі ересек жануар ( жәндіктей ) боп өсіп шығады. Мысалы: көбелек қараторғайдың аузына түсіп жоқ болса да, оның артында «балалары» сол көбелектей болып өседі де, дәл өзінің анасындай тіршілік ете береді. Міне, Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы болатын осы.
ҮІІ. Сызбамен жұмыс. ( алдарына бірдей сызба таратылады)
Мұғалімнің көмегімен бірге орындау.
1. Жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - имаго (яғни ол ересек күйге айналуы)
2. Жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - имаго (яғни ол ересек күйге айналуы)
3. уылдырық - дернәсіл (шабақ)- балық
4. жұмыртқа - дернәсіл - бақа
5. жұмыртқа - балапан - құс.
ҮІІІ. Қорытынды:
- Балалар осы сызбада өз баласына қандай жануарлар тобы өз баласына қамқорлық жасай алмайды?
- Неліктен?
* 99 беттегі мына жануарлар тобы өз ұрпағына қамқорлық жасай алады ма?- Қалай?- Бақылап, байқағандарың бар ма? (өз ойлары)
- Жылқы баласын 10 ай көтереді. Қой 5 ай.
- Жақсы балалар мен ойлаймын біз бүгінгі сабақтан біраз мағлұматтар ойымызға түйіндедік деп. Жануарлардың өз тіршілігі үшін бейімділіктері өте көп. Бәрін айтып тауысу қиын. Сондықтан да біз оларды танып, білім қана қоймай оларға қамқорлық жасауымыз қажет.
- Бүгінгі күнге ризасыңдар ма?
- Бүгінгі сабаққа ризасыңдар ма?
- Бүгінгі келген қонақтарға ризасыңдар ма?
ІХ. Жүректен - жүрекке. Ризамын бүгінге, ризамын сабаққа, ризамын, бүгінгі қонаққа!
Х. Үйге тапсырма: 97 - 99 бет оқып мазмұнын айту. 100 беттегі көкшегіртке, қоянды мысалға алып «ұрпақ тіршіліктің» жалғасы екенін түсіндіріп келесіңдер.
ХІ. Бағалау (мақтау, мадақтау арқылы)

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 25.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Атамекен – алтын бесік
Мақсаты: 
Оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
Міндеттері:
- Атамекенді қадірлей білуге, Атамекенге қызмет ету, адам өмірінде Атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
- Оқушылардың өз Атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
- Өз Атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта (слайд, видео, «Атамекен» және «Өз елім» әні, «Кең жайлау» күйі)

Шаттық шеңбері


Мұғалім сөзі:
- Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін - өзі тану» сабағында көрген қандай ғанибет! Бүгінгі сабақта сіздердей талантты, білімге құштар шәкірттермен қауышқаныма өте қуаныштымын.
Ендеше, біздер бір - бірімізге күлімсіреп, сәлемдесіп, сабағымызды бастайық. Бәріміз орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін құрайық! Сабағымызды бастамас бұрын Қ. Мырза Әлінің сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаймыз.
(Балалар орнынан тұрып, «Атамекен» әнін орындайды.)
Атамекен
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалив
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы: 
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы

Мұғалім сөзі:


- Балалар, біз жаңа Атамекен туралы әнді орындадық я?! Сонымен бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз – Атамекен алтын бесік. Атажұрт, атамекен, туған жер – өте кең ұғым. Ол халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, сусын ішіп, өмір сүріп, өсіп - өніп келе жатқан кең жазира жері. Бұларға жеке - жеке тоқталатын болсақ, атажұрт - этникалық ұжымның, яғни ру, тайпа, елдің байырғы ата - бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп - өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені. Ал, атамекен ұғымы бізге араб тілінен келген екен."Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау болса, мекен сөзі араб тілінде «мәкан» - орын, жай деген мағынаны білдірген. Бұл дегеніміз - туған жер, өңір, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «атақоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата - бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Туған жер дегеніміз - әр адамның шыр етіп дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Әр адамзаттың бір ғана Отаны, яғни Атамекені болады. Алайда, қазіргі таңда кейбір адамдардың екі Отаны болады. Оған себеп, ғаламдану дәуіріне сәйкес басқа мемлекеттерде тұрып, сол елдің азаматтығын алып, өзінің екінші Отаны деп санайды.
Туған жер мен Атамекеннің айырмашылығына тоқталатын болсам: туған жер деп кіндік қаның тамған жерді айтамыз. Ал, атамекен – ата - бабамыздың білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті жері. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман - тоғайларының, кең - байтақ, ұлан - ғайыр даласының атаулары мың сан. Бұлардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре. Халықтың ұшқыр қиялы, саналы ой, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез - құлық болмысының көрінісі. Сонымен атамекен - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.
- Балалар, енді «Әңгімелесейік, пікірлесейік» айдарына кезек берсек.
Әңгімелесу
1) Атамекен, атақоныс, атажұрт несімен қымбат?
2) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
3) Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
4) Өз Атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?
Оқу ақпараты
(Оқушылармен «Оқу ақпараты» арқылы Атамекен, Атажұрт, Атақоныс, Туған жер құндылықтары туралы талқыланады.)
Атамекен - туған халқымның, ұлтыңның мекен еткен, ата бабаңның қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де Атамекенімен тығыз байланыста болады.

Мәтінмен жұмыс


(Оқушыларға оқулықтағы «Отан сүйер ұлан бол» өсиетін оқытып, Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту )

Мұғалім сөзі:


- Балалар, біз Б. Момышұлын білеміз ғой?! Ол Отан үшін отқа түскен, қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы, XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. Сіздерге Б. Момышұлының өсиеті беріліп отыр.
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б. Момышұлы
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін шығармашылық жолмен жеткізу тапсырылады. (Сурет салу арқылы)
Дәптермен жұмыс
К. Нығметованың «Менің ауылым» мәтінін негізге ала отырып, «Туған жер - тұғырың» тақырыбында өз туған жері туралы эссе жазу.

Жүректен – жүрекке


Мұғалім сөзі:
- Балалар, «Жүректен жүрекке» айдарына да келіппіз. Ендеше балалар жүрек жылуын алмасып, жақсы тілекпен бір - бірімізге шуақ нұрын шашайық!
Оқушылар бір - бірлеріне шын жүректен ақ ниетті тілектерін білдіреді. Және сабақты қорытындылау мақсатында Қадыр Мырза Әлінің «Өз елім» әнін орындаймыз.
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 24.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: А.Әлімов. Қажымұқан.

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын аша білу, сана-сезімін дамыту,өз ойларын жеткізе білуге қалыптастыру.

2. Ой өрісін, есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру.

3.Сезімталдыққа, алғарлыққа тәрбиелеу

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық сурет, бейнетаспа, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Психол. триненг.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең

-Сәрсеннің әке-шешесі кімдер еді?

-Сәрсенге қызықты?

- Әжесі не деді?

-Сәрсен не істеді?

-Бұл не жұмбақ?

-Робот қалай жауап берді?

-Робот не істей алады екен?

-Олар қандай ат қойды?

-Робот Сәрсен кімді құтқарды?

Мақсат қою кезеңі

-Қандай спорт түрлерін білесіңдер.

-Қазақша күрес ұнайды ма?

Қызығушылықты ояту

Талдау


Жаңа сабақ

Мәтінді оқу 126-127-бетті оқи отырып талдау.

Сұрақтар- жауап.

-Балуан деп кімді айтамыз?

-«Қазақстандық олимпиада жеңімпаздарын» білесіңдер?

-Слайд көрсету.

*Мәтінді іштей оқу

*Тізбектеп оқу.

Сергіту сәті.

Өз бетімен жұмыс

Қазақша күрестің суретін салу.

Жаңа материалды пысықтау

*Қажымұқан кім болған?
*Ол несімен таң қалдырған?

*Өзің өандай спорт түрін жақсы көресің?

Бекіту кезеңі

Балуандар тақырыбына эссе жазу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 25.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Ж. Жабаев. Алатау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Оқушыларды ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.

Оқушының өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау. Әдебиеттік оқу сабағынан «Табиғат тіршілік бесігі» атты жаңа бөлімді бастай отырып, табиғаттың ерекше бір сыйы - Алатау туралы жырлаған Ж. Жабаев өлеңімен таныстыру. Топтық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, сұрақ - жауап, пікірталас, тілді дамыту, шығармашылық жұмыс.

Күтілетін нәтиже: Өтілген жаңа тақырыпты нақты түсінеді. Нені қалай оқу керектігін түсінеді, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді. Топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, өзін - өзі бағалай алады.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Күлімдеп бүгін сіздермен,

Сәлемдесіп алайық

Қош келіпсіз бүгін сіз

Әдеппен сізге қарайық

Жылы, жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Көршіммен амандасайын

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Бөлімді қайталауға арналған тест

ІІІ. Жаңа сабақ Ж. Жабаев. Алатау.

«Сөзжұмбақ шешу»Автор туралы түсінік беру

Жамбыл Жабаев. «Алатау»

Ну - қалың

Мұнар - бұлыңғыр

Кептес - тілдесу, сөйлесу

«Алатау» өлеңін мәнерлеп оқу

«Суретпен жұмыс»

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

«Әсем сөз әлемі» Өлең құрастыру

«Балғын суретші»

«Топтастыру стратегиясы»

Оқушылар смайликтерге сабақты түсінгеніне қарай өз - өздерін бағалайды.

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерің?

2. Сен үшін пайдалы жағы?

3. Ұнамаған бөлімі болды ма?

4. «Алатау» өлеңі не жайлы?

5. Табиғат адамға не береді?

6. Табиғатты қалай қорғаймыз?

Оқулықпен жұмыс. «Алатау»

Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

- Дептермен жұмыс:

Ну – қалың

Мұнар – бұлыңғыр

Кептес – тілдесу, сөйлесу.

1. Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыр.

Берілген сөз ----------------- Осы сөзге қатысты көркем сөз

Таудан аққан су ------------ дыбысы, қимылы

Таудағы жемістер: --------- олардың дәмі...

Таудағы аңдар: ------------- олардың қимыл - қозғалысы...

Тау суындағы жәндік ----- оның қимылы...

Сергіту сәті.

3. Рефлексиялық - бағалау кезең.

Шығармашылықпен жұмыс.

1. Берілген суретке зер сал.

Суретпен жұмыс:

– Суреттен не көріп тұрсың?

– Таудан су қалай ағады?

– Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?

– Жемістің дәмі қандай?

– Таудан аққан бұлақта не кездеседі?

– Оның қимылы туралы не айтар едің?

2. Өзің тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құра.

3. Көрікті табиғат суреті сенде қандай көңіл күй туғызды?

4. Ойланып жауап бер.

Табиғат адамға не береді? Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің?

6. Өз ауылыңның ( қалаңның ) табиғатын қалай қорғап, аялайтының туралы пікіріңді жазып кел.

Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.

Оқушыларды мадақтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 27.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: « Дельфин » Спиридон Ванчели .

Мақсаты: Табиғатты аялап сүю, қарым – қатынас жасай білудің мәнін

ұғыну

Міндеттері: 1.Табиғатты аялауды, онымен аялы қарым – қатынас жасаудың



маңыздылығын түсіндіру.

2.Оқушылардың танымдық білімдерін байытып, ойлау,

салыстыра білу, ой қорыта білу дағдыларын байыту.

3.Өзін қоршаған ортаны танып – білуге, оны мен аялы қарым –

қатынас жасауға табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың түрі: Танымдық және сараптама сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: 1.Түсіндіру. 2.Сұрақ – жауап. 3.Ойын. 4.Танымдық

әңгіме. 5.Халықтық педагогика. 6.СТО әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, кестелер, портреттер,

үлестрмелер.

Сабақтың құрал – жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтан күтілетін нәтиже: Табиғатпен аялы қарым – қатынас жасаудың

маңыздылығын түсініп, өзін қоршаған

ортаны танып білуге машықтанады.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Еркіне ермей алаң ойдың.

Болғың келсе білімді, алғыр,

Қане, сабаққа назар қойғың!

II. Үй тапсырмасын сұрау

Дариядай сол таулардан тулап тасып,

Көресің тамашасын аққан судың

Тулаған аққан бұлақ тасқынында

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.


Осы өлең жолдарында суреттелген тасыған суды бейнелейтін сөйлемдер құрастырып көр.

« Ой шақыру » стратегиясы

Мөлдір суым, мекенім,

Енді қайтсем жетемін?!

Қадіріңді білмедім,

Неге шалқып жүрмедім,- деп неге өкінген? Неліктен солай ойлайсың?

« Ой ұштау » стратегиясы

Сулы жер – нулы жер

Су – тіршілік көзі.

деген мақал – мәтелдердің мағынасын қалай түсінесің?

Кестемен жұмыс. Топтық жұмыс.


Сусыз

Сумен

Суды

Күн жоқ.

Өмір сүре алмаймыз

Өсімдіктер өспейді


Ойнама

Жүк тасу


Кір жуу

Қорғау

Үнемдеу


Ластамау

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

« Ой шақыру » стратегиясы.

Мұғалім: - Балалар, суда балықтан басқа нелер өмір сүреді?

Оқушылар: Бақа, шаян, жылан, тасбақа, кит, т.б.

Ойын « Кім тапқыр ? ».

Бұл ойынның аты « Кім тапқыр ? » деп аталады. Ойын шарты: Қазір сендерге бірнеше бөлікке бөлінген суреттер ұсынылады. Олардың бір бөлігі ғана ашық. Сендер мұқият қарап бұл суретте не жасырынғанын табасыңдар.

Жауабы: Дельфин

« Ой шақыру » стратегиясы.

Әңгіме не жайлы болмақ?

Қалай ойлайсыңдар, шығарма дельфин тіршілігі жайлы болмақ па, әлде дельфинге қатысты оқиға жайлы болмақ па

Тіл ұштау әдісі.

- Дельфин жайлы не білесің ?

- Ол немен қоректенеді ?

- Онын көлемі, тіршілігі туралы әңгімеле

Танымдық әңгіме

Мұғалім: Дельфин оның табиғаты, тіршілік ортасы, ерекшелігі жайлы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып түсіндіреді.Адам миына жақын ең пілден кейінгі ең ақылды мақұлық дельфин екендігін айтып өту.

Үнтаспадан үн естірту.

Үнтаспадан дельфиннің дыбысын естірту.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы осы ақылды мақұлық

дельфин жайлы болған оқиға ізімен жазылған Спиридон Ванчелидің

« Дельфин » атты әңгімесі болмақ.

Танымдық әңгіме

Балалар мына суреттегі кісінің есімі Спиридон Ванчели. Бұл Молдаван елінің атақты жазушысы.

Оқулықпен жұмыс

1) Әңгімені оқып беру, азат жол бойынша оқушыларға оқыту.

2) Сұрақ – жауап арқылы мәтін мазмұнын ашу.

Суретпен жұмыс

Оқулықтағы сурет және онда берілген сұрақтарға жауап алу.

Ой ұштау

- Сонымен, шығармадан қандай ой қорытуға болады ?

- Шығарманың тәрбиелік мәні не ?

- Дельфин ақылды дедік оны әңгіме дәлелдей алды ма ?

- Дельфин кекшіл ме ?,Неге ?, Дәлелде.

Халық педагогикасы.

Тыйым сөздер деген не ? Оның мәні неде екендігін түсіндіру. Оқулықта берілген тыйым сөздерді оқып мағынасын ашу.

1. Құдыққа түкірме

2. Кірдің суын суға төкпе

3. Түнде суға барма

4. Адамға су шашпа.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Тақырыпты бекіту: Біз өткен сабақтағы « Алатау » өлеңімен бүгінгі

« Дельфин » әңгімесіне сараптау жасап, ой қорытып көрелік.

VI. Сабақты қорыту.
6.1. Не білетін едік?, Не білдік? кестесі.

Балалар, сонымен біз бүгінгі сабақтан не істедік, не түсіндік, қандай тәрбие алдық, не үйрендік ? Ол үшін мен сендерге екі ыдыс суретін ұсынамын, менің қасымда су тамшыларының суреті бар. Екі ыдысты сумен толтыру арқылы біз өз деңгейімізді анықтайық. Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгендерін өздері айтады.


Не білетін едік ? Не білдік ?







Мұғалімнің қорытуы.

VII. Үйге тапсырма.

Мазмұнын айту суретін салу


VIII. Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 29.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Ш. Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Мақсаты:
а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.
Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, ізденімпаздыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.
б) тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, ассоциация, 5жолды өлең, Венн диаграммасы, дискуссиялық карта.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бұлбұл мен тоқылдақ (жұмсақ ойыншық), ағаш.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында қорапқа салынған сыйлық әкелу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


1. «Азамат атанған күн» К. Сауырұлы.
Мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелеу.
І. Қуаныштың алғашқы қой бағуы.
ІІ. Үрей.
ІІІ Азамат болу.
2. Қуанышқа мінездеме беру.
Сабақты қорытындылау.
- Азамат болу дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Жаңа сабақ.


1. Қызығушылығын ояту
Құстардың даусын тыңдау.
- Балалар құстардың қандай даусы естіледі?
- Қай құстардың даусы ұнайды?
Оқушыларды 3 топқа бөлу, тапсырмалар беру:
2. Ой қозғау
1 - топ: - Бұлбұл туралы не білесіңдер?
2 - топ: - Тоқылдақ сөзіне ассоциация
- «Құстардың орнын анықта» (суреттегі құстарды сұрақтарға жауап беріп, өз орындарына қоямыз)
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлбұл мен тоқылдақ» деп аталады. Авторы Ш. Смаханұлы (авторға тоқталу )
- Балалар біз қандай мысалдармен таныс едік?
- Мысалда не туралы айтылады екен?

3. Мағынаны тану


а) Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Дауыстап оқу.
4. Сұрақтармен жұмыс.

- мысалда қандай кейіпкерлер бар?


- бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?
- тоқылдақ не деп жауап берді?
- мысалдан не түсіндік?
ә) Ғылымилығы.
Сергіту сәті
б) Дәптермен жұмыс
Бұлбұл - әнші құс
Тоқылдақ - орман емшісі
в) Рөлдерге бөліп оқу

3. Ой толғаныс


а) 1 - топ: Осы мысалдан сахналық көрініс көрсету.
2 - топ: Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.

ә) 1 - топ: Құстар жайлы жұмбақ құрастыру.


2 - топ: Венн диаграммасы.
Бұлбұл мен тоқылдақ.

ІV Қорытынды. Дискуссиялық карта.


Бұлбұлдың тоқылдаққа таққан кінәсі дұрыс па?
Қорытынды немесе шешім, тоқтам.

V Бағалау


VI Үйге тапсырма:
1. Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, мазмұндау.
2. Бұлбұл мен тоқылдақтың суреттерін өз қалауларынша салып келу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 25.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Санды 2-ге көбейту кестесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау және тереңдету.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, достыққа, тез есептеуге, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреті, аңдар суреті, үлестірмелер, ойындар, тест.
Әдіс: Сұрақ - жауап, ойын, ой - қозғау, топпен жұмыс.
Түрі:

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық.
Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

3. Мақсатын түсіндіру.


- Бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта саяхатқа шығамыз. – Сабақта алған білімдерімізді
ортаға саламыз.

4. Үй тапсырмасын тексеру.


«Жапырақ жинау» ойыны арқылы 2 - ге көбейту кестесін айтамыз.

1 - жапырақ. – Құстар жылы жаққа кетеді. 2х1


2 - жапырақ. – Күн суытады. 2х2
3 - жапырақ. – Жануарлар ұйқыға кетеді. 2х3
4 - жапырақ. – Жапырақтар сарғаяды. 2х4
5 - жапырақ. – Үйлерін ақтайды, сырлайды. 2х5
6 - жапырақ. – Жеміс жидектер жинайды. 2х6
7 - жапырақ. – Егін жинайды. 2х7
8 - жапырақ. – Жаңбыр жауады. 2х8
- Бұл құбылыстардың барлығы қай кезде болады.
«Күз мезгілінде» (2 - ге көбейту сөзі және 2х9 =18)

Жаңа сабақ


- Жаңа сабағымызда «Күзгі орманға саяхат» жасаймыз.
- Орманда қандай аңдар бар екен, олардың қысқы дайындығы қандай екенін байқайық.
- Саяхатқа шықпас бұрын 2 тапсырма 2 - ге көбейту кестесін толықтырып жазайық.
(2 – кесте тақтаға ілінеді.)
2х2 = 4 2х2 = 4
2х3 = 6 2х3 = 6
2х4 = 8 2х3 = 8
- Бұл 2 - ні көбейту мен 2 - ге көбейту кестесі екен. Кестені толтырып жазып, орманға да жеттік.
Ормандағы аюдың.
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық.
Қалтамызға салайық.

- Қане, орманда не бар екен?


- Аю бар екен. Аю тәттілерді көп жеп семіреді де, апанына жапырақтарды төсеп, ұйқыға дайындалады.
- Қане, балалар құлпынайын теріп жіберейік.
№ 3 есеп.
6. Құлпынайдағы есептер.
- Бос тор көзде тұруға тиісті санды атау.

№ 5
Өзінше ноян


Қорқақ Не?.. (Қоян)
- Сәбіз жегім келіп тұр дейді.
- Сәбіз жинап берейік.
- Кім сәбіз жинасады?.. (3сәбізге 3 оқушыны шығарып, жаздыру)
7 х 2 = 14
2 х 2 + 2 = 6
8 х 2 = 16
2 х 6 + 2 = 14
2 х 3 = 6
2 х 8 = 16
- Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құрдық, шығардық.
№ 7
Туғаннан жаңғақ жеп жетілген.
Бұтақтан – бұтаққа секіру.
Бұл не? (Тиін)
- Тиін қысқа саңырауқұлақтарды кептіріп жинап жүр.
- Саңырауқұлақтарда теңдеулер жазылған тақтаға шығару.
2x = 16 ------------ X: 3 = 2
X = 16: 2 ---------- X = 2x3
X = 8 --------------- X = 6
2 x 8 = 16 --------- 6: 3 = 2
- Біздер тиінге көмектесіп саңырауқұлақтарын теріп бердік.
№ 8
Өзі қу
Жүрген жері ду.
Бұл не? (Түлкі)

Түлкі түсті қақпанға.


Жортып келе жатқанда.
- Қақпаннан босатайық.
Босату үшін «Балық аулау» ойынын ойнайық. Балық суреті.
1. Шарты: 1 – 9 пияз
Ш: 9+9 =18
2 -? 9 пияз артық
Ж: 18 пияз

Шарты: Пияз - 40


Ш: 40 - 20 = 20
Сарымсаққа -? 20 - сы артық
Ж: 20 сарымсақ

- Түлкі сендерге рахмет айтуда.


- Оқушылар енді орнымыздан тұрып, саяхатымыздан қайтайық.
Оқушылар айтады.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табармыз.
Өнер білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

5. ой қозғау.


- Балалар бүгін санды 2 - ге көбейтуге есептер шығардық. Енді 10х2 - ге көбейткенде неше шығады.? (20)
- 20 саны нені білдіреді?
- Тәуелсіздігімізге 20 - жыл толады.
- Бәрекелді! Балалар!
Бәріңе бестік баға бар.
Ел қадірін бағалар.
Міне, оқушым қаншаға
Кеңейді өріс өреміз!
Келесіде қалғанын
Тағыда айтып береміз.
Ал, қазір қош бала,
Күнделікке баға қойып береміз.- деп бағалау. (Тәуелсіздік белгісін тапсыру)

Сабақты қорытындылау.


Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 26.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақ тақырыбы: Қайталау. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға берілген есеп.

Сабақ мақсаты:

1.     Оқушыларға бірдей қосылғыштардың қосындысын табу туралы түсінік беріп, теорияда алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

2.     Әр алуан математикалық іс-әрекет барысында оқушылардың танымдық қабілетін шыңдап, логикалық ойлау жүйесін дамыту.

3.     Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге, алдына қойған мақсатына жете білуге жетелей отырып, өз ойын еркін, дәлелдеп айтуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ түрі: ұжымдық, топтық, жұптық, өзіндік жұмыс

Әдісі: эвристикалық, индуктивтік, демонстрация, есептер шығару, сәйкестендіру

Көрнекілігі: заттық суреттер, кесте, сызба, сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

 

Сабақтың өту барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

Ø оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау

Ø сабаққа қажетті педагогикалық-психологиялық жағдай тудырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Ø психологиялық дайындық «Өрмекші»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

№ 8, 221-бет

(55-5)+50=100                                                   (83+10)+7=100

83+(10+7) =100                                                 60+(45-5) =100

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабақта бірдей қосылғыштардың қосындысын табу туралы түсінік беріп, бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға берілген есептерді шығаруды үйренеміз. 

IV. Қайта жаңғырту және нақтылай түсу кезеңі

 

Сағаттарда минут және сағат тілдерінен басқа тілі болады. Ол қандай тіл? (секунд тілі)



Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

Ұзындықтың ұсақ өлшем бірлігі? (миллиметр)

Алыс қашықтықты өлшеу үшін қолданылатынұзындықтың  ірі өлшем бірлігі? (километр)

1 километр = 1000 метр

V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

6+6+6=18


Әсетте барлығы 18 қарындаш

VІ. Түсінгенді тексеру кезеңі. Есептер шығару.

№1 есеп. Есепте

29+17                                              900-100                         45+15

48+11                                              300-300                         67+30

35+27                                              700-500                         36+45

 

№3 есеп. А) Заттардың ұзындықтарын өлшеу:



Өшіргіш, сіріңке қорабы, скрепка;

Ә) Кесінділердің ұзындықтарын өлшеу:

А                                  В                С                                                  D

K          M                                                A                          O

№4 мәселе есеп.

А) Берілгені:                                                                        Шешуі:

1 аптада – 19 км

2 аптада – 18 км                                                        68-(19+18)=31

Қалды - ? км

Барлығы – 68 км жол

                                                  Жауабы: жөнделмей қалды 31 км жол

Ә) Берілгені:                                                                        Шешуі:

1 аптада – 24 км

2 аптада – 13 км                                                        24+13+28=65

Қалды - 28 км

Барлығы – ? км жол

                                                  Жауабы: барлығы 65 км жол

Сергіту сәті. Жұмбақтар әлемінде.

1.  Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой       (15)

 

2.     Дүкеннен сабын алдым



Оның және қабын алдым

Екі дәптер, бір қарындаш, төрт кітап

Тіс ысқышты қоса алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары?      (10)

Логикалық есептер

-         Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

-         Бір үйдің үш ұлы бар. 3 ұлдың әрқайсысының 1 әпке, 1 қарындасы бар. Бұл үйдің баласы нешеу болған? (5 бала: 3 ұл, 2 қыз)

-         Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?(екеуі, біреуі сөндірілмеген соң жанып кетеді)

-         Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)

-         Аспанда 7 түйеқұс ұшып жүрді, аңшы 2-уін атып алды. Аспанда неше түйеқұс қалды? (түйеқұс ұшпайды)

№5 есеп. Есептерді салыстыру және шығару.

35-7=28                              35+28=63                               35+7=42

                                                                                          35+42=77

№6 есеп. «Гайкаға кілт таңда». Суретке қарап, сызғыштың көмегімен кілттің және гайканың өлшемдерін анықтау.

Гайка

Кілт

Өлшемі

1

Ә

1 см

2

Б

9 мм

3

А

1 см 1 мм

 

 

Сәйкестендіру. Есептердің мәндерін сызық арқылы қосу



14+49                                                    100

83+16                                                    90

47+24                                                    71

13+69                                                    72

14+58                                                    99

67+23                                                    82

52+19                                                    74

49+51                                                    63

VІ. Бекіту. А) №7 есеп. Есептеп, дұрыстығын тексеру.

Ә) Тапқышбектің тапсырмаларын орындау. Ребус шешу, карточкамен жұмыс.

VІІ. Қорытындылау. «Математика» сөзжұмбағын шешу.

VІІІ. Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысу белсенділігіне, тәртібіне қарай бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

-         Карточкадағы есептерді шығару.

-         Оқулықтағы №8 есеп (ауызша).

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 27.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы :Өзіндік жұмыс.

Сабақтың мақсаты: а) :оқушылардың алған білімдерін пысықтауға өзіндік жұмыс жасату..

ә) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен есеп шығара білуге дағдыландыру.

б) математикалық сауаттылыққа, тапқырлыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Сабақтың көрнекілігі: өзіндік жұмысы кітабы
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі. 

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Психологиялық дайындық.


II. Дәптерлерін үлестіріп беріп , өзіндік жұмыс болатынын хабарлау.

III. Өзіндік жұмыс.

1 – нұсқа. 2 – нұсқа.

1.Есепте 1.Есепте

36* 2 = 43*2 = 54*2 = 24*3 =

55:5= 64:4 = 96 :3 = 75:5 =


Есепті шығар.
2.Есепті шығар.

52 пәтерлік 4 үй және 80 пәтерлік 63 пәтерлік 5 үй және 70 пәтерлік 6 үй салынды.

7 үй салынды.Осы үйлерде неше Осы үйлерде неше пәтер бар?

пәтер бар?


3. Теңдеуді шеш. 3. Теңдеуді шеш

75:х= 5 6*х = 90 80:х = 5 х*6 = 36.


4. Амалды орында. 4. Амалды орында.

433*2+43*2= 84:7+106*2 = 222:2 +862:2 = 112*2+311*3 =


Қалдықпен бөлу.
5.Қалдықпен бөлу.

27:5= 28:6 = 34:4 = 65:8 =


Сергіту.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалардан көбейту кестесін сұрау арқылы сабақты қорытындылаймын.
Y. Үйге тапсырма көбейту кестесін жаттау
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 28.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет