Тексерілді: Күні



бет41/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІV Мәнерлеп оқу:

Сен мені не етесің?


Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің.
Неге әуре етесің?
Қосылыспай,
Басылыспай,
Байыңа
Және жаттан
Бай тап,
Өмір бойы қор етесің.

Ет жүрек өртенді,


От боп жанып,
Жалын шалып
Ішіме.
Иттей қормын,
Зармын,
Сен үздің ғой бұл желкемді.
Кім білер ертеңді?
Өлім айтпас,
Келсе қайтпас
Кісіге.
Бүгінгі күн
Бармын,
Жолдас еттің сен бөтенді.

Ғашықтық – қиын жол.


Жетсең – жеттің.
Жетпей өттің,
Не болды?
Арманда өмір
Өтті,
Ойлар ма екен бір мені сол?
Салдырап аяқ-қол,
Жетпей сертке,
Ішім дертке
Тез толды.
Ажал уақыты
Жетті,
Мен өлейін, сен сау-ақ бол.

Шын жүрек – бір жүрек,


Қайта толқып,
Жолдан қорқып
Айнымас,
Шегінісіп
Қайтпас,
Өлсе бір сөзбен, не керек?
Білесің, сен зерек,
Мен пәндеңе,
Болды деме,
Кел, қарас.
Ешкім сөгіс
Айтпас,
Рахым қылсаң, кел ертерек!

Шын ғашық мен саған!


Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм-мим деп
Бір сөз айтар
Хал жоқ,
Еріп кетер бой сол заман.
Ойынды сен маған
Бір бөлмедің,
Тез келмедің,
Мені іздеп.
Ішіңде ыстық
Қан жоқ,
Тас бауыр жар, бол қош аман!

Жар, сенің көңілің тоқ,


Ақ етіңді,
Нұр бетіңді
Меншікті
Қылмаған соң
Алла,
Өзі сорлы етсе, амал жоқ.
Сен аттың жөнсіз оқ,
Тәңірі – қазы
Тас таразы,
Тентекті
Сұрамас деп
Қалма,
Серт бұзғанның, біл, орны – шоқ.


V Өлеңді талдау:
Білектей арқасында өрген бұрым
3 4 4
Бі-лек-тей // ар-қа-сын-да // өр-ген бұ-рым, 11
3 4 5
Шол-пы-сы // сыл-дыр қа-ғып // жүр-се а-қы-рын. 12
4 3 4
Кәм-шат бө-рік, // ақ та-мақ, // қа-ра қас-ты, 11
4 4 4
Сұ-лу қыз-дың // кө-ріп пе ең // мұн-дай тү-рін? 12

Шумақ: 1
Тармақ: 6
Бунақ: 2
Буын: 11-12 буынды
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасты өлең.


VІ Үйге тапсырма:

  1. Өлеңдерді жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.



VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


Тексерілді:


Күні: 25.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» лирикалық өлеңі


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» лирикалық өлеңінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет