Тексерілді: Күні


Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі



бет39/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті.


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Өлеңдерді жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.



ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
«Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері
«Сен мені не етесің?..» – Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
Әрқайсысы 7 жолдан соң бір қайрылып отыратын 14 тармақты 6 шумақтан тұрады. Ақын ел арасындағы айтыс-тартыс сәл бәсеңдеп, ағайынның өсек-аяңы мен әлеуметтік-рулық дау-шарынан аз да болса белі босаған сәтте қолына қаламын алып, бір ауық өмір жолын, жастық шағын, сүйініші де, күйініші де көп, махаббатқа толы өткен күндерді ой елегінен еткізіп, сол ыстық-суығы тайталас келіп, жүрегін тебіренткен сезімдерін, лүпіл қаққан көңіл-күйін жыр жолдарына түсірген. Бұл Абайдың өлеңді өндіре жазған, әсіресе, махаббат жырларын шабыттана толғаған кезеңі. Тап осы 1889 жылдың өзінде ақын қаламынан «Ғашықтық құмарлық пен – ол екі жол...», «Сен мені не етесің?...», «Айттым сәлем, қалам қас...», «Қиыстырып мақтайсыз..», «Білектей арқасында өрген бұрым...», «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да...», «Қор болды жаным...» сияқты сүйіскен жастардың әнұраны, жар деп соққан жүректің жан айқайы дерлік, сезімге, сырға, үміт пен өкінішке толы тамаша жырлар жазды. Өлең осы топтағы шоқтығы биік, айтар ойында, көркемдік құрылымы да өзгеше, соны дүние. Бұл сүйген жарынан қапылыста адасып қалып, іш құса болған жанның қиналған, күйзелген сәттегі сан-саққа жүгіріп, мың құбылған көңіл-күйі. Ол серттен тайған сүйіктісін опасыз деп қанша кінәласа да, жамандыққа, біржолата қол үзуге қимайды.
Қанша қасірет шексе де «мен өлейін, сен сау-ақ бол» деп, шын сүйген асықтың айнымайтынын, шегінісіп қайтпайтынын білдіреді. «Сені керсем, ләм-мим деп бір сөз айтар халім жоқ» деп, бәрін махаббатына жеңдіріп, алдағы күнге үміт артады. Бұл сүйіктісінен айрылып қалса да, оны көңілінен өшіре алмайтын, қалаулысына өмір бақи сүйіп өтетін, антына берік адамның сөзі, жан қалауы.
Өлең мазмұны ғана емес, түр жағынан да өзгеше, қазақ поэзиясында бұрын-соңды кездеспеген, әзірге табыла қоймаған жаңа үлгіде жазылған. Бұл Абай әкелген жаңа поэзияның соны ұйқасы. Одан Шығыс классиктері –Науаи, Сағди, Фзули, Хафиз үлгісі ғана емес, Европа, орыс поэзиясының, әсіресе М.Ю.Лермонтов лирикасының әсері айқын байқалады. Бұл өлеңнің құрылымдық түрін Абайдан соңғы қазақ ақындары да онша үлгі етіп, жалғастырып әкете алған жоқ. Өлеңді Абайдың көңіл-күй лирикасының қатарына жатқызсақ та, «Айттым сәлем, қалам қас...» пен «Қиыстырып мақтайсыз...» деп аталатын шығармаларынан өзгеше, бұл ғашық жанның ғазелмен айтатын мұң-зары, эпистолярлық туындылардың қазақ топырағындағы озық үлгісі. Ақын өзінің құбылмалы, қобалжулы көңіл-күйін, айтпақ ойын дәл жеткізетін соны да шебер түр тапқан. Әр сөзіне ерекше мағына, салмақ салған Абай оны 14 жол сайын бір қайырып, керемет келісіммен үйлестірген. Ақын бұл өлеңінде тұңғыш рет әр жолдың буын, ырғақ өлшемдерін де өзгерткен: кейбір жолдар 4-5 сөзден құралса, белгілі бір заңдылықпен, 4-6-жолдарда бір сөзден-ақ келіп отырады.
Қазақ поэзиясында осындай жаңа түрді туғызған Абай сол тосын түрді қалың көпшіліктің қабылдау, халық ұғымына үйреншікті дүние етіп қалыптастыру жағын да ойластырған сияқты. Осы мақсатпен оған әдемі ән шығарып таратқан. Бұл туындының әні де Абай заманында айтылып жүрген ән-күй әуендерінен өзгеше. Ән қазақ музыкасына лайықталған арнайы
речитативтікі өрнекпен шығарылған. Өйткені бұл өлеңнің әр сөзі, мазмұны, жалпы оқиғасы мен сарыны тек речитативтің музыканы ғана талап етеді. Өлеңнің өне бойындағы үйішілік қақтығыс, екі адам арасындағы өкініш өкпеге толы мұң-зар, шығарманың құрылымдық түрі ауызекі әңгіме қалпын, ерекше екпінділікті аңғартады. Сөйтіп өлеңнің сөзі мен музыкасы ғажайып үйлесіммен бірін-бірі толықтырып, қас шебердің қолынан шыққан әсем де келісімді, көз де, көңіл де тоймайтын асыл дүниеге айналған. Өлең бірқатар текстол. өзгерістерге ұшыраған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1939 жылғы жинақта алғашқы шумақтың соңғы жолы «Өмір бойы қор өтесің» делінсе, қалған басылымдарда 1909 жылғы жинақ негізінде бұл жол «Өмір бойы қор етесің» түрінде алынған. Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасында 2-шумақтың 7-жолы «Сен үздің ғой менің желкемді» болса, Мүрсейіттің 1907, 1910 жылғы қолжазбаларында, барлық басылымдарда «Сен үздің ғой бұл желкемді» болып берілген. Ал Мүрсейіт қолжазбаларында туынды көлемі 48 жол болса, 1909 жылы Санкт- Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» деген жинақта 52 жол болып берілген. Бұл айырмашылық ақын мұрасын жинаушылардың Абай поэзиясына тән жаңашылдықты, оның өлең өрнегін кестелеудегі өзіндік ерекшеліктерін жете тани қоймағандықтарын аңғартады. Абай шығармаларын анықтап, жүйелеу жұмыстарына осы тұрғыдан қараған абайтанушы ғалымдар бұл өленді ақынның 1933 жылғы жинағында 84 жол етіп толықтырды. Өлең ағылшын, араб, белорус, орыс тілдеріне аударылған.
Абай «Сен мені не етесің» өлеңіне ән шығарған. Осы күнге дейін бұл әннің екі түрі ел ішіне кеңінен тараған. Әннің 1-түрін композитор Л.Хамиди 1935 ж. Ә.Ысқақовтан жазылып, нотаға түсірген. Ал 2-түрін 1984 ж. өнер зерттеуші Қ.Жүзбасов Абайдың туған немересі М.Мұхамеджановадан магнитофонға түсіріп, нота жазбасымен хаттаған. Бұл әннің тұңғыш орындаушылары Абайдың өз туған-туыстары мен достары болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет