ІV Өлеңді талдау:
4 3 4
Осы үш сүю // болады // имани гүл, а
3 5 4
Иманның // асылы үш деп // сен тәхқиқ біл. а
4 3 4
Ойлан дағы, // үшеуін // таратып бақ, б
4 3 4
Басты байла // жолына, // малың түгіл. а
1 шумақ, 3 бунақ, 11 буынды, қара өлең ұйқасты өлең.
V Сабақты бекіту:
Өлең қай жылы жазылған?
Өлең шумақтары неше буыннан тұрады?
Өлең қандай жинақта жарияланған?
Қандай тілдерге аударылған?
Өлеңнің айтар ойы, идеясы қандай?
VІ Үйге тапсырма:
«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі туралы түсінік.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 05.04.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |