«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» - Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ. Ақынның болашағынан үлкен үміт күткен сүйікті баласы Әбдірахман мен інісі Оспаннан айрылып, көңілін мұң басып, қайғы шеккен кезеңіндегі өмір мен өлім, табиғат пен адам хақындағы ойлы толғаныстарынан елес береді.
Өмірдің мән-мағынасын жете бағалап, опасы мен жалғанын әрқашан да ажыратып қараған Абай дүниеден өткен адамды біржолата өлдіге санайтын жаңсақ пікірді теріске шығарады. Абай Платон ілімінен арқау алған идеалистік философияның жаратылыс құбылыстарын жоғары қойып, адамды табиғатқа табынтпақ болған кертартпа тұжырымына қарсы. Ол абсолюттік идеялардан нақты дүниелерді ілгері қояды. Ақынның ұғымында «мен» әрі табиғат, әрі адам. Ол «өлсе өлер табиғат, адам өлмес» дегенде сол адамды өлтірмейтін «менікі» саналатын - істеген еңбегі дейді. «Мен» кісінің денесі де, «менікі» - атқарған ісі, ұстаған ойы, айтқан сөзі. Осы «менікі» мәңгілік. «Фәнидің» мінін көрмей қоймайтын, «бақилық» мұрасы. Абайдың бұл тұжырымы түптеп келгенде «Жақсының аты өлмес, ғалымның хаты өлмес» дейтін халық философиясымен үндес жатыр. Сонда ақын «адам өлмес» дегенде не айтпақ? Ол осынау байламды сөзі арқылы халықты табиғат құбылыстарынан жасқанбай, оларды мойынсынбай, қарсы күресуге, еңбек етуге, артына жұрт есінде тұтарлық іс қалдыруға шақырады. Фәнилық дүниеге бой алдырмасаң, терең ойдың соңына ерсең ғана иманың түгел деп түсіндіреді. Бұл жерде, сөз жоқ, ол өзі туралы айтып отыр. Бұл кезде «Абай аға» атанып, дуалы сөзі елге дауа, жұртқа жұбаныш болған ақын өзінің бүгінгі мен болашақты жалғастыратын ірі тұлға екенін жақсы білген. Өйткені оның өзі де «өлмейтұғын артына сөз қалдырған».
«Лай суға май бітпес қой өткенге» Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады, көлемі 28-жол. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадантуған бір алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады»
Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні. Тәңіріні тани алмай қор болатын шалалықты, мақсатсыз құр мүлгуді шенейді. Әрине, бұлай сынау - тәңіріне шек келтіру емес. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей тұрып, тәңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды, саналы болуы керектігін айтады. Өлең - осындай қарама-қайшы пікірге толы, драмалық қуаты күшті туынды. 11 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген.
Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақтажарияланды. Өлеңнің кейбір басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер бар. Мүрсейіт қолжазбаларында 4-шумақтың 4-жолы «Талапты тағы да ойлап зор қылады» деп жазылса, 1909, 1939, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Талпынып тағы да ойлап зор қылады» болып басылған. Ал 1933, 1939 жылғы жинақтарда 7-шумақтың 1-жолы «Өмір жолы - тар соқпақ, бір иілген жақ» түрінде берілсе, 1909, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Өмір жолы тар соқпақ, бір иген жақ» - деп өзгертілген. Өлең өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ тілдеріне аударылған.
Ал, Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялықұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...
Абайдайұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдыңағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз... Бес нәрседен қашық бол...,— Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.