Тексерілді: Күні



бет1/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж


Тексерілді:
Күні: 07.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып


Cабақтың тақырыбы: Абайтану курсы туралы түсінік


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


Абайтану арнаулы курсы
Түсінік хат
Мәдениеті жетіліп, ғылымы өрістеген қай халықты алсақ та, архив деректерін көзінің қарашығындай сақтап, тарихи шындықтар көзін аршып отыратын игі дәстүр бар. Осы санатқа қазақ халқы да иек артты.
Абай Құнанбаевтың шығармашылық жолын тану процесі қазіргі қазақ әдебиетінің ілгері де өнімді саласына айналғаны хақ. Оған себеп поэзия пайғамбарының ұланғайыр әдеби мұрасы ұлтымыздың рухани әлеміндегі қайталанбас ғажайып құбылыс болуында жатыр.
А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы турасында қалам тербеп, ой толғаған қалам иелерінің саны молығу үстінде. Абай мұрасы жыл сайын әр қырынан зерттеліп, абайтану тарихының беттеріне тізіліп жатыр. Әйтсе де ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде танып бағалау жұмысы көбінесе мерейтойлар тұстарында қарқындай өрістесе де, қалған уақыттарда үзіліп қап жататыны – бүкпесіз шындық. Бұған қарап, «Қазақтың бас ақынының» есімі мен еңбегі ел жадында көмескіленді дей алмаймыз. Мұхтар Әуезов негізін салып кеткен қазақ әдебиетінің іргелі саласы абайтану барында ұлы ғұлама қазынасы ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек. Осы бастаманы біз де мектеп оқушыларына «Абайтану» курсын оқыту арқылы жалғастыруды жөн деп тауып, арнайы басты тақырыптарды қамтып, бағдарламасын жасадық. «Абайтану» курсының мақсаты – ақынның өсиет-өнегеге, ақыл-білімге, пайым-парасатқа тұнған баға жетпес байлығы арқылы саналы, өрелі ұл-қызды, өмірі мен өлеңдері туралы жетік білетін абайтанушыларды, Абай мұрасының білгірлерін қалыптастыру.
Міндеттері: 
• Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
• Абайтанушы ғалымдар, Абай мұрасын тірнектеп зерттеушілер еңбегімен таныстыру,
• Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;
• Сан қырлы талант табиғатын ашу;
Күтілетін нәтиже: сан қырлы ғажайып ақынның, ой данасының мұраларын оқып-үйренген, саналы ой түйе білген, өлеңді мәнерлеп оқи алатын және көркем шығармадан ләззат ала білетін шығармашыл тұлғалардың шығуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет