Тексерілді:
Күні: 28.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз бірінші қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қарасөзінің мазмұнын меңгерту;
2. Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау.
Сабақтың көрнекілігі көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, «Қара сөздер» жинағы.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
6. Сыныпты топқа бөлу.
Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат» тобы деп екіге бөлеміз.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Абайдың отыз бесінші қарасөзі туралы түсінік.
Реферат жазу.
Өткен сабақты сұрақтар қою арқылы қорытындылаймын.
Абайдың дінге деген көзқарасы қандай болды?
Абайдың дінге деген көзқарасын бағалап, тұжырым жасаушылар қандай пікірде болды?
Абай қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын қандай еңбегінде талдайды?
Абайдың Алла туралы ұғымы қандай болды?
Отыз бесінші қарасөзінде не туралы айтады?
Достарыңызбен бөлісу: |