Тексерілді: Күні



бет9/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

Отыз бірінші қарасөзі
Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірек көзі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибрәтләну керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек: төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратуғын нәрселер.


ІV Сұрақ - жауап:
- Қане, кім айтады, «Отыз бірінші» қарасөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?
- Есте сақтаудың, ұмытпаудың 4 түрлі себебі қандай?
1. – сену керек;
2. – үлгі алу керек;
3. – бірнеше рет қайталап отыру керек;
4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;
Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, қызығу (құмарлану).


V Сөздікпен жұмыс: (дәптерге, тақтаға жазу)
Ғибратләну (араб) – үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз».
Уайымсыздық – еш нәрсеге алаңдамаушылық.
Салғырттық – әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.

Топпен жұмыс: әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады.

1-топ: «Отыз бірінші» сөз.
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
2-топ: - төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет