Тексерілді: Күні


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру



бет5/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Абайдың отыз бесінші қарасөзі
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Абайдың қарасөздері, отыз бесінші қарасөзі жайлы түсіндіремін. Абайдың бұл қарасөзі 1896 жыл жазылған.
Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы – ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте шаманизмдік түйсіктер мен түсініктер басым болды. Қос дінділік қазақ халқының сол кезеңдегі наным-сенімі мен дүниетанымынан айқын байқалады. Шаманизмдегі негізгі категория – «Тәңірі», исламдағы – «Алла» қазаққа тән ұғымдар. Шаманизмде тәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы «жын» болса, исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы «періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті өміріңде шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі – жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде – өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын қожалар болды. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды.
Абайдың дін мәселелері – құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.
Абайдың ұғымынша құдай біріншіден жаратушы, табиғаттан тыс күш,
«...жақсылық, жамандықты жаратқан – құдай, ләкин қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан – құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес...».
"...Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың?!..."
Екіншіден, құдай – жазалаушы күш, адамгершілік заңымен өмір сүрмегендерді құдай атады, ант ұрады. Абайдың түсінігінде құдай жауыз, сұм, екіжүзді, арамтамақ адамдарды жазалаушы. Отыз бесінші сөзінде ол құдайды құлқынның құлы болған, халыққа зәбір көрсеткен, екіжүзді қажылар мен молдалардың «адамның сайтаны - монтаны сопылар» мен мейірімсіз мырзасымақтардың мақшарға барғанда зауалын тарттырушы ретінде суреттейді. Абай құдайды залымдардың жазалаушысы деп түсіндіріп, қарапайым деистік бағыт ұстағанымен, өмір сүрген заман тұрғысынан қарағанда дін иелеріне, оны дұрыс ұстай алмай отырғандарға сын көзбен қарағаны анық. Үшіншіден, құдай – махаббат пен әділдіктің ерекше көрінісі, адамды адалдыққа бастайтын қамқор да жебеуші күш. Мұнда Абай Алланы дәріптеуді емес, құдайдың жақсы қасиеттерін адамның бойына сіңіруді мақсат етеді. Сондықтан да «құдай» деген ұғымды адам бойындағы асыл қасиеттер – адамгершілік, әділеттілік, шыңдық, тәрбие, махаббат сияқты мораль мәселелерімен байланыстырады, дінді адамгершілікке бағындырмақ болады:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті...»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет