Сөздік:
Ермен – биік жусан.
Уирд – әдет, машық деген мағынада (арапша).
ІV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.
«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі қай жылы жазылған?
Өлеңде не туралы айтылады?
Өлеңнің құрылысы қандай?
Алғаш қай жылы, қай жинақта жарияланды?
Қандай тілдерге аударылған?
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VI Үйге тапсырма беру:
«Көлеңке басын ұзартып» өлеңін жатқа айту.
Құрылысына қарай талдау.
Тексерілді:
Күні: 08.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз жетінші қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдарымен, отыз жетінші қара сөзімен таныстыру, ой-өрістерін кеңейту, рухани-жан дүниелерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау, салыстыру, бағалау дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілік: Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.
Көрнекілік: Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы, «қара сөздері», Абай энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |