Тексерілді:
Күні: 29.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекіліктер: Абайдың өлеңдер жинағы, ақынның портреті, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:
«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңін жатқа айту.
Құрылысына қарай талдау.
Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңі қай жылы жазылған?
Шығармаларындағы басты өзекті тақырып қандай?
Абай бұл өлеңінде би-болыстардың қандай мінездеріне жиіркенішпен қарайды?
Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе деп біледі. Ол не?
Өлең қай жылы, қай қалада, қандай жинақта жарияланды?
Қандай тілдерге аударылған?
Достарыңызбен бөлісу: |