Жүргізуші Әнмен маржан өретін
Өнерін халқым көретін,
Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды жұбымыз:
Жүргізуші Рахмет! Көрермендер ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсетіп отырайық. Ал, келесі жұбымыз «Екі жұлдыз» деп көптен егіліп жүрген, өнердің қиыны мен қисынын көріп жүрген келесі жұбымыз:
Жүргізуші Бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Қазылар алқасының бір ауыз сөзін тыңдайық. (Қазылар алқасы өз пікірлерін айтады)
Жүргізуші Қазылар алқасы, пікірлеріңізге үлкен рахмет! Сіздердің сөздеріңіз жұптарға күш береді деп үміттеміз.
Жүргізуші Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды кезекпен ортаға шақыру.