Терме: Аралым-айдын шалқарым. Орындайтын: _____________ Би: Бипыл. Орындайтындар «_________» бишілер тобы Слайд. Бөлім “Қолөнер – мол өнер” 1 — жүргізуші: Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.
Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.
Оқушы: __________ Көрші әжей өнерлі!
Барып тұрам күнде мен
Құрмет тұтып шеберді!
Ою — өрнек үйренем.
Өнерлі ата-анамызға сөз кезегін береміз. Мектептегі «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшілерін де бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға шақырған едік. Сөз кезегі өздеріңізде.
Көрмелерімен таныстырады.
Слайд. Сұхбат. Қобыз-ұлттық аспапты бірі. Олай болса арамызға ұлттық аспап қобызбен _______________ шақырамыз. “Мақал құрастыру” ойыны
Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)
Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)
Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)
III. Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”
Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.
Тәлімгер: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.
1 — оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.
2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.
3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.
4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.