Тәлімгерлік үдерісін эвалюациялау инструментін ұсынып отырмын



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,85 Mb.
#26760
1   2   3



Тәлімгерлік үдерісін эвалюациялаудың салыстырмалы кестесі

Тәлім алуышының аты-жөні

Тәлім алушының қажеттілігі

Табыс критериилері

Дәлелі

НЕ?

Дәлелі

Кім? Қашан?

Әліп Күлзейнет

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жоғары санат


1.Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру, 2.Формативті бағалау ерекшелігін меңгерту

3.Сабақ барысында бағдарлама аясында 7 модульді ықпалдастыру

4.Кәсіби қоғамдастық жұмыстына тарту


1.Сабақ беретін сыныптарында оқушылардың қызығушылығы артады. 2.Оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындауға ықпал жасайды.

3.Бағдарлама идеясы жүзеге асады.



4.Өз іс-тәжірибесіне кері байланыс беруді үйренеді

1.Постерлер

2.Рефлексивті жазба парақтары



3.ОМЖ, ҚМЖ

1.Тәлім алушы топ мүшелері

2.Фотосурет



3.Тәлім алушы



Жиналған ақпараттарды саралануы

1

Тәлім алушы сабақ барысында дұрыс сұрақтар қойып, оқушылардан жауабын ала алады.

2

Тәлім алушы сабақтарында топтық жұмысты жүргізе алады

3

Бағдарлама аясында кері байланыс бере алады

4

Формативті бағалауды қолдана алады және табыс критерилерін құра алады

5

Кәсіби қоғамдастықта өзара әріптестерімен жұмыс жасауда қолайлы ортаны қалыптастыра алады

Коучингтердің салыстырмалы кестелерін ұсынылады

Коучинг тақырыбы

Табыс критериилері

Дәлелі (Не?)

Дәлелі (Кім?)

Дәлелі (Қашан?)

Топтық жұмыстардағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану

Жұптық және топтық жұмыстар арқылы жаңа әдістерді қолдану маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады

Постер 10

Ұжым мүшелері

11.09.14ж

Тәжірибелеріне қолдануға бағыт- бағдар алады


Кері байланыс парақтары, стикерлері

фото сурет-27

11:00

Мұғалімдер арасында кәсіби пікіралмасулар мен биресми әңгіме сұхбаттар жүзеге асады

Бейнежазбалар фотосуреттер , кері байланыс парақтары

фотосуреттер

бейсенбі

Сәтті

Сәтсіз

Шешу жолдары

1.Бағдарлама идеясымен ұжым мүшелерінің таныс болуы

2.Коучингтен кейін сабақтардың берілуі

3.Жаңа әдістер туралы толық түсінік пайда болуы, сабақ жоспарларына кіріктіруі


1.Мұғалімдердің сабақтарға ену уақыт таппауы /сабақ кестесі сай келмеуі/

2.Сабақ жоспарындағы әдістердің сабақ барысында толыққанды ашылмауы, оқушыларда дағды қалыптаспағандығы



1.Коучингтер мен тәлімгерлік үдеріс ке мүмкіндігінше ұжым мүшелерін қамтуға тырысу

2.Өзгеріс енгізу сыныптарын белгіленіп, тәжірибе алмасу алаңын жұмысын жүргізу

3.Барлық сыныптарда топтық жұмыстарды жүргізу




Коучинг тақырыбы

Табыс критериилері

Дәлелі (Не?)

Дәлелі (Кім?)

Дәлелі (Қашан?)

Диалогтық оқыту түрлері

Мұғалімдер топтық жұмыстар арқылы диалогтық оқыту ерекшеліктерін қолдану маңыздылығын түсініп, өз тәжірибелерінде қолдануды үйренеді

Постер 8

Ұжым мүшелері

3.10.14ж

Бөлінген көшбасшылық идеясы жүзеге асады

Фотосуреттер, стикерлері

фото сурет-27

11:00

Мұғалімдер арасында кәсіби пікіралмасулар мен биресми әңгіме сұхбаттар жүзеге асады

Фотосуреттер , кері байланыс парақтары,

Фотосуреттер бейнеролик-2

жұма

Сәтті

Сәтсіз

Шешу жолдары

1.Бағдарлама идеясымен ұжым мүшелерінің таныс болуы

2.Коучингтен кейін сабақтардың берілуі

3.Жаңа әдіс-тәсілдерді, сұрақ қою стратегияларын қолдану туралы түсінік пайда болуы, сабақ жоспарларына кіріктіруі

4.Оқушылардың қызығушылығының артуы



1.Мұғалімдердің сабақтарға ену уақыт тапшылығы /сабақ кестесі сай келмеуі/

2.Сабақ жоспарындағы әдістердің сабақ барысында толыққанды ашылмауы,



1.Коучингтер мен тәлімгерлік үдеріс ке мүмкіндігінше ұжымда бағдарлама идеяларын іске асыруға тарту

2.Өзгеріс енгізу сыныптарында сабақтар өткізу, өзара тәжірибе алмасу

3.Барлық сыныптарда топтық жұмыстарды жүргізу арқылы көшбасшылықты жүзеге асыру





Тәлімгерлік үдеріс тақырыбы

Табыс

критерийлері

Қатысқан адам саны

Тәлімгерлік үдерістен кейінгі сабақ саны

Эвалюация инструменті

Артықшы-

лығы

Кемшілігі

1.

Топтық жұмыс тиімділігі

Топтық жұмыстың тиімділігін түсінеді , сабақта қолдануға бағыт бағдар алады. Болжайды. Кері байланыс бере алады

6

2

Слайд, бейнежазба, постер ,

фотосурет,

рефлексивті күнделік, сабақ жоспарлары.


Топтық жұмыс жасату

Топтық жұмысты іске асыруда шашыраңқылық

2.

Топтық жұмыстардағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану

Топтық жұмыстар арқылы жаңа әдістер туралы түсінік қалыптасады, тәжірибелеріне қолдануға бағыт- бағдар алады, сыни ойлау дамиды.

6

2

Бейнежазба, постер,

фотосурет, бейнетаспа,

рефлексивті күнделік, сабақ жоспарлары.


Сабақ жоспар-

лары, кері байланыс парақтары.



Топтық жұмысты іске асырғанда топ мүшелерінің ролдерінің анық болмауы, уақытты тиімді пайдалана алмауы

3.

Диалогтық оқыту түрлері

Жеке және топтық жұмыстар арқылы жаңа әдістер туралы түсінік қалыптасады.

Сабақта қолданады.

Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мен қарым-қатынас деңгейі артады


6

2

Слайд, бейнежазба,

фотосурет,

рефлексивті күнделік, сабақ жоспарлары


Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушылар арасында сұрақ қоюда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану

жүзеге асырылатын болады



Оқушылардың өзара сұрақ-жауап құруы мен өзара тең ортада пікірлесу белсенділігінің төмендігі

4.

Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар құруды үйрету

Тарау бойынша тақырыптарға орта

мерзімді жоспар құра біледі




6

3

ОМЖ,

ҚМЖ



Сабақ жоспар-

лары, кері байланыс парақтары



Бағдарламадағы 7 модул ықпалдасты-

ғының барлық сабақтарда сақталмауы.




5.

Lesson Study тәсілін оқып үйрену,

жақсарту жолдары туралы тәжірибе алмасу.



Lesson Study-сабақтағы оқушыларды,

Мұғалімдерді алға жетілдіретін әдіс екенін біледі.




6

3

Слайд, бейнежазба, постер ,

фотосурет, бейнетаспа,

рефлексивті күнделік, сабақ жоспарлары.


Тізбектелген сабақтар өткізу және зерттеу әдістерін үйренеді.

Мұғалімдерде толығымен бақылау мен зерттеу және оқушының сабақ барысында сыни ойлау дағдыларының төмендігі

Lesson Study – білім беру саласындағы мұғалім тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.Енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін Lesson Study зерттеу сабақтарынын «Сенім» тобының мүшесі, тәлім алушымның «Алау-2» оқыту тобының отырысын өткізуден басталып, зерттеуге кірісіп кеттік.Бақылауға алынған сыныптың оқушыларына талдау жасай отырып, сабақ үлгерімі жоғары, орта, төмен оқушыларды алып,сабақ жоспарланып, сабақты өтуші мұғалім мен оқушыларды бақылаушы мұғалімдер белгіленіп, жұмыстар жүргізілді. 6 «Г» сыныбындағы Ежелгі Қазақстан тарихы сабағындағы Lesson Study бойынша зерттеу сабақтарын жүргізе отырып, мен мектептегі жинақталған жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып мынадай тұжырымдама жасадым:

1.Өзгеріс енгізу бағытында сындарлы оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін, соның ішінде топтық оқытуда жүйелі жүргізу арқылы оқушылардың оқу белсенділігінің артуына әкелетіні анықталды.

2. Lessоn Study зерттеу сабақтары арқылы мұғалім өз тәжірибесін өзгертуге , дамуын бақылауға , кері байланыс жүргізуде маңыздылығы анықталды.

3.Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы арқылы, Lessоn Study бойынша зерттеу тобында мұғалімдердің ынтымақтаса, сенімділік арқылы , нақты іс- әрекеттерді орындауда белсенділікпен бірлескен жұмыс дағдыларының қалыптасатыны анықталды.

4.Зерттеу барысында шығармашыл топ мүшелері өзара ынтымақтастығын дамытып қана қоймай, туындаған кедергілерді шешу жолында жан-жақты ақпарат алмасу мен жаңа тың ойлардың туындатудың , осы мәселе бойынша өзге тәжірибелермен бөлісу анықталды.Осы орайда мен мектептегі сабақ сапасының артуы арқасынды мектеп оқушыларының білім көрсеткіштеріндегі оң өзгерістердің нәтижесі іспеттес.

Осы 6 «Г» сыныбындағы тізбектелген сабақтар барысында «Сенім» дамытушы тобы мүшелері арасында жоспарлауда өзара еркін бірлесе жоспарын құруы, өзара ақылдасуы бір қадам десек, сабақта оқушыны топқа бөлу, топқа бөлуде мағынаны ашу, оқушыны өз пікірін айтқызу, дәлел келтіруге жетелеу,тек қана оқулықпен емес , сыни ойлауға тапсырмалар беру,шығармашылыққа баулуға тапсырмалар ұйымдастыру, өзін-өзара бағалау, кері байланысты көбіне стикердегі диалог арқылы іске асыру қалыпты күнделікті сабақ барысына айналғаны байқалып отыр. Қазіргі таңда, осы 6 «Г» сынып оқушыларынан зерттеушілерге нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізуде еркін әңгімелесуі мұғалімдердің жетістігі деп білемін. Оқушылармен пікірлесу басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін   күрделі үдеріс болып табылады.  Оқушылармен әңгімелесу барысында алалаусыз қарау қағидасын сақтау маңызды, барлық оқушылар әсіресе, «үндемейтін» және «дараланған» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.   Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуді шынайы, оқу мен оқытуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтарды қамтиды деп есептеуі маңызды.Сабақта топтағы талқылауды ұйымдастыруда кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрудың қажеттігін, топтарды жүйелі бөлуді ескеріледі екен. Осы бақылау нәтижелерім бойынша топта оқыту тәсілдерін қолдануда мұғалімдердің жұмысынан келесі қорытынды шығардым:

  1. Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармағаны.

2. Көзбен көретін айғақтардың тиімді пайдалану.

3.Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлінуі

4.Әріптестермен пікір алмасу кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдетіндігі

5.Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері міндетті түрде ескерілгені

6.Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірден мысалдар келтіру олардың үлкен қызығушылығын тудыратындығы

7.Оқушылардың қателесу қорқынышынан арылту үшін, алдымен мұғалімнің өзі қателесуден қорықпауы қажет болған қателіктерді дер кезінде еркін аспай –саспай сабақ барысында түзетілуі

8.Оқушыларды білім беру объектісі ролінен серіктес роліне жоғарылату олардың тұлға ретіндегі сенімділіктерін арттырады. Сондықтан оқушыларға сенім артудан тартынбайтындығы анықталып отыр. Алдағы уақытта МДЖ-2 сай LS бойынша зерттеуімізді әрі қарай жасауымыз қажет. Жалпы LS жүргізілетін сыныпта бір емес, бірнеше пән мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып жұмыс жасаса, сыныптағы нәтиже сәйкесінше жоғары болатыны сөзсіз. Тәжірибе барысында рефлексивтік кезеңде мұғалімдерден осы тәжірибедегі негізгі құндылықтар туралы рефлексивтік есеп алу арқылы жүргізілді. Мен осы кезеңнен тәлім алушымның /Ж.Г/ рефлексивтік есебін қорыта отырып мысал келтіргім келеді. Ол тәжірибе кезінде бақылауға алынған оқушының іс-әрекеті туралы былай деген: «Оқушыны, мұғалімнің жүргізген әдісі туралы Lessоn study зерттеу әдісі өте тиімді. Өйткені үлгермеуші оқушыны сабаққа тарту, онымен тек сабақ соңында қалып жұмыс жүргізетін еді, енді осы зерттеу әдісі бойынша мен алдағы жоспарыма топ мұғалімдерімен бірлесе отырып жоспар құрып, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруы мен белсенділікке тарту, топ ішінде құрбы-құрдастар ортасында еркін сезіну оның оқу үлгерімінің алға жылжуына , басқа оқушылармен бірлесе отырып сабақ айтуына мүмкіндік беріледі » деп көрсетті.

«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану » бойынша өткізілген сабақтар оқушылар үшін үлкен жаңалық , өзгеріс әкелді. Оқушыларды алғашқы сабақ нәтижелеріне қарағанда кейінгі сабақтардың жүйеге түсті , топ басшылары топ мүшелерін сабақ барысында бағалаған кезінде де қиналмай формативті бағалайтын болды, топқа бөліну, топта жұмыс жасау сияқты тапсырмаларды орындауда өзара талқылау мен пікірлерін еркін айтуға үйренгені сабақтар барысында байқалды.Топқа бөлінген кезде көшбасшыларды да байқадым. Олар топты басқару ісін өз мойнына алғылары келіп, таласып, әсіресе топ мүшелерін бағалауға келгенде жауапкершілікпен бағалауға тырысты. Осы орайда зерттеуші топ мүшелерінің 2 сабақтан кейін,А.Э-ға сабақ басында топты бағалауда топ басшылары мен топ мүшелеріне табыс критериилерін толық айтып кетуін ұсынды. Яғни, зерттеуші топ оқушылардың бағалаудағы , табыс критериилерін алдыңғы сабақтарда толық айтылып, соған сәйкес бағалануын айтпауы, топ басшысының жоғары бағалауына әкелді деп ұйғарылды. Үлгерімі төмен оқушы сабақта көңілді отырды. Сабақта топтық жұмысқа араласып, жазуға тырысты. Топ болып постер қорғауда ортаға шықты.Қарапайым сұрақтарға жауап іздеп, жауап беруге тырысты.Өзінің тұйықтығынан арыла бастап, топ мүшелерімен араласа бастады» деген Ж.Г. Тізбектелген сабақтың 4 –ші сабағында «Өзін - өзі бағалау кезінде де оқушылар мұгалім ұсынған критерилерге сәйкес өз жұмыстарына нақты баға беріп отырды. Жаңа тәсілге бейімделе бастағандықтан оқушылар сабақта өздерінің тарихи оқиғаларды салыстырулар, талдаулар арқылы сыни пікірлерін ашық білдіріп, өз ойларын қорғап, ынтамақтаса біріге жұмыс жасап отырды. Қ.А сабақтар барысында мұғалімнің іс-әрекетін зерттей отырып «Мұғалім сынып оқушыларын топқа бөлген кезінде көшбасшылардың бір топқа жиналып қалмауын ескерді. Үлгермеуші оқушыларға сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар беріп отырды. Мұғалім мұндай оқушыларды әр сабақта мадақтап, отырғандықтан үлгермеуші оқушының бойында оқуға деген ынта оянып, ол да топтық жұмысқа араласып отырды. Олармен топтық жұмыс жүргізу арқылы, баланың бойындағы өзіне сенімділігін оятты , өз пікірін айтуына бағыт беріп отырды. Сабақ барысында А.Э сұрақтарды дұрыс қоя білді, оқушыларды ойлануға жетеледі» деп өз пікірін білдірді. Дамытушы топ мүшелерінде зерттеуші мұғалімнің зерттеу қасиеттерін дамыта алды. Топ мүшелері өзара сабақты жоспарлау, оны іске асырудағы қандай қиындықтар туындады, оны қалай жеңді. Өтілген сабақтың табыс критерилеріне сай нәтижесін талдауды, сабақты бақылай отырып, туындаған сұрақтарын, сабақтан кейін ортаға салып сұрақтарға жауаптарды бірлесе іздеуде өзара ынтымақтастықта әрекет етуді үйренді. Мұғалімдер «Lessоn study» сабақтарын ұйымдастыру барысында сабақта уақыттан дұрыс тиімді пайдалану, оқушыларға өз бетінше ізденіс жасауға мүмкіндік беру, сабақ барысында формативті бағалау тәсілімен ұйымдастыруды , кері байланыс алуды жүйелі жүргізе бастады.



Каталог: uploads -> doc -> 0aef
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aef -> Сабақтың тақырыбы: Базарда Сабақтың мақсаты
0aef -> Сабақтың аты С. Мәуленов «Менің Республикам»
0aef -> Сабақ. «Ертегілер еліндегі шалқан» Білім беру саласы : «Әлеуметтік орта» Оқу қызметі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»
0aef -> 5 І. Блог деген не? Блоггер деген кім?
0aef -> Химия сабағынан сегізінші сыныпқа арналған тест
0aef -> Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет