Тәлімгерлік ету –әрбір ұстаздың міндетті



Дата27.12.2016
өлшемі103,05 Kb.
#5689


Тәлімгерлік ету –әрбір ұстаздың міндетті

Джилкибаева Рафия Бостановна

Шымкент қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткеркерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Аннотация.

Даму қағидатына негізделген бұл жұмыста: түйінді дағдыларды (белсенді тыңдай білу, тәжірибені жетілдіру үшін күрделі сұрақтар қоя білу) дамыту; тәлім алушының проблемалардың шешуін өзі табуына көмектесу қарастырылған. Алған теориялық тәжірибелік білімін өз тәжірибесіне енгіздіру, кәсіби дамуда кездескен қиыншылықтарды өз бетімен шешу жолдары көрсетілген. Тәлімгерлік барысында мұғалімнің жаңашылдыққа бетбұрыс алғанын, оның алдағы уақытта жаңа бағдарламаны игеруіне зор мүмкіндік бола алатыны аталып өткен. Тәлімгер ретінде тәлім алушыға нақты проблеманы белгілеуге көмектесіп, оның жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға, болашақта тәлім алушымен жүргізілетін жұмысында өзгертулер енгізуді қарастырған.

Білімінің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайтындығы, оған тәлімгерлік ету арқылы жаңа дағдыларды ұсынып отыру қажеттігі тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөлісетіндігі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздестіретіні жайлы «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» анық та, айқын жазылған. Әріптестеріммен кәсіби бағытта қарым-қатынас жасау, тәлімгерлік ету әрбір мұғалімнің басты ұстанымы. Мектептегі тәжірибе кезінде қазіргі кезеңдегі заманауи оқыту үдерісіндегі жаңалықпен алмасу, алдыма мақсат қою мен күтілетін нәтижеге қол жеткізу болды. Осы тұрғыдан келгенде, барлық мұғалімдерге тәлімгерлік ету қажет деген пікір туатыны шындық. «Мұғалім өзі оқып жүргенде ғана мұғалім бола алады» деген қанатты сөзді басшылыққа алып, тәлімгерлік ету үдерісіме қатысуға ниет білдіргендер болды. Солардың ішінен менің таңдауым екі мұғалімге түсті. Тәлім алушымен екеуміздің арамызда бұрыннан да бар ортақтастық, шынайылық, адалдық және сенімділік сияқты түйінді қасиеттер тәлімгерлік үдерісінде көп көмегін тигізді.



Даму қағидатына негізделген бұл жұмыста алға қойған мақсатым: түйінді дағдыларды (белсенді тыңдай білу, тәжірибені жетілдіру үшін күрделі сұрақтар қоя білу) дамыту; тәлім алушымның проблемалардың шешуін өзі табуына көмектесу.

Күтілетін нәтиже: алған теориялық тәжірибелік білімін өз тәжірибесіне енгізеді, кәсіби дамуда кездескен қиыншылықтарды өз бетімен шешуге үйренеді.

Тәлім алушымның нақты қандай қажеттілігі бар екенін анықтау үшін оның бір сабағына қатысу жөнінде шешім қабылданды. «Функцияның графиктерін түрлендіру» тақырыбында өткізілді. Сабақты бақылау барысында назарымды мұғалімге емес, оқушыларға аударылды. Өйткені, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екенін, сол арқылы тәлім алушымның тәжірибесін жақсартуға қандай кедергілер бар екенін анықтау керек болды. Сабақты бақылау үшін кесте жасап, сабақ үстінде толтырылды:





Қойылатын талаптар


Өткен сабағына сипаттама жасау (Комментарийлер)

1

Сыныптағы психологиялық ахуалы

Жаман емес, бірақ жетілдіруді қажет етеді.

2

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы

Төмендеу, кейбір оқушылар мүлдем сабақтан тыс отыр.

3

Оқушылардың белсенділігі


Жартылай, тек жақсы оқитын оқушыларда белсенділік бар.

4

Бірлесе жұмыс жасауы

Бірлесіп жұмыс жасауда барлығы толық қатысып отырмады.

5

Сұрақтар мен тапсырмаларды қолдануы


Көбіне жабық сұрақтар қолданылды, тапсырмалар бір деңгейде.

6

Сабақтың барысы

Сабақ барысы жақсы өтті, жүйелілік бар.

7

Мұғалімнің қолданылған әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, баяндау, есептер шығарту.

8

Бағалау тәсілдерін қолдануы

Топты бағаламады, тек жеке оқушыларды бағалады

Сабақ нәтижелігі туралы жалпы пікір: Оқушылардың басым көпшілігі тақырыпты меңгергенімен, жекелеген оқушылардың сабаққа қатыспай қалуы, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасалмауы, топтағы жұмыстың бағаланбауы, қызығушылықтың төмендігі, тағы да басқа кемшіліктер бар. Тәлім алушы мен бірге сабақ жөніндегі бейнежазбаны қарай отырып, талқылау жүргіздік, әңгімелесу арқылы тәлім алушымның қажеттіліктерін анықтадық, олар:



  • Сабақты жаңаша жоспарлау;

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» модуліндегі стратегияларды қолдану;

  • Сын тұрғысынан ойлауды ынталандыратын тапсырмалар беру;

  • Ашық сұрақтарды көбірек қолдануға бағыттау;

  • Бағалау тәсілдерін меңгеру;

Екеуміз математика пәнінде бойынша ортақ проблема: оқушылардың пәнге деген қызығушылығының төмендігі; оқушыларға сұрақ қою дағдысын қалыптастыру (тиімді сұрақ, ұтымды жауап); ашық сұрақтарға жауап беруге қиналатындығын талқыладық.

Қажеттіліктерді анықтап алған соң, мен тәлім алушымды жеті модуль негізінде құрылған деңгейлік бағдарламаның жаңа идеяларымен таныстырдым және оқыту тәжірибесіне өзгерістер енгізу ұсынылды. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңінде жүргізетін сабақтар топтамасына және мұғалімдермен өткізілетін екі коучингіме қатысуға ұсыныс жасалды. Берген материалдармен танысып шыққан соң, келесі өтетін сабағын бірге жоспарладық. 7 сыныпқа «Шеңбер ұзындығының оның диаметрге қатынасы» тақырыбында өтетін болып шешілді. Алдымен сабақты жоспарлаған кезде алдымызға жалпылама емес, нақты, яғни мақсаттар қою. Тәлім алушы өз сабақ жоспарын төмендегідей жазып көрсетті.

Сабақтың мақсаты: Шеңбер ұзындығының оның диаметрге қатынасы тұрақты сан екенін анықтау. саны.

Күтілетін нәтижелер: Шеңбер ұзындығының оның диаметрге қатынасы тұрақты сан екенін біледі; Берілген радиус (диаметр) бойынша шеңбер ұзындығын және керісінше берілген оның ұзындығы бойынша оның радиусын (диаметрін) есептейді.

Мұғалімге арналған нұсқаулықтан оқыған соң «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модуліндегі статегиялардың қайсысы ұнады деп сұрағанымда, Бенжамин Блумның басқаруымен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясының ойлау деңгейлерін және Александердің [2001, 2008] диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуын атап өтті. Бірінші сабағымызды жоспарлау барысында Блум таксономиясының ойлау деңгейлерінің алты қадамын қолдануға ұсыныс жасалды.

Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысуы үшін, олар өздері тақырыпты ашып, тақырыпты талдауын, жинақтауын, зерттеуін, өз алдына мақсат қою, алынған нәтижелерді қадағалауын, тәуекелге баруы керек екендігін ескеріп, сабақ процесінде оқушылар негізгі тұлға, мұғалім тек бағыттаушы рөлінде болуына баса назар аудардық. «Сабақты бірінші қалай бастауға болады?» деген сұрағына мен «Өзіңіз не істер едіңіз?» деп өзіне қарсы ойлануына себеп болатындай ұсыныс тасталды. «Оқушылардың психологиялық жағымды ахуалын туғызу үшін мультфильм көрсетсем болама?» деген сұрағы маған жағымды әсер қалдырды. Блум таксономиясының зеттеу бөлімін қолданып тақырыпты ашуға болатынын анықтап, жоспарды талдау, анықтау, зерттеу бөлімінен бастадық. Әсіресе, жаңа тақырыпты оқушылар өздері жолын қарастырып, санын табуда зерттеу жұмысын жүргізуді жоспарға енгіздік. Тәлім алушым АКТ-ны қолдануда Презимен прензентатция жасауды, ағылшын тіліндегі материалдарды көбірек қолданды. Ағылшын тіліндегі көптеген тaпcырмaлaр мен Презимен жасалған презентатция оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Сабақты бақылау барысын осы бөлімдер бойынша жүргізгенде, сабақ жүрісі төменде көрсетілгендей өткізілді және мынадай түйіндер жасалды: Мұғалім рөлі бұл сабақта тек бағыттаушы рөлінде көрінді. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін берілген тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятты. Тапсырмада оқушылар әр түрлі заттардағы (стакан, кесе, дөңгелек болып қиылған әр түрлі-түсті картондар және цилиндр пішіндес фигуралар) дөңгелектің ұзындығын тауып, оның диаметріне қатынасын анықтау керек болатын. Олардың сол заттардың ұзындығын есептеуде бір топ жіп тауып есептесе, екінші бір топ мүшелері ақ қағазды ұзынша бөліктермен қиып заттарды орап анықтады. Келесі бір оқушылар парта бетіне заттарды дөңгелете отырып ұзындығын анықтады. Яғни оқушылар сын тұрғысынан ойланып, қалай ұзындық өлшемін анықтауға болады деген сұрақтарға жауап іздеді. «Енді осы заттардың ұзындығы мен диаметріннің қатынасын есептеңдер» деп тәлім алушым бағыт бағдар беріп отырды. «Есептегенде шыққан нәтижені салыстырыңыздар, салыстыруда нені байқадыңыздар» дей келе сілтеме жасады. Оқушылар барлығын өздері есептеп саны 3,14 тең болатыннын анықтап, өз жұмыстарын өздері бағалады. 3,14 саны шықпағандар қайта есептеп өз-өзін тексерді. Сабақтағы олқылықтар: Топ мүшелерінің арасында бір жақты отырып қалғаны, лидер оқушылардың белсенділік көрсетіп кетуі байқалды. Формула түріне келтіріп жазып, екінші айнымалы арқылы түрлендіруде пікір-талас орын алып кетуі. «Ыстық кортоп» стратегиясы арқылы сұрақ-жауаптармен жұмыс жүргізгенде, оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгергенін анықтады.

Сабақтан соң тәлім алушы екеуміз, өткен сабақты талдау үшін жазып алған бейне таспаны көрдік. Ол отырысымыз тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген [Oxley, 2005. 105-б]. Яғни, осы сабақтан кейін туындаған кемшіліктердің, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектесіп, оның өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік берілді. «Сабақ үрдісінде кеткен олқылықтар, туындаған пікір-таластар ненің себебінен болды» деп сұраққа, тәлім алушы «Ашық сұрақтарды тиімді қоя алмағандығымнан болу мүмкін» деп жауап берді. Сабақ үрдісінде түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сұрақтарын қоюға ұсыныс жасалды. Осындай сұрақтарды қою барысында оқушылармен кері байланысқа түсудің тиімді тұстарын айттылды. Мұғалімнің көмегімен топтағы оқушылардың одан әрі дамытылатынын, берілген жұмыстармен тапсырмалардың , тәжірибелердің тиімді ұйымдастыруының нәтижесінде дәлелді пікір алмасулардың жүйелі жүретіндігі туралы айтылды. МАН- да жазылған талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу бөлімін оқуға ұсыныс жасалды. Сонымен бірге, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым–қатынас тілдік дағдылар мен түсіністікпен қарау екендігін басты назарда ұстауды құлаққағыс еттілді. Кездескен олқылықтарды түзету үшін сабақтан кейінгі кәсіби әңгіме барысында тағы бір сабақты бірлесе жоспарлап, оны өткізуге шешім қабылдадық.

Тәжірибеден өту мерзімінің соңында сөйлесіп менен не үйренгенін, өзінің қаншалықты өзгергенін, болашақта қандай әдістерді қолданып сабақ өткізетіні туралы сауалнама алынды. Ол осы аз уақыт аралығында өзінің менен біршама оқыту тәсілдерін үйреніп алғанын, алға қарай да әлі де үйрене бергісі келетінін білдірді. Өзінің менен үйренген сабақ беру әдістері туралы не ойы барын қағазға жазып берді. Әрбір өтілген сабақтан кейінгі байқалған сәтсіз тұстарын ескеріп, келесі сабақта болдырмау үшін ұсыныстарымды сол олқылықтарға қарай бағыттап кеңестер берілді.

Тәлім алушымен арамыздағы қарым-қатынас өте қарапайым, өзара пікірлесу түрінде жүрді. Ол өзінің ұстаздық тәжірибесіне менен көп тәлім жинақтағанын, соның ішінде:



- Оқушыларды топқа бөліп оқытудың тиімді жақтарын;

-Кері байланыс арқылы өзін-өзі реттеуге көп мүмкіншіліктер беретінін;

-Сабақтар барысында ресурстарды қалай пайдалану керектігін;

-Жаңа сабақты оқушылардың өздерінің қатысуымен түсіндірсе тиімді болатындығын;

-«Сын түрғысынан ойлау» модулінің стратегиялары арқылы оқушылардың, сыныптың математика пәніне деген қызығушылығы артқанын байқағанын айтып және жазып берді.

Өзінің сабақтарын талдағанда пікірлерін дәлелдеуге, оқушылардың сабақтағы жауаптарын мысалға алып дәлелдемелер келтіріп сөйлегенде өзін бұрынғыдан еркін сезіне бастағанын байқалды.

Сонымен бір әріптесіме тәлімгерлік ету арқылы мен тиімді тәлімгерлікке қол жеткізе алдым ба, осы тәжірибе арқылы мен нені зерделедім дегенге келетін болсақ, Иганның «Тәжірибелі көмекшінің моделі» [Egan, 1998] деген еңбегін негізге ала отырып, былайша тұжырымдалды.

Көмек көрсетуге бейімделген үш сатылы құрылым бойынша:

Бірінші кезеңі: Тәлім алушының іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықталды.

Екінші кезеңі:Тиісті тиімді шешімді бірігіп таңдадық.

Үшінші кезеңі: Өзгерістер енгіздік.

Тәлімгерлік барысында мұғалімнің жаңашылдыққа бетбұрыс алғаны, оның алдағы уақытта жаңа бағдарламаны игеруіне зор мүмкіндік бар екенін аңғарылды. Тәлімгер ретінде тәлім алушыға алдағы уақытта ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектесіп, оның жеке тәсіліне, нақты мән мәтінге және жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға септігі тигізілді. Болашақта тәлім алушымен жүргізілетін жұмысыма өзгертулер былайша енгізілді.



  • Тәлім алушының сабақты жаңа тәсілдер бойынша жоспарлаудан бастап алдына мақсат қою арқылы жұмыс жасауға үйрету.

  • Әрбір тәлімгерлік cабақтың жocпарын жаcағанда тәлім алушының мүмкіндіктерін еcкере oтырып, жocпардың нақты және тиянақтылығына көңіл бөлу.

  • Педагогикалық шеберлік орталығының www cpm.kz порталына ену, әдістемелік жинақты тиімді пайдалану арқылы кәсіби өсуіне ықпал ету.

  • Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақ процесіне енгізе отырып, өз мүмкіндіктерін шешуге қол жеткізуіне ықпал ету.



Пайдаланылған әдебиет

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014 ж.

  2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар (II деңгей)

  3. А.Құсайнов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы»

  4. С.Қ. Этнопедагогиканың қоғамдық ғылымдармен байланысы.  ҒПО Хабаршысы. Алматы.

  5. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері.  – Алматы: Б.М.Б. 1993.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет