Телжан селолық округінің әкімі Б.Х.Қадіровтың
2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық
даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
Құрметті жерлестер !
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есептері биылғы жылмен санағанда жетінші рет өткізілуде. Бұл біз үшін ең басты мәселе, яғни жыл бойы атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі деп саналуда. Олар атқарушы органдардың емтиханы болып табылады. Тәуелсіздіктің 19 жыл бойы Елбасымыздың халық үшін жасалып жатқан , яғни бүгінгі таңдағы нәтижелерді айта өтсек мұның ішінде мемлекеттік құрылыстар, мықты әлеуметтік экономикалық дәрежелер, саяси демократизациялау.
Өткен жылы осындай маңызды оқиғалар өтті. ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 – жылдығын атап өттік. Біздің мемлекеттіміз Президенттің Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен ЕҚЫҰ – нда төрағалық етті. 1-2 желтоқсан күндері біздің Республикамыздың астанасында өткен Саммит «Астана декларациясы» қабылданды. Саммит Евро – Аталантикалық және Евро – Азиялық қатынастар мен интеграциясына, сенімідлікті нығайтудың бастапқы кезеңі болды, қоғамдастықтардың біртұтас бөлінбейтін қоғамдастықтың пайда болуына және қауіпсіздікті сақтауына өз үлесін тигізді және біздің ЕҚЫҰ – да төрағалығымыздың шыны болды. Осы жылы біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 20 жылдығы өтеді, осы оқиға біздің республикамыз және округ үшін маңызды оқиға болып табылады.
Округ бойынша 2010 жылы 22 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. 13 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 9 көпбалалы ана «Күміс алқа» алқасын алды.
Телжан селолық округі екі елді мекеннен тұрады : Телжан және Көбенсай селолары. Округ тұрғындарының саны -1079 адам, соның ішінде оқушылар–187, 6 жасқа дейінгі балалар 119. Өткен жылы округ бойынша 20 бала дүниеге келді.
«Телжан селолық округі әкімінің аппараты » ММ – де 4 мемлекеттік қызметкер, 1 азаматтық қызметкер, 2 маман еңбек шарты бойынша, және 4 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Өткен жылдың басынан азаматтардан ауызша және жазбаша түрде 343 өтініш түсті. Олардың барлығы уақытында қаралып жауаптар берілді.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка селосында округіміздің 2 тұрғыны Тоғызбаева Алиса және Өтегенова Күләш «Оператор ЭВМ» мамандығы бойынша оқып келді.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Орехова ольга Викторовна Телжан орта мектебінің интернатына тәрбиешінің көмекшісі ретінде жастар практикасына орналастырылды.
36 отбасына (129 бала) – 1млн 051,0 тенге көлемінде мекенжайлы әлеуметтік көмек төленді. 85 отбасына (196 бала) – 2 млн 517,6 тенге көлемінде 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылы «2008-2010 жылдарға арналған жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 55 адам жұмысқа орналасты және төлемді қоғамдық жұмысқа 7 адам орналастырылды.. Оның ішінде 34 адам ауылшаруашылық саласына. Округ бойынша 94 зейнеткер, 22 мүгедек және олардың ішінде 3 бала мүгедек.
Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының коллегиясымен және Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының коллегиясымен «Мейірімдлік пен түсінікке жол ашық» атты мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің облыстық фетиваліне Көбенсай селосының тұрғыны Сулейменов Акан Гизатұлы, ІІ топтағы мүгедек округ және аудан атынан қатысқан, және осы фестивальда І жүлделі орынды иеленді. Қазақ соқырлар аудандық біріншілік қоғамдастығының төрағасы болып тағайындалды.
Округ бойынша бала тегін ыстық тамақты 108 оқушы коректенеді. Аз қамтылған отбасыларға әкім аппаратының ұжымымен 3 Егемен қазақстан және 3 Солтүстік Қазақстан басылымдары жазылынды.
Қарттар мен мүгедектерге арналған айлығы өткізілді. Округте 2 жалғыз басты азаматтарға қызмет көрсететін 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Зейнеткерлер мен мүгедектерге үйлерінде тегін мединалық қызмет көрсетіледі. 6 қазан күні әкім аппаратының және Телжан орта мектеп ұжымдарымен «Фортуна» кафесінде және 15 қазан Көбенсай орта мектебінде мектеп ұжымымен қарттар мен мүгедектер күніне арналған қайырымдылық іс шаралар өткізілді. Осы іс шараларға зейнеткерлер мен мүгедектер шақырылып оларға концертер, мерекелік үстелдер жасалынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында ардагерлерге қомқорлыққа көрсету туралы ерекше назар аударады. Әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленді.Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмады. Оның сыртында Жеңістің 65 жылдығын кеңінен мейрамдауға байланысты соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің жеңілдікпен жол жүрулері үшін 383 миллион теңге бөлінді.
Бұл біздің әкелеріміз бен аталарымызға олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, олардың біздерге бейбіт өмірді қамтамасыз еткендері үшін көрсетілген құрмет.
Ұлы Отан соғындағы жеңіске 65 жылдығының мерекесіне 11тыл ардагерлері «1941-1945жж .Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл!» мерей тойлық медальдармен марапатталды. Округтің екі селосында тыл арагерлерінің, қатыс болған соғыс ардагерлердің әйелдерінің, концлагерь узниктерінің қатысуымен концерттер мен мерекелік үстелдер жасаланып мерекелік қайырылымдылық іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Өткен жылы облыста «Олар жеңіспен оралды» атты соғысқа қатысқан ардагерлер туралы кітап жарық көрді. Уәлиханов ауданы бойынша соның ішінде біздің округіміздің соғыстан оралған ардагерлері туралы жазулары бар.
Төтенше жағдайларды алдын алу үшін су тасу звеносы, от сөндіру командасы, байланыс командасы, санитарлық пост және қоғамдық тәртіпті сақтау командасы құрылды.
Округ бойынша 10 баннер орналастырылды: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл атты – 4 баннер, Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 – жылдығына арналған – 1баннер, Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына арналған – 2 баннер, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл
Елбасымыздың Жолдауында жемқорлықпен күресу жөніндегі арнайы бұйрық бойынша әкім аппаратында жемқорлықпен күрес және заң бұзушылар жөніндегі сенім телефоны аудандық газеттерінде тоқсан сайын жарияланады.
Өткен жылы әкім аппаратына мемлекеттік қызметкерлікке екі адам қабылданды. Олардың екеуі де және округ әкімі Петропавл қаласында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру өңірлік орталығында, оқу курсын өтті.
Бүгінгі кезеңде ауыл тұрғындарына 30 үйге және қосымша 4 үйге сымсыз байланыс телефон нөмірлері қойылды. Қаратерек – Тілеусай – Телжан – Кішкенекөл бағытында автобусы жүреді.
Округ бойынша 35 сенбілік өткізілді. Телжан және Көбенсай орта мектептерінде мектеп жасқа дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар ашылды.
Өткен жылы қоқыс, көң шығару және үйлерге ауыз су тасуды ұйымдастырған село тұрғынының Айтмаканов Ж.Д, осы маңызды іс әрекеттер үшін село тұрғындары сумен қамтамассыз етілді. Кішкенекөл селосынан арнайы мамандырылған бригада қоқыс көңді шығарды. Қараша айының 8 –нен 2 желтоқсанға дейін Телжан орта мектебінің жылыту жүйесінің жөндеу жұмыстарын «Қыдыр» ЖШС жүргізді. Бүгінгі күні Телжан орта мектебінде температуралық режим сақталуда.
Президенттің бағдарламасы бойынша « Өзін өзі » қамтамасыз етіу.
Екі мектептің жылыжайларында өскен көкөністермен мектеп аспасшылары асханада оқушыларға ыстық ас дайындайды.
«Мектепке жол» бағдарламасы бойынша әкім аппаратының ұжымымен, мектеп ұжымымен,. кәсіпкерлермен, ЖШС және ШҚ басшыларымен 7 аз қамтылған отбасыларына балаға мектепке бару үшін көмек көрсетілді .
Округ бойынша 2 МП бар , онда 4 мед. қызметкер жұмыс істейді. Медбикелер ауыл тұрғындары мен тығыз байланысты жұмыстарын істеуде.
ЖҚТБ , тұмау, шошка тұмауына қарсы қүресуге профилактикалық жұмыстар өткізеді. Дәріханаларында керекті дәрі –дәрмектер жеткілікті. Ауданға шұғыл арада бару және қатты ауыратын азаматтарды жеткізу үшін Телжан медициналық пунктінде арнайы көлік жұмыс істейді.
Селолық округте үш кітапхана жұмыс істейді 1 селолық және 2 мектеп кітапханасы. Селолық кітапхананың кітап қоры 5001 кітапты құрайды. Ең үздік оқушысы Набиева Ризагүл. Селолық кітапханада жоспарлы іс шаралар, дөңгелек үстелдер, кітап пен буклеттер көріністері жүргізіліп отырады. Өткен жылы селолық кітапханаға 65 жаңа кітап түсті.
Ескерткіштердің және намазханалардың жөндеу жұмыстары өткізілді. «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» атты аудандық конкурста біздің округіміздің командасы І орын алды. Шәмші Қалдаяковтың өлендерінің байқауында Көбенсай орта мектебінің ән күй мұғалімі Н.Әділбаева І орынды иеленді.
Жалпы шаруашылық алаң көлемі – 68561 га құрайды , оның ішінде егістік жер –25382, жайылым – 29587 , шабындық –жайылымдық өңір 4054,орман алаңы -7500,
Көше , алаң жолдары ,құрылыстар -5640 га .Басқалары 4260 га.
Ірі қара мал және құстар шаруашылығының жалпы саны :
ІҚМ-1196 , оның ішінде сиырлар – 525 бас . Жылқы -395 . Шошқа -218, қой және ешкілер -1632 , құстар-2872
Ет сойылған түрде – 38 тонна , сүт – 114 тонна, жүн 757, төлдер - 475.
С/округ бойынша ІҚМ ұрықтандыру
-
Егістік жерлерінің көлемі - 35049 га, оның ішінде бидай өнімі – 20983, сұлы 2330 га, күнбағыс - 300 га. Селолық округ бойынша жалпы түсім: Барлығы – 9,1 ц/га, дәнді дақылдар – 9,2 ц/га, май өнімдері -3 ц/га.
Телжан селолық округінде ағымдағы жылы ветеринарлық ескерту жөніндегі жоспары бойынша іс-шаралар жүргізілді. 1500 бас - ірі қара малды бруцеллезге қарсы аурудан зерттелді , туберкулезге қарсы аурудан -2826 бас. Сібір язвасына қарсы ауруларға байланысты 2500 басқа арнайы вакциналық егу жасалды, тұмауға қарсы – 2606 үй құстарына да жасалды. Селолық округе арнайы қоқыс көң төгетін және мал қорымына арналған орын бөлінді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 29 қаңтардағы «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арналған Жолдауында спортты дамыту бойынша осындай бағыттар қарастырылады.
Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты.
Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидасы – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұрылымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады.
30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз.
Бүгінгі күні 16% қазақстандық спортпен шұғылданады. 2020 жылы 30 % қазақстандық спортпен шұғылдану үшін қолдау жасау біздің міндетіміз.
Біз салауатты өмір салты үшін. Салауатты өмір салты бар жерде – салауатты тұрғындар болады.
Телжан ортамектебінде екі мектеп қызмет етеді. Мектептер компьтерлік жабдықтармен, интернетқа қосылған мультимедиялық сыныппен қамтылған. Екі мектепте 187 оқушы оқиды.
Өткен жылы әкім аппаратының, мектеп ұжымының, ЖШС, ШҚ басшыларының және жеке кәсіпкерлердің көмегімен Көбенсай орта мектебінің алдында хоккей корты салынды. Көбенсай селосында өткен қысқы «Солтүстік - 2010» спартакиядасында округ командасы 2 орынды иеленді.
Қысқы спорт ойындарында осындай спортшылар ерекше көзге түсті конькимен жүгіру Щур Руслан, шаңғы спорты бойынша біздің ерлер командасы және әйелдер командасында Шокенов Асхат, Болатов Жанат, Манап Гомар, Шварц Дмитрий, Левшевич Ольга, Бесембаева Дамира, Бондарева Валентина, Макашева Салтанат І жүлделі орынды алды.
Жазғы «Ақ бидай - 2010» спартакиядасыенда округ командасы ІІІ орынды иеленді. Келесі спорт түрлерінен дойбы - Нурушев Сарсен, Рахимжанова Кайша, Рахимжанов Байкебай. Гір көтеру - Мирошниченко Федор – І орын, теннис – ІІ орын, Утигенов Серикпай, Гассерт Олег, Ягудина Римма, волейбол – (қыздар) – ІІІ орын – Ягудина Ксения, Гизатова Ксения, Итенова Меруерт, Даньярова Альфира, Галиева Жулдыз, Вяткина Екатерина, футбол – ІІІ орын.
Ауданда өткен ұлттық спорт түрлрінен біздің спортшылар армлестлингтен – І орын - Мирошниченко Федор, Амангельды Айболат, Ахметбеков Ержан, Досханин Дархан, қазақша күрес ІІ орын – Ахметбеков Ержан, Амангельды Айболат, Досханин Дархан, тоғыз құмалақ – ІІ орын – Левшевич Ольга, Амангельды Айболат, Досханин Дархан, қалашық ойынында – І аудан бойынша - Рахимжанов Байкебай, Гассерт Олег, Тлеукабылов Марат, Хамзин Нуржан І орынды алды.
Аудандық мектеп оқушылары арасында өткен жарыста күрестен – Кенесов Нуржан ІІІ орынды, тоғыз құмалақтан – ІІ орынды Амангельды Айболат, Кенесов Нуржан, Утигенова Айжан, Шахматы – І орынды Гизатова Кристина, Паскарь Диана, Елемесов С, Абельдинов Д.
Армлестлинг (қыздар) – І орын Гришакова Тамара, Айтимова Данагуль, Левшевич Ольга, Бондарева Валентина, Макашева Салтанат, Бесембаева Дамира, гір көтеру – ІІ орынды Ахметбеков Ержан, Амангельды Айболат, Шварц Данила алды.
Республикалық жарыстарда футболдан оқушылар арасында облыстық командасы үшін Телжан орта мектебінің оқушысы Кенесов Нуржан қатысты, облыс командасы жарысында үшінші жүлделі орынды иеленді. 15 тамыз күні екі округ спортшыларының қатысуымен округте спорт күні мерекесі өткізілді. Барлық қатысқан спортшылар мен спорт ардагерлері мадақтамамен марапатталды. 30 тамыз күні екі селоның стадиондарында «Денсаулық фестивалі» өткізілді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін учаскелік пунктінде бір аймақтық инспектор қызмет етеді. Учаскелік инспектор қылмысқа, маскүнемдікке, қарсы жұмыстар жүргізеді. Селолық округте 6 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Ол екі селода орналасқан ата- аналар комитеттері, әйелдер кеңесі және ақсақалдар кеңестері. Төрағалармен жиналыс өткізіледі, нашар тұратын отбасылармен, тәрбиесіз балалармен, ішімдік пен шылым шегу туралы әңгімелесулер жүргізіледі. Мектептерде және намазханаларда ерексектер мен балаларға арналған түсіндіру, оқыту жұмыстары өткізіледі.
Округ бойынша салық төлеушілер тіркеулі : заңды тұлға -7, жеке тұлға -281.
Жыл бойы жер салығы 124,5%, мүлік салығы 103,3%, автокөлік салығы 111,4 %, әртүрлі 58.9%. Салықтар 100 пайызға уақытымен жиналады .
Округ бойынша бюджеттік қаражаттандыру 100 пайызға орындалды.
Округте 2 пошта бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Көбінесе газет пен журналдарға жазылу жоспары асыруымен орындалды. Бұл жұмыста белсенді қатысқан Телжан орта мектебінің директоры О.Сүлейменова, Көбенсай орта мектебінің директоры А.Рақышева, Көбенсай медициналық пунктінің менгерушісі Е.Тоқтабаева, пошта бөлімдерінің менгерушілері С.Ыскакова, К.Әділова.
Округте 2 намазхана орналасқан. Мешіт имамдары қайырылымдылық іс шараларға және жастар мен ересектерге оқуды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізеді.
Өткен есептік кездесу барысында тұрғындардан осындай сұрақтар түскен:
- Телжан орта мектебінің жөндеу жұмыстарының жалғастыру туралы. Қараша айының 8 –нен 2 желтоқсанға дейін Телжан орта мектебінің жылыту жүйесінің жөндеу жұмыстарын «Қыдыр» ЖШС жүргізді. Бүгінгі күні Телжан орта мектебінде температуралық режим сақталуда.
- Мектептерге жеткізілетін көмірдің сапасыз болуы және қысқы мезгілге жетпейтіні туралы.
Өткен жылы Уәлиханов ауданының тұрмыстық комуналдық шаруашылық жолаушы және автомобильдер жолдарының бөлімі жеткізілген көмірдің сапасын бақылауда ұстады.
- Оқушыларға қысқы мезгілде сабақ беру үшін қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы туралы.
Аудандық білім бөлімімен Телжан орта мектебіне 2009 жылғы қысқы спорт құрал жабдықтарға 79800 тенге жұмсалды және 2010 жылы 82006 тенгеге 7 бу шаңғы, 5 клюшка және 5 бу коньки бөлінді.
Селоның ішінде қаңғабас иттер өте көп оларды аулау ұйымдасыру туралы.
Бұл мәселені шешу үшін ауданнан ақпан – наурыз айларында және желтоқсан айында арнайы маман шақырылып иттер аулауы ұйымдастырылды.
- Біздің селомызда балалар көп, олардың дамуына бала бақша керек.
Осы жылының қыркүйек айында Телжан орта мектебі жанындағы мектеп жасқа дейінгі балаларға арналған 25 орынды шағын орталық Телжан орта мектебінің интернаттың ішінде ашылды және қазан айында Көбенсай орта мектебі жанындағы мектеп жасқа дейінгі балаларға арналған 15 орынды шағын орталық ашылды.
Өткен жылдың нәтижесін біз барлығымыздың күшімен аяқтадық. Көбінесе біздің қабылдаған шешімізге байланысты округ дамуына әсер етеді.
Барлық қиыншылықтарды жеңетін жалғыз күш ол бізідң бірлігіміз. Бізге сендермен бірге әлі көп жұмыстарды өткізу алдымызда. Барлық бастаған іс шараларымыз орындалсын. Осы жолда барлығыңызға сәттілік тілеймін
Назарлаңыздарыңызға рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |