Бухгалтерлік есептің концептуалды негіздерін қалыптастыру барысында ең алдымен мүдделі жақтардың қызығушылығын қарау қажет:
а) елдің экономикасының басты негізін қалаушылар ретіндегі шаруашылық субъектісін қаржыландыруды қамтамасыз ететін фирманың меншік иелерінің,
б) фирма қызметіне елеулі әсер ету мүмкіндіктері бар ұйымдардың (ең алдымен мемлекет, ол экономико-құқықтық қатынастардың басты қатысушы ретінде және экономиканы нормативтік реттеуде шешуші дауысқа ие болады).
Меншік иелерінің қызығушылығы ұзақ уақыт бойында пайда алу мүмкіндігін сипаттаса, мемлекеттің қызығушылығы әлеуметтік-экономикалық сипатта болады.
Меншік иелерінің қызығушылығы ұзақ уақыт бойында пайда алу мүмкіндігін сипаттаса, мемлекеттің қызығушылығы әлеуметтік-экономикалық сипатта болады.
Бухгалтерлік есеп экономикада шешуші мүдделі тұлғалардың қызығушылықтары толығымен сақталатындай етіп құрастырылуы қажет.
Егер осы тұжырымдаманы негізге алатын болсақ, онда бухгалтерлік есептің теориялық құрылысы мен жүргізу тәртібінің қайшылықтарсыз логикалық түрде құрастырылған жүйесін жасауға болады, ол біріншіден, теория тұрғысында есеп процедураларының мазмұнын анықтайды және түсіндіреді, ал екіншіден, тәжірибе тұрғысында іске асыруға қатысты бірегейлендірілген ұсыныстар береді.
Ресей ғалымы В. В. Ковалев «...бухгалтерлік есептің концептуалды негізі ретінде қабылданған есеп жүйесінің мазмұны мен қағидаларын, логикасын анықтайтын теориялық құрастырғыштар жиынтығын түсіну қажет» деп атап көрсетеді. Жалпылама түрде алғанда концептуалды негіздерді өзара байланысты және біртіндеп ашылатын жеті элементтен тұратын модель деп қарауға болады: