Тема. Учет амортизации и обесценения основных средств



бет5/8
Дата22.09.2022
өлшемі0,88 Mb.
#150351
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 тақырып

2. Қызметтің үздіксіздігі. Қаржылық есептілік ұйым дәл қазір жұмыс істеп тұр және болашақта да өз қызметін тоқтатпайды деген тұжырымға сәйкес құрастырылады. Яғни, ұйым жойылмақшы емес және жойылуды немесе өз қызметінің масштабын біршама қысқартуды қажет етпейді, ал егер ондай мүмкіндік немесе қажеттілік болатын болса, онда қаржылық есептілік басқа негізде құрастырылады және ондай жағдайда қолданылатын негіздеме ашылып көрсетілуі қажет.

Қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық табылады.

Қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық табылады.

  • Түсініктілік. Қаржылық есептілікте көрсетілетін ақпараттың негізгі қасиеті оны пайдаланушылардың түсіне алуы. Ол үшін пайдалаушылардың шаруашылық және экономикалық қызмет саласында, бухгалтерлік есеп жөнінде жеткілікті білімі болуы қажет және ақпаратты оқып-үйренуге деген тілегі болуы қажет.
  • Орындылық. Пайдалы болуы үшін ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды болуы қажет. Ақпарат орынды деп саналады, егер ол пайдалушылардың өткен, бүгінгі, болашақ жағдайларды бағалауына, өткен кезең бағаларын растауға немесе түзетуге көмек көрсететін экономикалық шешімдеріне әсер ететін болса.

Сенімділік. Қажетті болуы үшін ақпарат сенімді болуы шарт. Ақпарат сенімді деп саналады, егер онда мәнді қате мен бұрмалаулар жоқ болса және пайдалушылар оған шынайы жағдайды сипаттайды деп толығымен сүйене алса.

  • Сенімділік. Қажетті болуы үшін ақпарат сенімді болуы шарт. Ақпарат сенімді деп саналады, егер онда мәнді қате мен бұрмалаулар жоқ болса және пайдалушылар оған шынайы жағдайды сипаттайды деп толығымен сүйене алса.
  • Салыстырмалылық. Пайдаланушылар қаржылық есептілікті әртүрлі кезеңдерде салыстыру мүмкіндігіне ие болуы қажет, сол арқылы оның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріндегі тенденцияларды анықтайды. Пайдаланушылар сонымен қатар әртүрлі ұйымдардың қаржылық есептіліктерін салыстыра алуы қажет, сол арқылы олардың салыстырмалы қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет