2004-2005 оқу жылында өткізілген қалыптастыру сынақтамасының нәтижесінен шыққан қорытынды: өткізілген сынақтамалық тәжірибе жұмысы кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологияны пайдаланудың тиімділігін айғақтайды.
Эксперименттің қалыптастырушы кезеңі (2005-2006 ж.ж.) 2005-2006 оқу жылыңын қалыптастырушы кезеңін алдыңғы жылдағыдай есептейміз.
Зерттеу үшін қажетті деректер: БҚ-11,12,14 және БД-11,12, ҚМБҚЕ - 12 БС-11,12,14 академиялық топтарындағы студенттердің тапсырмаларды орындау нәтижелері (бұлардың қатарындағы БС-11,12,14 топтарында модульдік технология оқу үдерісін жеделдету үшін, ал БД - 11,12 және ҚМБҚЕ -12 топтарында модульдік технологияны қолдану жеке оқытуды көздегенін ескеру қажет).
Кесте 2.9 – 2005 - 2006 оқу жылындағы тиімділік көрсеткіші
Бұлай болса, 2005-2006 оқу жылында модульдік технологияны қолданудың тиімділігі күмән тудырмайды: егер модульдік технологияны оқу үдерісін жеделдету мақсатында пайдаланудан тиімділік көрсеткіші 9,2 %- ға жоғарылаған болса, осы әдісті жекелендіру үшін пайдаланғанда 15,9 %-ға көтерілген.
Достарыңызбен бөлісу: |