6. Жалпы жағдайда орналасқан түзудің қанша проекциясы бар?
а) Біреу;
б) Екеу;
в) Үшеу.
7. Қандай проекциялау берілген?
а) Өзара параллель AB және CD түзулердің қиғаш бұрышты проекциялары;
б) Өзара параллель AB және CD түзулердің тік бұрышты проекциялары;
в) Өзара параллель AB және CD түзулердің параллель проекциялары.
Қосымша Б
Өнімді-шығармашылық деңгейде шешілетін инженерлік есептер.
1Есеп
Бір қабырғасы 45 мм, ал келесі қабырғасы 55мм және осы 55мм-ге тең қабырғасына қарсы бұрышы 70° болатын үшбұрыш салыңыздар.
2 Есеп
Екі нүкте берілген: Е(3; 6; 8) және С(2; 8; 12).Осы нүктелер арқылы өтетін үш жазықтық жүргізіп, олардың координаталар жазықтығымен қиылысу сызықтарын салыңыздар.
3 Есеп
Берілген С (2; 7; 12) және Е( 4; 12; 1) нүктелері анықтайтын түзудің эпюрін және іздерін салу керек.
4 Есеп
Берілген С нүктесі арқылы β түзуіне параллель е түзуін және онымен қиылысатын фронталь f, горизонталь h түзулерін жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |