Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


 Өнімді престеу арқылы өңдеуге арналған жабдықтар



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
2. Өнімді престеу арқылы өңдеуге арналған жабдықтар
Тамақ өнеркәсібінде қолданықа ие престерді екі үлкен топқа бөлуге болады: 
гидравликалық және механикалық.


2.1 Гидравликалық пресс.
Ішінде 
жылжымалы плитамен жалғанған плунжер қозғалатын жұмысшы цилиндрі
гидравликалық престің негізгі торабы болып табылады. Плунжер жоғары қысымды 
сұйықтықпен қозғалысқа келтіріледі. Престелетін материал жылжымалы және 
қозғалмайтын плиталар арасына орналастырылады. 
Гидравликалық престерді ликерлер мен эссенцияларды өндіру үшін, жемістер 
мен көкөністерді шырын өндіру үшін өңдеуде кеңінен қолданылады (сурет 12.11). 
Олардың жұмыс істеу принципі келесі заңдылыққа негізделген: егер P
1
күшін 
диметрі d
1
поршеніне түсірсе және P поршеньіне гидростатикалық қысым жасаса, 
онда Паскаль Заңына сәйкес бұл қысым үлкен диаметрлі d

поршеніне әсер етеді. 
2.1 Механикалық пресстер.
Қайта өңдеу өндірістерінің кәсіпорындарында 
сығындыны ылғалсыздандыру үшін бір және екі жақты сығымдайтын көлбеу, 
көлденең және тік шнек пресстері қолданылады. Екі жақты сығымдауда өнімділік 
жоғары болумен қатар, сығындыны соңғы ылғалдылықтың төмен шегіне дейін 
сығуға мүмкіндік береді. 
Көлбеу шнекті престе
(сурет 12.12) сығылатын материал сепараторға келіп 
түсіп, онда ол ішінара ылғалсызданады, содан кейін ғана преске беріліп онда оның 
негізгі бөлігі сығылады. Сығылған ылғалдың бір бөлігі цилиндрлік елек 5 арқылы 
өтіп, штуцер 9 арқылы жабдықтан шығарылады, ал қалған ылғалдың екінші бөлігі 
елек 3 арқылы шнек білігінің қуысына түсіп тесік 10 пен штуцер 9 арқылы 
жабдықтан шығарылады. Сығылған сығынды конусты елекпен сығу шнегінің 
тұрығы арасындағы сақиналы тесіктер арқылы жабдықтан шығарылады. Олардың 
өлшемдері реттеу құрылғысымен 6 реттеледі және сығындының престе болу 
ұзақтығына, суды сығып бөлу дәрежесіне әсер етеді. Көлденең және көлбеу 
престердің конструкциялары ұқсас болады. Бірақ көлбеу престерде көлденең 
престерге қарағанда сығылған сығынды мен шығарылатын сұйықтықтың ішінара 
араласулары болмайды. 
Сурет 12.12 – Көлбеу шнекті пресс: 1 − сепаратор; 2 − шнек білігі; 3 − елек; 4 − сығымдаушы 
шнек; 5 − цилиндрлі елек; 6 − реттеу құрылғысы; 7 − сығындыны шығаруға арналған саңылау; 8 
− конусты елек; 9 − штуцер; 10 − ылғалды (суды) шығаруға арналған саңылау тесік; 11 − сүзуге 
арналған қосымша бет; 12 − ылғалды (суды) шығаруға арналған штуцер
 
Білікті пресстер 
бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналатын, екі кедір-бұдыр, 
қуыс (перфорированный, полый) біліктен тұрады. 12 суретте білікті престердің 
жұмыс істеу тәртіптері бейнеленген. 
Сурет 12.11 – Гидравликалық пресс схемасы 


 
Сурет – Шырын сығуға және қалыптауға арналған білікті престердің 
схемасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет