Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Министірлік заңдарда көрсетілген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады



бет8/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
8 кл СОР 1 вариант (1), СРО1 Русский copy, Қабылдау және қарым қатынас
Министірлік заңдарда көрсетілген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады.

  1. Жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатпен стратегияны іске асыру;

  2. Үкіметтің шешімі бойынша көліктік коммуникациялық кешеннің заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттік үлестерімен пакеттерін иелену және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

  3. Көліктік коммуникациялық қызметті жүзеге асыратын обьектілерді жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысу;

  4. өз құзыретінің шегінде көліктік, коммуникациялық кешеннің дамуы мен жұмыс істеуінің маңызды мәселелері бойынша ғылыми зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

  5. өз құзыретінің шегінде техникалық шарттар мен өзге нормативтерді бекіту, сертификаттау жүргізу, сондай-ақ, көліктік, коммуникациялық кешенде белгіленген нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

  6. көлік пен коммуникациялар қызметтерін көрсету, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу;

  7. мемлекеттік тапсырысты орналастырады, мемлекеттік тапсырысқа белгіленген қаражаттың пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

  8. өз құзыретінің шегінде көліктік, коммуникациялық кешеннің қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама ұйымдастыруға қатысу;

  9. әуе кеңестігінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

  10. министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

  11. өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы көліктік, коммуникациялық кешенінің қызметін мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыру;

  12. көліктік, коммуникациялық кешенде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс - шараларды жүзеге асыру;

  13. орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын ақысыз негізде, ал мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мамандарды ақылы негізде, сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін тарту;

  14. өз құзыретінің шегінде министрліктің жыл саиынғы жұмылдыру жоспарларын әзірлеу;

  15. аэроғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;

  16. "Байқоңыр" ғарыш аймағы обьектілерін тиімді пайдалану жөніндегі іс -шараларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру;

  17. өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өздерінің тиістілігі мен меншік нысандарына қарамастан, тасымалдаушылардың көлік құралдарын пайдалану кезінде көлік заңдарын қозғалыс қауіпсіздігі мен экология талаптарын орындауын бақылауды көлік саласын мемлекеттік басқару органы және Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да мелекеттік басқару органдары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының 2001жылғы 8 желтоқсандағы № 226-11 заңы темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк багажы және почта тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, темір жол көлігі ұйымдары, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушілер, алушылар, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет