Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны



бет2/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны

Көлік экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып саналады. Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су және құбыр көлігі кіретін жеткілікті түрде дамыған көлік жүйесі бар. Қазақстанның көлігі республика халық шаруашылығы салалық кешендерінің (агроөнеркәсіп, отын- энергетика, тау-кен металлургия, құрылыс және т.б) қалыптасуын ескере отырып, экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендерінің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып дамыды.

Республикамызда барлық көлік түрлерінің ең динамикалық дамуы өткен ғасырдың 70-80 жылдары болды. 90-шы жылдары басталған ТМД елдеріндегі экономикалық құлдырау барлық көлік түрлері үшін тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне әкеліп соқты. Көлемдердің тұрақтануы мен өсуі 1999 жылдың соңынан басталды.

Қазақстан экономикасыеың шикізаттық бағдары болуына байланысты Қазақстанның теміржол көлігі Қазақстан Республикасының көліктік коммуникациялық кешенінде маңызды рөлді ойнайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2003 жылы барлық көлік түрлерінің жүк айналымындағы темір жол көлігінің үлесі 70%-ды құрап отыр.

Автомобиль көлігімен тасымалдау үшін тиімсіз болатын көмір, астық, мұнай, кен, минералды тыңайтқыштар және т.б сияқты жаппай үйме және құймалы жүктер тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауарлық өнім болып табылады. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығатын жолдың, кеме жүретін өзендердің болмауы), аумағының кеңдігі, өндіріс пен өндіріс күштерінің орналасу құрылымы, автожол инфрақұрылымының дамымауы теміржол көлігінің ел экономикасындағы рөлін айрықша маңызды етеді. Бұл рөл таяу келешекте де сақталады.

Еуразияның орталығында орналасқан Қазақстанның бұған қосымша көліктік әлеуеті - өз инфрақұрылымы арқылы 5 халықаралық теміржолдың көлік каридорлары мен транзит өткізуді арттыру мүмкіндігі бар. Олардың негізгісі Трансазия маршруты болып табылады, ол келешекте Оңтүстік Шығыс Азия – Батыс Еуропа теңіз қатынасына бәсекелес болмақ.

"Транссібір" – Еуропа – Корей бұғаздары (Беларусь арқылы Ресейге кіші нұсқасымен)

а)Транссібір бойынша;

ә)Қазақстан - Қытай арқылы;

"Оңтүстік"- Еуропа - Оңтүстік Шығыс Азия (Түркия, Иран, Оңтүстік Азия арқылы) "Орталық" (Түркия, Орталық Азия, Қазақстан, Қытай арқылы) және "Трасска" (Кавказ арқылы Орталық Қазақстанға, Қытайға) Еуропа - Оңтүстік Шығыс Азия дәлізіне шығады.

Трансазия маршрутының жалпы ұзындығы Тынық мұхитынан Батыс Еуропаның шекараларына дейін 11000 шақырымды құрайды, оның ішінде 4000 шақырым Қытайдың аумағы және 1800 шақырым Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Трансазия маршруты бойынша жүк тасымалдары жолдың 23-26 күнін алады, ал оның қашықтығы Транссібір маршрутына қарағанда 2000-3000 шақырымға қысқа.

Ресей, Кавказ, Каспий теңізі, Иран оның ішінде Түркия – Иран арқылы Солтүстік Еуропа - Парсы шығанағына "Солтүстік - Оңтүстік" дәлізі арқылы жол тартылған. Мұндағы "Транссібір" ("Батыс Шығыс") "Орталық", "ТРАСЕКА" және "Солтүстік- Оңтүстік" 4 халықаралық дәліз Қазақстан арқылы өтеді. [13,525 бет].

Қазақстанның көлік каммуникация кешенінің негізін құрап отырған темір жол көлігі тасымалдың 70 пайызын иемденді.

14 мың шақырымға жуық созылып жатқан темір жол желісі 15 шекаралық тараптар республиканың барлық аймағын бір - бірімен жалғастыра Қазақстанның халықаралық байланысын қамтамасыз етіп, көрші елдердің транзиттік тасымалына жол ашып отыр.

Қазақстан аумағы арқылы 13 трансконтинентальдық маршруттардың ішінен Достастық мемлекеттердің 6 халықаралық темір жол маршруттары мен тармақтары өтеді. Оның бірі – ұзындығы 12233 шақырымдық Польша, Латвия, Литва, Эстония, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, ҚХДР елдері арқылы өтетін маршрут. Онан кейінгі "Солтүстік" деп аталатын 8048 шақырым көлік желісі Ресей, Қазақстан, Қытай арқылы өтеді. Оның негізгі бөлігі Петропавл – Астана - Достық арқылы, бір тармағы Ресейдің Дома, Қарталы және республиканың Тобыл –Астана стансалары арқылы өтеді. Онан кейін Венгрия, Словакия, Украина, Молдава, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Қытай жерімен өтетін 11539 шақырым желінің негізгі бөлігі Петропавл Ақтғай Достық стансалары арқылы, енді бірі Озини, Арыс, Луговой, Алматы, Ақтоғай жол тармақтарында. Қалған бағыттардың барлығын тізіп жатудың қажеті шамалы. Қай бағыт болса да Қазақстанның транзиттік әлеуетіне тиімді. Қалай болғанда да Қазақстант географиялық орналасуы жағынан өткізу қабілетіне келгенде ұтып тұр деуге әбден болады.

Еуразиялық трансконтиненталдық маршруттар Қазақстан темір жолының Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Ортазиялық көліктік дәліздері қызметін пайдаланады. Тасымалға тиімді Солтүстік дәліз - Қазақстанның өнеркәсіпті аудандары арқылы өтіп, елдің орталығы - Астананы, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Көкшетау, Жезқазған, Павлодар, Екібастұз секілді ірі өнеркәсіп кешендері бар аймақтарды қамтиды.

Онда Қарағанды - Сұрыптау, Қырқыншы және Көкшетау-1 стансаларында үлкен контейнерлерді сұрыптайтын терминалдар бар. Ал жалпы ірі көлемдегі жүктерді реттейтін үлкен көлемдегі контейнерлерге арналған терминалдар Достық, Қарағанды, Ақмола және Көкшктау-1 стансаларында орналасқан.

Орталық дәліз – Оңтүстік - Шығыс және оңтүстік Қазақстанның өндірісі дамыған аудандарын қамтиды. Атап айтсақ, бұл дәліздің теміржол желісінен баламалы бөлімдері мен сұрыптау стансалары бар Ақтоғай, Алматы, Шу, Луговой, Жамбыл, Шымкент, Арыс жол тармағы өтеді. Транзиттік жүктерді сұрыптау Достық, Алматы, Жамбыл, Шымкент секілді ірі стансаларда жүргізіледі.[14. 206 бет].

Батыс дәлізі, әрине, аса ірі ошақтары бар Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау секілді еліміздің батыс аймақтарындағы мұнайлы өлкені қамтиды. Бұл дәлізде аса үлкен жүк контейнерлерін сұрыптайтын Мақат пен Атырау ірі стансалары орналасқан. Батыс бағыттағы жүк тасымалының жандануы Ақтау портының келешегімен тығыз байланысты. Бір айта кетерлік жайт, Өзбекстанның Үшқұдық Қараөзен арасындағы салынып жатқан темір жол желісі пайдалануға берілсе, батыс дәлізіндегі транзиттік тасымалдың айналымы ұлғаяды.

Ортаазиялық дәліздегі Қазақстанды оңтүстігінен солтүстік - батысқа қарай басып өтетін бағыт Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Қарашығанақ, Илецк (Ресей) тәрізді өндіріс орталықтарын қиып өтеді. Бұл дәліздің шекарасында Арыс, Қандыағыш, Илецк (Ресей) сұрыптау станциялары қиылысқан. Контейнерлік үлкен терминалдар Ақтөбе, Төретам, Қызылорда, Жилаево станцияларында орналастырылған.

Темір жол желісінде Еуропа мен Қытайды байланыстыратын Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан Достық- Алашонькоу өткізу бекетінің халықаралық транзит ретінде маңызы зор. Бүгінгі күні Достық бектінің жұмысын одан әрі жандандыру үшін арнайы жасалған бағдарлама бойынша ауқымды шара тындырылып жатыр.

Қазіргі күні Ақтау порты арқылы "Солтүстік- Оңтүстік" және "ТРАСЕКА" дәліздері бойынша жүк тасымалдау ұйымдастырылып отыр.

Сондай ақ, Өзбекстанмен арадағы тасымал қатынасы бір жүйеге келіп қалды. Шығыс портымен Находка – Локоть - Алматы маршруты бойынша аптасына бір рет қатынайтын контейнерлі пойыз қозғалысы ұйымдастырғалы отыр. Бұл жаңа маршрут бойынша жүк иелері уақыттан ұтып, басқа тасымалдаушылармен салыстырғанда темір жол көлігіне қызуғышылық тудыруда.

Экономикалық одақ ұиымдары шеңберінде Стамбул - Алматы арасында жүретін контейнерлік пойызын жүргізу қолға алынған - ды. Бұрын Станбулдан аттандырылып жатқан контейнерлік пойыз Алматыға жеткенше бөлшектеліп, жекелеген партиялармен келетін. Жету жолының ұзақтығы да көңіл көншітпейді. Осыған байланысты экономикалық одақ ұйымдарымен арада бірегей тарифті бекіту пойыз қозғалысындағы кестені нақтылау шаралары қолға алынды.

Қазақстанның көліктік инфрақұрылымының басты элементі бола отырып, теміржол саласы КСРО құлдыраған соң Қазақстан экономикасындағы дағдарыстық үрдістерден құтыла алмады. Алдыңғы он жыл ішінде тасымалдар көлемі ұдайы төмендей отырып, 1999жылы 1991жыл деңгейінің 26 пайызын құрады да, тек 1999 – 2000 жылдардың соңынан бастап өсу басталды.

1-кесте Қазақстанның теміржол көлігінің келтірілген өнімі.


Көрсеткіш-тің атауы

Жылдар

2003ж

1993ж-ға пай-ызбен

(%)


2003ж

2002ж-ға пайыз-бен

(%)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет