Жетісу темір жолы, акционерлік қоғамға қарасты болды. 1914-1917жылдарда салынды, Ұзындығы 806 шақырым, Қазақстан территориясы бойынша 237шақырым. Жақын жатқан аудандардың біршама ірі станциялары; Шымкент, Бурный, Әулие Ата. 1916 жылы салынған, 210 километрге созылған Арыс - Абаис бағыты бар.
Сібір теміржолы (1893-1895 жылдары салынған) мемлекеттік жол, 1899 жылы Батыс Сібір және Орта Сібір теміржолдары қосылғаннан кейінгі Транссібір магистралінің батыс бөлігі. Ұзындығы 1913 жылы 3160 шақырым (соның ішінде 2302 шақырымы екі рельсті жол) Қазақстан территориясы бойынша ұзындығы 178 шақырым Сібірдің өндіргіш күшінің өсуіне, қалалардың тұрғындарының көбейюіне (Қорған, Петропавловск, Омбы, Ачим, Красноярск) әсерін тигізді. Жол бойынша 1439 жасанды құрылыс салынды, соның ішінде 717 көпір (біршама ірілері Тобыл, Есіл, Еділ Ертіс, Томь, Чулым, Енисей өзендерінен өтеді). 1918 жылы мамырда Сібір теміржолы национализацияланып, жол қатынасы жөніндегі Халық Комиссариатына берілді.
Қазақстандағы ірі әрі жақын аудандарда орналасқан Мамлютка, Қара Қоға станциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |