Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



бет24/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

Жаңа тұжырымдама:

  • "Российские железные дороги" РАҚ-ын құру арқылы мемлекеттік басқару функциялары мен шаруашылық қызметтің бөлінуін ;

  • операторлық компанияларды қалыптастыру есебінен инфрақұрылым мен тасымалдаушының бөлінуін көздейді. Бүгінгі күні операторлық компаниялардың вагон паркі жалпы парктің 40 %-ын құрап отыр таяудағы болашақта оның үлесі 50 %-ға дейін ұлғаяды деп күтіліп отыр.

Басқару буындарын қысқарту (басқарудың бөлімшесіз жүйесіне көшу) жөн шегінде жабтықтау және қаржыландыру функцияларын орталықтадыру есебінен пайдалану шығындарын оңтайландыру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ресей мен Қазақстан полигондарының ауқымын салыстырған кезде жолдың аумақтық басқару бірлігі Қазақстандық аумақтық бірлік тасымалдау бөлімшесіне сәйкес келеді.

Жалпы темір жол саласының нарықтық қарым қатынастар рельсіне түскеніне тура алты ай болды, дәл осынша уақыт бұрын әлемдегі ең ірі көлік алпауыты болып табылатын "Ресей темір жолдары" ААҚ-ы құрылған еді. Жаңа компанияның жарғылық капиталы 1 триллион 540 миллиард рубльді құрады. Құрылымдық жаңарулар нәтижесінде компания барлық көрсеткіштер бойынша бұрын соңды болмаған таң қаларлық жетістіктерге жетіп отыр. Соңғы үш ай ішінде компания 300 млн. тоннадан астам жүк жеткізген. Жалпы өткен жылы Ресейлік темір жолдар арқылы 1160 млн. тонна жүк тасымалданыпты. Сондай ақ, көп жылдан бері тұңғыш рет жолаушылар тасымалының төмендеуі толық тоқтап, ең жоғарғы өсімге (1млрд. 303,5 млн. адам) қол жеткізілген.

Жылдың соңғы тоқсанында, яғни "Ресей темір жолдары" ААҚ құрылғаннан кейін бұл көрсеткіш тіптен арта түскен үш ай ішінде 300 млн- нан астам адам тасымалданып, жолаушы айналымы 7,4%-ға өсіпті. Тек соңғы үш айда компанияның тасымалдан түскен табысы 10,2 млрд. рубльге, ал сала бойынша кіріс- 44,8млрд. рубльге жеткен. Тапқан табыс жоспардағыдан 56,9-ға артық.

Әлемдік көлік саласындағы жаңадан құрылған ең жас компания сонымен қатар дүние жүзіндегі ең ірі қызмет көрсетуші екендігінде дәлелдеді. ТМД және жер шарының өзге де мемлекеттеріне өз қызметін ұсыну сату арқылы 521млрд 700 млн. рубль пайда тапқан. Темір жолдардың кірісі мен табыстылығының өсуін мемлекет және федерация субъектілері толық көлемде сезінген: 2003 жылы "Ресей темір жолдары" барлық деңгейдегі орталық бюджеттер мен бюджеттен тыс қорларға 121,5млрд. рубль қаржы аударды. Сондай ақ "Ресей темір жолдары" барлық салықтық алымдар мен төлемдер бойынша міндеттемелерін толық орындаған Ресейдегі бірден - бір кәсіпорын болып табылады.

"Ресей темір жолдары" жеке шығып, өз алдына отау тіккелі бері жүк жөнелту жылдамдығы 15%-ке күрт көтерілген.

"Ресей темір жолдары" ААҚ-ы президенті Г.Фадеевтың мәлімдеуінше, бұл "Ресейдегі теміржол көлігі жүре бастағаннан бергі тарихта теңдесі жоқ жетістік "eкен. Әйтпесе бұған дейін ресейлік темір жолдар халықаралық тасымал сұранысын толық қамтамасыз ете алмай, көршілерінің көптеген ұсыныстарынан бас тартуға мәжбүр болып келген еді.

Әрине, бұрынғы мемлекеттік темір жол монополиясының мұрагері ретінде "Ресей темір жолдары" әл - әзір алдына қара салмай келе жатқанымен тасымал саласында оның алдын оруға ұмтылған жеке кәсіпорындар ендігі осы алпауыттың өкшесін басуға жарап қалды. Қайта құрылымдаулардың алғашқы кезеңі нәтижесінде тәуелсіз жеке компаниялардың үлесіне 200 мың жүк вагоны (жылжымалы құрам паркінің 3/1-i) көшкен.

Көлік саласы бойынша әлемдегі ең алып компания "Ресей темір жолдары" кірісті тасымал секторларындағы осындай өз позициясын жоғалтуларды қабырғасы сонша қайыспай ақ көтере алары анық. Тіпті көшбасшылық туын қайтарып алуға да қауқары толық жетеді. Тіпті "Ресей темір жолдары" бұл істі бастап та кетті. ЮКОС-тың Қытайға мұнай тасымалдау көлемін қазіргі 3 млн- нан 2006 жылға дейін 12 млн. тоннаға дейін өсіру жоспарын жүзеге асыруына қолдау көрсетуге кірісті.

Қайта құрылымдаудан соң темір жол саласында жүк тарифтерін жаңа бәсекелестік жағдайларына сай белгілейтін тетіктердің әлі күнге жоқтығы алып компанияның адымын кең аштырмай тастауы мүмкін. "Ақылды өзгенің қателігінен сабақ алады" деген есті сөз бар. Ендеше Қазақстан да темір жол саласында бәсекелестік тудыру мақсатымен.

"Қазақстан темір жолы"- дай қуатты компанияны қайта құрылымдағанда "Ресей темір жолдары"- ның бүгінде бастан кешіп отырған қиыншылықтары мен кездескен кедергілерін жан жақты ескеріп, назарға алғаны жөн болар еді.

"Қазақстан темір жолы" елімізде жүздеген мың жанды асырап отырған алып кәсіпорын болғанымен әлемдік алпауыт "Ресей темір жолдары"-; дай әлеуеті жоқ екені жасырын емес. Сондықтан еліміздегі тасымал саласының "жылы жұмағы" бәсекелестік тудыру үшін тәуелсіз операторларға бөліп беріп, керісінше төмен табысты, шығынды салаларды компания мойнына артып қою қуатты кәсіпорынның аяғын тәлтіректеп жүре алмастай ғып тұмап тастағанмен тең болар еді. Онда ол үшін жоғары кірісті рынокты тез заң жинағын тәуелсіз тасымалдаушылармен бәсекелесу мұң болып кетуі де ғажап емес.

Жақында көрші Ресей темір жолдарын қайта құрылымдаудың екінші кезеңіне кіретін шараларды қолға алады. Қазіргі кезде "Ресей темір жолдары" ААҚ-ының 100 астам бөлімшесі енгізілген тізім әзірленіпті. Сол бөлімшелер негізінде еншілес компаниялар құрылмақ. Бұл еншілес компаниялар рефрижераторлық және контейнерлік жүк тасымалымен, қалааралық жолаушы тасымалымен, жол техникасын жөндеу және өндірумен, қажетті бөлшектерді шығару және электротехникалық өнімдер өндірісімен, капиталды құрылыс және жобалау зерттеу жұмыстарымен, сондай ақ әртүрлі айналыатын болады. Ал профильді бөлімшелерде "Рефсервис" пен "Трансконтейнер" және бөлініп шықпақ Жеке еншілес компанияларды құрып тастау біздің басты мақсатымыз болмауға тиіс - деп қадап айтты басқарма мәжілісінде сөйлеген сөзінде "Ресей темір жолдары" президенті Генадий Фадеев. Осы арқылы теміржол жұмысының тиімділігін арттыруға, оның капиталдану деңгейін көтеруге, инвестицияның қосымша көзін қалыптастыруға қол жеткізуіміз керек. Ең бастысы саланың әр тармақтарында жекелеген жаңа монополистердің туындап "Ресей темір жолдары" және өзге де компаниялар тұтынатын қызметтер құнының қымбаттауына жол бермеуіміз қажет. Әйтпесе өзіміздің әлеуетті компаниямыздың бонкрот болуы үніміне күні бұрын өзіміз қол қойған болып шығарымыз кәміл.

Ендігі кезекте көршілес мемлекеттеріміздің бірі Өзбекстанға келетін болсақ. Бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасында елдің темір жол көлігін жетілдіру мен қайта құрылымдау бағытында жүйелі жобалар іске асырылып кешенді жұмыстар атқарылуда. "Узбекистон темир йуллари" мемлекеттік - акционерлік темір жол компаниясы көлік рыногында қалыпты жағдайын сақтап қалу және саланың экономикалық реформасын жетілдіру шаралары ауқымды инвестициялар қажеттілігі туынап отыр. Өзбекстан Республикасының инвестициялық бағдарламасына шетел инвесторларының есебімен темір жол қатынастарын жақсартып - жаңарту және локомотив парктерін модернизациялау енген.

Саланың кешенді дамуы жолында жасалған жоба бойынша 2001 жылы жолаушылар вагондарын жөндейтін Ташкент зауыты пайдалануға беріліп қосылды. Бұл жоба сонау 1996жылы Өзбекстан Үкіметі мен Жапонияның сыртқы экономикалық іскерлік қорының арасында жасалған көлемді несие келісімінен бастау алған болатын. Сондай-ақ, Өзбекстан темір жолдарын қалай жетілдіру" жобасы ұзындығы 320 шақырымға созылатын Келес - Самарқанд бағытындағы жолды толығымен қайта жөндеп, 2003 жылдың соңына дейін аяқтауды міндеттеген болатын. Бір ерекшілігі, инвестициялаудан түскен қамақты қаржы күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде , жаңа да озық техникамен технологиялық жабдықтарды сатып алуға тікелей бағытталып отырады. Мәселен, Австриядан сатып алынған жол машиналары Келестен Самарқанға дейінге жол бөлігін қайта жөндеуге пайдаланылуда нәтижесінде, жоғарғы сапалы жолдар пайда болып, биік көрсеткіштердге жол ашты. Өткен жылдың соңында Ташкенттен Самарқанға дейінгі негізгі жол бөлігінде жолаушылар пойызының жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетті.

"Өзбекстанның темір жолдарын модернизациялау" жобасы Самарқанд – Бұхара - Ходжадавлет бғытындағы 341шақырым темір жол желісін қайта қалыпқа келтіруді жүзеге асыруға септігін тибгізбеген. Өзбекстан темір жол көлігінің дамуына Еуропаның Қайта құру және даму банкі айтарлықтай үлес қосуда. Бұл банкпен "Узбекстон темир йуллари" мемлекеттік - акционерлік темір жол компаниясы бірлесе жұмыс атқарып, "Локомотив паркін жаңарту" , "Дизельді Локомотив паркін модернизациялау" және "Узжелдорреммаш өндірістік бірлестігінің желілілк цехтарын қайта құрастыру", сияқты ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, "Локомотив паркін жаңарту" жобасында "Узбекстон темир йуллары" мемлекеттік- акционерлік темір жол компаиясына жалпы құны 39,6 млн.. АҚШ долларына бағаланған жаңа 12 электровоз сатып алу қарастырылған. Аталған машиналар қытайдың Чжучжоу электровозқұрылыс зауытынан үстіміздегі жылдың мамып айына дейін жеткізілуге тиіс. Өзбекстан темір жол саласының дамуына шет елдер де ықпал ете бастады. 2002 жылдың соңында "Узбекстон темир иуллари" мемлекеттік акционерлік темір жол компаниясында жеке кеңестік топ құру мақсатында Франция Үкіметі арнайы грант бөлген болатын. Осы бағытта “SNCF International ALSTOM Transport” сияқты француз компаниялардың концорциумы мен "Узбекстон темир йуллари" мемлекеттік-акционерлік темір жол компаниясы құрамындағы “AXIS” компаниясы Өзбекстандық миллионның білімін жетілдіріп, оқытуға күш қосты. Бұл мамандар темір жол жобалары мен тендерлерді жасауға және ұсынуға, сондай ақ, жобалардың орындалуын бақылау жұмыстарына машықтанды. Осындай істер кезеңінде Өзбекстон темір жол саласында тек құрылымдық қайта жетілдіру шаралары іске асып қана қоймай, басқа да біршама игілікті жұмыстар атқарылды. Қысқа мерзім ішінде Қызыл- Құм арқылы Үшқұдық- Линскен- Көніс бағытында 340 шақырымдық жаңа болат магистраль салынып, пайдалануға берілгені саланың үлкен жетістігі болды.

Сондай ақ, өткен жылдың басынан бастап 250 шақырымға созылатын Ташгузар - Байсун - Құшқарған бағытындағы жаңа желі құрылысына барлық күш жұмылдырылды. Бұл желі орта Азиядағы таулы аймақтармен өтетін алғашқы темір жол болмақ. Жаңа магистралдар тау кен игеру және өедіру өнеркәсіптері бар аз қонысты аймақтардың дамуына ерекше үлес қосып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мұрындық болады деген сенім мол. Осы темір жол құрылысын жеделдету мақсатында Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің арнайы қаулысы қабылданды. Желінің Дехканабад - Байсун таулы бөлігіндегі құрылысты қаржыландыру және материалдық техникалық базасын қамтамасыз ету үшін жеңілдікпен ұзақ мерзімді несие бере алатын шетелдік қаржы институттарын тарту мәселесі жолға қойылып отыр.

Өткен жылы "Узбекстон темир йуллари" мемлекеттік - акционерлік темір жол компаниясы ТМД елдері ішінде Ресей мен Украина кәсіпорындарынан кейін үшінші болып вагон - цистерналар өндіруге сертификат алды. Вагон - цистерналардың өндірісі "Узжолдарреммаш" кәсіпорындарында, яғни Андижан және Пахтаабад зауыттарында іске асатын болады. Осы бірлестіктің Ташкент тепловоз жөндеу зауыты Орталық Азия аймағында қосалқы бөлшектер мен жылжымалы құрамды жасап, өндіретін жалғыз кәсіпорынболып табылады. Зауыт компанияға қарасты жылжымалы құрамдарды күрделі жөндеуулерден өткізумен қатар, экспорт бойынша жөндеу қызметтерін атқарып, көршілес елдердің сұранысына орай қосалқы бөлшектер жасап шығаруда. Өзбекстан темір жолдарында жолаушылар тасымалын жетілдіруге басты назар аударылған. Тәулік сайын темір жол қызметін он мыңнан аса адам пайдаланады екен. Соңғы он жыл ішінде Андижан, Маргилан, Наманган, Карим, Навой, Ургенч, Қызылтепа, Самарқанд, Оңтүстік Ташкент, Китаб қалаларында жаңадан вокзалдар салынып, жолаушыларға кешенді қызмет түрлерін көрсете бастады.

2003 жылы жаңа жобалардың басты дегендерін жүзеге асыру мақсатында компанияның жеке қорынан 64.3 млрд. cум. инвестиция бөлінді. Бұл қаражат Ташгузар – Байсун - Құмқорған темір жол желісінің, Амудария өзеніндегі көпірдің құрылыстарын жалғастыруға, магистралдарды электрлендіруге, сондай ақ, компанияның өндірістік және әлеуметтік салаларын жетілдіруге жұмсалды. "Узбекстон темир йуллари" компаниясының темір жолдары шығыс пен батыс аралығын қосатын негізгі желінің маңызды бөлігін құрайды. Осы бөлік мемлекеттер арасындағы көліктік байланыстар үшін ерекше роль атқарып отыр. Мәселен,Қытай, Корея, Жапонияның Иранмен, Түркиямен және басқа да Еуропа елдерімен қатынасы осы жолдар арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Өзбекстанның транзиттік дәліздерімен оннан аса халықаралық темір жол бағыттары қатынайды. Әлем бойынша туындап отырған интеграциялық процестер дүниежүзілік көлік жүйесінің қызметіне оң әсерін тигізіп, әлемдік темір жол құрылымының дамуына ықпалы күннен күнге артып келеді. Бүгіндері Өзбекстанның темір жол саласы мемлекеттің маңызы бар көлік қызметіне айналып қана қоймай, халықаралық байланыстарды нығайтып, құрылымдық іскерліктерде белсенділік танытуда. Экономикалық аумалы төкпелі кезеңін бастан кешіп отырған ала тақиялы өзбек ағайындардың кемелді келешегі жолында "Узбекстон темир йуллари" мемлекеттік акционерлік темір жол компаниясының қосар үлесі мол екендігі де рас.

Шетелдік тәжірибеден тұжырымдарға тоқталатын болсақ, лицензиялау және қауыпсіздік мәселелерінің реттелуін күшейте отырып, тарифтік саясаттың мемлекетпен реттелуінің азайтылуына, теміржол компаниясының коммерциялық бағдарының күшейтілуіне, салаға бәсекелестік пен жекеменшік сектордың енгізілуіне байланысты теміржол көлігін реформалаудың жалпы тенденциялары бар.

Теміржол саласының табиғи монополиялық элементінің инфрақұрылым мен тасымалдар функцияларының анық шектелуі жүргізілуді және де реформалаудың аталған принциптерін белгілі модель саясында жүзеге асырудың әлеуметтік экономикалық орта мен теміржол көлігі жұмысының нақты жағдайларына қарай, атап айтқанда, жүк және жолаушы тасымалдарының, жаппай үйме және өнеркәсіп жүктерінің арақатынасына, географиялық жағдайларға, автомабиль көлігі тарапынан бәсекелестіктің болуына және макроэкономикалық жағдайға қарай әрбір елде өз ерекшелігі болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет