Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



бет32/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

Көрсеткіштің атауы


Өлшем бірлігі


Жылдар

2003 жыл 1998 жылға




1998ж

1999ж

2000ж

2001ж

2002ж

2003ж

Абс. көрсеткіш

пайыз-бен %




Теміржол желісінің пайдалану ұзындығы соның ішінде

Км.

13660,3

13601,1

13545,0

13596,7

13597,1

13598,2

-62,1

99,5%




Қос жолды телімдер

Км.

5016,1

4943,4

4699,9

4720,8

4720,8

5007,8

-8,3

99,8%




Электрлендірілген телімдер

Км.

3661,3

3663,9

3725,4

3813,8

3813,8

3725,7

64,4

101,8%




Автоблокировка құрылғыларымен жабдықталған

Км.

10247,8

10222,8

9983,1

9825,3

9824,6

9710,5

-537,3

94,8%




Бас жолдардың ұзындығы

Км.

18787,2

18676,3

18371,5

18136,7

18618,1

18842,3

55,1

100,3%




Станциялық және арнаулы жолдардың жалпы ұзындығы

Км.

6699,5

6451,2

6462,4

6443,7

6527,2

6671,4

-28,1

99,6%




Станциялар мен бөлім қосындыларының саны

Бір.

731

720

720

713

724

751

20

102,7%




Локоматив паркі

Бір.

2293

2162

1964

1913

1895

1834

-459

79,9%




Электровоздар

Бір.

631

629

619

617

615

615

-16

97,5%




Магистральдық тепловоздар

Бір.

991

887

767

751

732

723

-268

72,9%




Маневрлік

Бір.

578

559

524

517

501

496

-82

85,8%




Жүк вагондар паркі

Бір.

89865

86472

85818

77582

77029

76934

-12931

85,6%




ашықвагондар

Бір.

33987

31555

31004

28332

28334

28327

-5660

83,3%




Жабық вагондар

Бір.

14893

14486

14505

13251

12263

13246

-1647

88,9%




Платформалар

Бір.

11948

11699

11639

10322

10275

10236

-1712

85,7%




Цистерналар

Бір.

10446

10683

11417

10396

10399

10392

-54

99,5%




Рефсекциялар

Бір.

1715

1654

1611

1286

1177

1125

-590

65,6 %




Басқалар

Бір.

16876

16395

15642

13995

13581

14733

-2143

87,3%




Жолаушы вагондары

Бір

2194

2078

2085

2088

2094

2145

-49

97,8%




Персоналдың тізімдік саны

Адам

148405

132950

128650

127516

116065

114000

-34405

7,7%



• Оперативті мәлеметтер


Қазақстанның темір жолдары бойынша тасымалдау процесін жол тармақтары бар 751 станциялар мен басқа да бөлу қосындары және жол тармақтары жоқ 33 жол қосындары қамтамасыз етеді. 351 станция да жүк операциялары жүргізіледі. 21станцияда автоматтандырылған басқару жүйесі бар, 38 станция сұрыптау құрылғылармен (дөңестермен, жартылай дөңестермен және көлбеу сызып қою жолдарымен) жабдықталған, 6 станция жүк жіне поезд құжаттарын жіберуге арналған пневматикалық почтамен жабдықталған.

Локомотив шаруашылығының техникалық жарақталуын локомотивтік деполарды тағайындалуы және тартым күш түрлері бойынша топтау арқылы, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету қосындары мен локомативтерді экипировкалау сипаттайды. Қазіргі уақытта 28 пайдалану локомотив деполары, 40 теникалық қызмет көрсету қосындары, 43 экиперовкалау қосындары жұмыс істейді. “Локомотивжөндеу” ЕМК құрамына кіретін 18 жөндеу локомотив деполары мен бұрынғы локомотив деполарының базаларында құралған үш өндірістік кооператив локомотивтердің ағымдық жөндеуін жүргізеді. 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ- ның локомотив паркі 1834 локомотивті құрады, оның ішінде 615 электровоз, 723 магистралдық тепловоз бен 496 маневрлік тепловоз.(4.Кесте)

Пайдаланылатын парк (1233 локомотив) мүкәммал парктің 67%-ын құрады, тиісінше пайдаланылмайтын локомотив паркі (601 локомотив) мүкәммал парктің 33%- ын құрады.

Қазіргі кезде “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ локомотивтеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу “Теміржолмашжөндеу” ААҚ-тың, “Локомотивжөндеу” ААҚ-тың жөндеу кәсіпорындарына жүргізіледі, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері, өндірістік кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестер жүргізеді.

“Теміржолмашжөндеу” ААҚ-тың жөндеу кәсіпорындарында (Шу, Жамбыл, Қазалы, Құсмұрын, Орал, Шалқар, Павлодар, Ақадыр және Атбасар) КР-2, КР-1, ТО-8, ТО-7, ТО-6, ТО-3 циклдерімен локомотивтерді жөндеуді жүргізеді.

“Локомотивжөндеу” ААҚ-тың жөндеу кәсіпорындарында (Ақтөбе, Мақат, Астана, Қарағанды, Қостанай, Защита, Аягөз, Жамбыл, Арыс, Сексеуіл) КР-1, ТО-8, ТО-7, ТО-6, ТО-3 циклдермен локомотивтерді жөндеу жүргізеді.

Өндірістік кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің негізінде (Атырау, Шұбарқұдық, Маңғыстау, Жем, Қызылорда, Ковоишим, Бурабай курорты, Ерейментау, Жаңаарқа, Балқаш, Ақадыр, Екібастұз, Семей, Шар Ақтоғай, Алматы, Шу, Түркістан, Шымкент) ТО-8, ТО-7, ТО-6, ТО-3 циклдермен жөндеу жүргізіледі.

“Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ тың вагон шаруашылығы бүгінгі күні 16 пайдалану вагон депосынан, 81 жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету қосынынан, 63 поездар қозғалысы қауыпсіздігінің қосыны мен бекеттерінен, 167 поездардың жүру барысында ақаулардын анықтайтын бақылау қосындарынан тұрады. Вагондарды деполық жөндеу “Вагон жөндеу” ААҚ құрамындағы 12 жөндеу вагон деполары мен бұрынғы вагон деполарының негізінде бес өндірістік кооперативтер жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің “Қазақстан темір жолы” ҰК ЖАҚ пен “Вагонжөндеу” ашық акционерлік қоғамның мүлкін иеліктен шығару жөніндегі 2003 жылғы 27 қаңтардағы №11 өкіміне сәйкес 2003 жылғы 28ақпанда "Транском" ЖШС-мен және "Богатырь Транс" ЖШС мен жүк вагондарын сатып алу – сату туралы №399-ЗАО және №400-ЗАО шарттар жасалды.

Аталған шарттарға сәйкес "Қазақстан темір жолы" ҰК ЖАҚ "Көлік Ком" ЖШС-ға 2004 жылғы маусымға дейін 3563 жүк вагонын (соның ішінде 700 хоппер-цемент тасығыш, 693 хоппер – жентек тасығыш, 2172 ашық вагон ), "Богатырь Транс" ЖШС-ға 3077 ашық вагонды беруге міндетті.

Жөндеудің жоспарлы түрлерімен қалпына келтіру вагондарды және “Транс Ком” ЖШС және “Богатырь Транс” ЖШС компанияларына берілген ұзақ тұрып қалған вагондар паркі 2003 жылғы 1қазандағы жағдай бойынша 18868 бірлікті құрайды.

Сонымен “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ жүк вагондарының мүкәммал паркінің ағымдағы жай күйі 76934 бірлік, соның ішінде жабық вагондар 13246 бірлік, платформалар 10236 бірлік, ашық вагондар 28327 бірлік, цистерналар 10392 бірлік, өзге вагондар 14733 бірлікті құрайды.

Жолаушылар тасымалының құрамында үш өңірлік, Алматы, Батыс және Ақмола жолаушылар филиалы, жеті өңірлік жолаушылар вагоны филиалы, ЛВЧД Астана, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар, АВЗ Алматы жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі зауыт және Қала маңының тасымалдары, Багаждық тасымалдар, Вагрест мамандандырылған филиалдары бар “Жолаушылар тасымалы” ААҚ жүзеге асырады.

Жолаушы шаруашылығының 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жылжымалы құрамы 2145 вагонды құрайды, оның ішінде пайдалану паркі – 1504 вагон, жолаушыларға 303 станция қызмет көрсетеді, олардың 269-ы билет сатуды жүзеге асырады.

Жолаушылар тасымалы кәсіпорыны көрсететін жүзеге асыратын тізбесіне бүкіл республика аумағы бойынша багаж тасымалдарын жүзеге асыру кіреді.

Багаж 68 станцияда қабылданады, оларды қойма және сұрыптау үй жайлары бар. Жолаушылар поездарының құрамында “Қазпочта” ААҚ- тың почта вагондары да жүреді.

“Жолаушылар тасымалы” ААҚ жолаушылар вагондарын дербес жабдықтайды (төсек-орын бұйымдары, көмір, су, май, қант), кір жуу қызметтерін және вагон мейрамханаларда жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Өңірлік жолаушылар вагоны филиалдары жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетеді (жинау, жуу) тексереді және ағымдағы жөндеуді жүргізеді. Олардың көпшілігі деполық жөндеуді жүзеге асырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет