Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Тақырыбы: Микроорганизмдер әлемi жөнiнде жалпы мағлұмат. Микробиология пәнi және мiндетi, оның қазiргi биологиядағы орны.
Орындаған: Темирханова Ақбота Нұрланқызы
Тексерген: Сартаева Акмарал Алтынбековна
Мамандық: 6В05101-Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Жалпы микробиология ғылымы микроағзалардың жасушалық құрылысы мен құрылымын, систематикасын, физиология- биохимиясын, генетикасын, экологиясын, олардың табиғаттағы жəне адам əрекетіндегі рөлін зерттейді.
Микробиология ғылымы даму барысында бірнеше айқын кезеңдерге бөлініп қарастырылып жәнеде табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады.
Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.
Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры құпия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.
Негізінен микробиология пəні микро - ұсақ , био - тіршілік , логия-ілім аудармасын білдіретін сонымен қатжай көзге көрінбейтін, ұсақ , өз алдына зат алмасу жəне көбею процесі бар, бір ғана клеткадан тұратын тіршілік иелерін яғни микроорганизмдердің құрылысын, тіршілігін жəне экологиясын зерттейтін ғылым.
Микробиология тарихында римнің профессоры Кирхердің'>Афанасий Кирхердің есімін айта кетуіміз керек. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Бұл өте қарапайым аспап болды және соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінін байқады.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктың есімімен тікелей байланысты. Өз зерттеулерін Левенгук Антон Ван Левенгук ашқан табиғаттың құпия сырлары деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский еңбегінің зор маңызы болды.
1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады.Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын.
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер өзінің зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.
Орыс ғалымы Л. С. Ценковский 1883 жылы ол сибирь жарасына қарсы вакцина жасаған болатын.
И. И. Мечников фагоцитоз және оның иммунитеттегі ролі туралы тыңғылықты ілім жасады.
Орыс ғалымдары Д. К. Заболотный мен Т. А. Тарасевич оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды.
Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы микробиология да айтарлықтай жетістіктерге жетіп дамып келеді. Микробиологияның бұл саласына Виноградский, В. Л. Омелянский, С. П. Костычев, Н. Н. Худяков, В. С. Буткеевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Қрасильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |