4-тапсырма. Мәтінде кездескен мына сөздердің синонимдерін жаз: парыз, жүктеу, қыруар, жаратушы, мәртебе, опасыздық, ерлік. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Қазақстандағы теміржолдың ұзындығы қанша?
2. Алғашқы теміржол қашан, қайда салынды?
3. «Отарба», «шойынжол», «қара бұқа» деген сөздер қандай мағына береді? Олардың пойызбен, теміржолмен қандай байланысы бар?
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Балғабек Қыдырбекұлы— журналист, жазушы. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазіргі “Егемен Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1983-1987 жылдары осы газеттің бас редакторы болған. Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы болды. Алғашқы фельетондар жинағы “Ешкімге айтпа” деген атпен 1962 жылы жарық көрген. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдаған. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны (“Түп тұқияннан өзіме дейін”) тауып, кітап етіп шығарды.