Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
∆ Q%
ЕID = ──────
∆ J%
Мұнда: ЕID- сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті.
∆Q % - сұраныстың өзгеруі, ∆J% - табыстың өзгеруі
Егерде ЕID < О - бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.
ЕID >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.
Егерде О< ЕID < 1 – бірінші қажетті тауарлар
ЕID > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.
Көптеген тауарларға ЕID – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін, яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаюы мүмкін.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауарға деген бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады.
Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және формула арқылы есептеледі:
Мұнда: ЕхуD – қиылысқан икемдіділік коэффициенті;
∆ QX% – Х тауарына сұраныстын қатысты өзгеруі,
∆ РУ%; – У тауар бағасының өзгеруі.
Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуD > 0, онда Х және У – бірін-бірі алмастыратын тауарлар.
Егер ЕхуD < 1, онда Х және У – біріне-бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.
Если ЕхуD <0, то товары Х и У –теріс сан болса, онда бірің-бірі толықтыратын тауарлар.