Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет61/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   139
Акция курсы – акцияны сату және сатып алу бағасы. Ақша иесі акцияны сатып алуына да немесе банкке салуына да болады. Ол барлық уақытта дивидентпен банк пайызының деңгейін салыстырады. Сондықтан акция курсы дивиденд мөлшері мен банк пайызының деңгейіне тәуелді. Мысалы: 500 долл. акцияға 37,5 долл. дивиденд алады, банк пайызы 5%. Акция курсы дивиденттің банк пайызына қатынасымен анықталады. Біздің мысалымыз бойынша акция курсы - 75,0 долларға тең . Акция курсы сұраныс пен ұсынысқа да байланысты. Осыған байланысты акцияның номинальды (жалпы) құны және қолданып жүрген құны болады (сатылу құны).
Құрылтайшылар пайдасы – акция құнының курсы мен нақты қоғамға салынған капиталдың мөлшерінің айырмасы. Оны акционерлік қоғам құрылтайшылары иемденеді.
Акция әртүрлі болады. Оның негізгілері:

  • Атаулы акция – белгілі бір тұлғаға (адамға) беріледі, акционерлік қоғам кітабына тіркеледі. Бұл негізінен кәсіпорынның өз адамдарына беріледі.

  • Ұсынушы акция – бұл бір адамға бекітілмейді, акцияны ұсынған адам иесі болады.

  • Жай акция – акция иесі акционерлік қоғам іс-әрекетінің нәтижесі бойынша дивиденд алуына және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруіне мүмкіншілік жасайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет