Тұрақты шығындарға жататындар: кәсіпорынның қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары, қарыз пайыздарын төлеу, салық, аммортизациялық аударым, қорғау ақысы, қамсыздандыру шығыны, өндіріс тоқтаған кездегі құрал-жабдықтарға қызмет жасау шығындары, басқару аппаратының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарды кәсіпорын ұзақ мерзім кезеңінде дамуды да бақылай алады. Олар қысқа мерзім кезеңінде де өнім шығару көлеміне байланысты өзгермейді.
Өзгермелі шығындаршығарылған өнім көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Өзгермелі шығынға жататындар: шикізат, материалдар, жұмысшылардың жалақысы, энергия, тасымалдау шығыны, т.б. Кәсіпорын өнім өндіруді көбейту үшін, алдымен сол өнім өсіміне қанша өзгермелі шығын жұмсалатынын есептей білуі қажет. Сол үшін шығындарды өлшеуге (есептеуге) ерекше тәсілдермен ерекше өлшеу белгілерін зерттеп дайындау қажет.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы жалпы өндіріс шығынын құрайды. Оның көлемі өзгермелі шығынның өзгеруіне байланысты.
Кәсіпорын бірлік өнімге жұмсалған шығынды білуі қажет. Сондықтан орта өндіріс шығыны есептеледі. Оның үш түрі бар: