Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - бұл ел азаматтарының ел ішінде және оның сыртында ұлттық факторлардың көмегімен өндірген соңғы тауарлар мен қызметтерінің жылдық құны.
Келесі бір көрсеткіш ТҰӨ көрсеткіші тозған құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдарды аударып болғаннан кейінгі тұтынуға қажетті түпкілікті өнімдер мен қызметтердің соңғы нарықтық құнының жиынтығын көрсетеді. ТҰӨ-нің құрамында акциздер, кедендік салықтар және қосылған құн салығы сияқты жанама салықтардың түрлері болады. Осы салықтарды ТҰӨ-нен азайтсақ, макроэкономикалық көрсеткіштің келесі түрін аламыз.