Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет67/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139
1.Ұлттық экономика құрылымы.
Ұлттық экономика деп берілген қоғамда жүріп жатқан барлық экономикалық үдерістердің өзара байланысты жиынтығын айтады. Сонымен қатар ұлттық экономика макроэкономикалық заңдылықтарды белгілі бір елдің мысалында, олардың ұлттық ерекшеліктерін есепке алып қарастырады.
Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң): біріншіден, экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б.
Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — макроэкономикалық үлгілер. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі; екіншіден, жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.

  • Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.

Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.

  • Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.

  • Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.

Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.
Макроэкономикалық аспектіде қоғам қол жеткізуге тырысатын төрт басты мақсаттар ерекшеленеді:

  • Әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсер етуімен келетін өзгерістер мен баяу ұлттық ауқымдағы өндірістің тұрақты өсуі.

  • Бағаның тұрақты деңгейі. Ұлттық валютаны тұрақтандыру.

  • Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі.

  • Сыртқы саудалық баланстың теңдігін қолдау. Импорт пен экспорттың арасындағы салыстырмалы тепе– теңдік болжанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет