Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет70/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   139
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.
ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады. 
ЖІӨ көрсеткішінің құрамына кейбір келісімдер бойынша жасалған құндар кірмейді:
1. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес келісімдерді есепке алмайды. Оларға таза қаржылық келісімдер мен ұсталған тауарларды сату жатады. Қаржылық келісімдердің үш түрі орын алады: а) мемлекеттің трансферттік төлемдері (сақтандыру жарналары, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар, шәкіртақылар, т.б.); ә) жеке трансферттік төлемдер (студенттерге ата-анасының ақша аударуы, туыстарының берген сыйлықтары, т.б.); б) құнды қағаздар бойынша келісімдер (акцияларды, облигацияларды сату-сатып алу, т.б.). 
2. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес қызметтің түрлерін есепке алмайды. Оларға үй шаруасындағы отбасылық жұмыстар, көршіге көмек беру, қайырымдылық қызметтері және қызметтің басқа да түрлері жатады.
3. Бір жыл ішінде жасалған қоғамға зиян алып келетін кейбір келісімдерді есепке алмайды. Мәселен, есірткіні сату.
Ұлттық есеп - шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады. ЖҰӨ-ге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет