ЖҰӨ = А+W+R+I+P; Мұнда: А- жанама салықтар мен амортизация, W- жалдамалы жұмысшының жалақысы, R – ренталық төлемдер, I – жинақ капиталының пайызы (%), P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
Экономикалық теорияда ЖҰӨ номиналды (әлеуетті) және нақты түрге бөлінеді.
Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номиналды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды ЖҰӨ-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Номиналды ЖҰӨ Нақты ЖҰӨ = —————————— баға индексі номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды.
Номиналды ЖҰӨ ЖҰӨ дефляторы = —————————— Нақты ЖҰӨ Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.