Пайыздық ставка деңгейінің көтерілуі. Баға деңгейінің өсуіне байланысты тұтынушыларда, өндірушілерде қарызға ақша алуға мєжбүр болады. Осыған байланысты пайыз ставкасы көтеріледі, сондықтан сатып алушылар тауарды сатып алуды кейінге қалдырады, ал кєсіпкерлер инвестицияны азайтады. Мұндай құбылыс ұлттық өндірістің нақты көлеміне жалпы сұранысты азайтуға єкеліп тірейді. Бұл құбылысты «пайыз ставкасының тиімділігі» - деп те атайды.
Касса қалдығының тиімділігі немесе байлық тиімділігі. Баға деңгейінің көтерілуіне байланысты халықтардың қолындағы қорланған қаражат активтерінің (акция, облигация, касса қалдықтары) сатып алу қабілеттілігі төмендейді, олардың иелері кедейленеді. Сондықтан өз шығындарын азайту күтіледі. Керісінше, баға деңгейінің төмендеуіне байланысты сатып алу қабілеттілігі жоғарылап, материалдық игіліктер өседі, шығындарда көбейеді.