Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет81/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139
Кейнсиандық бөлікте қисық көлбеу, себебі жұмыссыздық болғандада өндірісті, бірлік өнімге шығынды көбейтпей жєне бағаны көтермей, ұлғайтуға болады.
Аралық бөлікте, өндірісте тиімсіз жабдықтарды, кєсіби қабілеттілігі төмен жұмысшыларды пайдаланудың салдарынан бірлік өнім шығыны көтеріледі. Осының негізінде осы бөлікте ұлттық өндірістің нақты көлемін ұлғайтқанда баға көтеріледі.
Классикалық бөлікте толық жұмысбастылық жағдайға сай, ұлттық өндірістің нақты көлемі максимальды деңгейге жетеді, єрі қарай көбейтуге болмайды. Бірақ жалпы сұраныстың жоғарылауына жауап ретінде баға деңгейі көтеріледі.
Жалпы ұсыным өзгеруіне баға факторлары мен қатар, баға емес факторларда єсер етеді.
Жалпы ұсынымның баға емес факторына жататындар:

  1. ішкі жєне импорттық ресурстарға бағаның өзгеруі;

  2. еңбек өнімділігінің өзгеруі;

  3. құқықтық нормалардың өзгеруі;

а) кєсіпорындарға салық ставкасы;
ә) мемлекеттік реттеудің өзгеруі;

Жалпы сұраным мен жалпы ұсыным қисығындағы қиылысқан нүкте баға деңгейінің тепе-теңдігі мен ұлттық өндірістің нақты көлемінің тепе-теңдігін көрсетеді (10.3-сурет).




3/а суретінде жалпы сұраным мен жалпы ұсыным қисықтары аралық бөлікте қиылысады. Баға деңгейінің өзгеруі тауарды артық немесе кем өндіруге апармайды.


3/б суретінде жалпы сұраным мен жалпы ұсыным қисықтары кейнсиандық бөлікте қиылысады. Ұлттық өндірістің көлемінің тепе-теңдігіне қозғалыс баға деңгейінің өзгеруін туындатпайды. 3/а суретіндегі стрелкалар көрсеткендей баға деңгейінің Р1-ден Р2 көтерілуі өндірушілерді өнім көлемін көбейтуге мұқтаж етеді, ал тұтынушылар – сатып алу көлемін азайтады. Нақты өндірілген өнім мен сатылған өнім тең болғанда, экономикада тепе-теңдік орнайды. Бірақ өмірде бұл тепе-теңдік бұзылып тұрады.
Тепе-теңдіктің бұзылу жағдайларын қарастырайық.
1-жағдай. Мысалы, жалпы сұраным жалпы ұсынымнан көп: AD’>AS.
Тепе-теңдікті орнату екі жағдайда мүмкін: а) өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеру;
б) өнім шығаруды ұлғайту.
Егер фирма екінші жағдаймен жұмыс жасаса өнім өндіру көбейеді, бірақ жалпы өндіріс шығындарының өсуіне єкеліп тірейді. Сондықтан, жаңа тепе-теңдік нүктесі өндіріс көлемінің жоғарғы сатысына сай болады. Бұл кезде ұлттық табыс өседі.
2-жағдай. Мысалы, жалпы сұраным жалпы ұсынымнан төмен: AD>AS.
Бұл жерде де екі жағдай мүмкін.
а) өндірісті қысқарту;
б) өндіруді өзгертпей, бағаны төмендету.
Бұл жағдайда кєсіпкерлер өндіріс көлемін азайтып, пайдалы бағамен тауарды қоймадан сатуға тырысады. Егер бұл жолмен көздеген межеге жете алмаса, бағаны төмендету қажет. Бұл жағдай жұмысшыларды жұмыстан шығарғанға дейін қайталанып отырады. Мұндай жағдайда ұлттық табыс төмендейді.
3-жағдай. Мысалы, жалпы ұсыным жоғарылады – AS.
Мұндай жағдайда фирма тұтынушыларға сол кездегі бағамен сатып алу мүмкіншілігінен артық көп тауар ұсынады. Нәтижесінде баға деңгейі төмендеп түсіп кетеді де, тауардың сатылу көлемі мен шығару көбейеді. Жаңа тепе-теңдік нүктесі тауарларды жоғарғы шығару деңгейі мен баға деңгейінің азаюына сай келеді.
Қорытынды: ұлттық табысқа қалай әсер ететіні белгісіз. Себебі, өнім саны (Q) мен баға (Р) өзгеруі єртүрлі бағытта жүріп жатады.
4-жағдай. Мысалы, жалпы сұраным (AD) төмендеп кеткенде.
Мұндай жағдайда өнім шығаруда баға да азаяды. Бағаның төмендеуі жұмысшыларды жұмыстан шығарғанға дейін созылады.
Қорытынды: ұлттық табысты төмендетуге әкеліп тірейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет