2. Экономикалық өсу: мәні және көрсеткіштері. Экономикалық өсу кез-келген елдің экономикалық өмірінің аса маңызды мәселесі болып табылады. Экономикалық өсу қандай да бір елдің ұлттық экономикасын-да белгілі бір уақыт аралығында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемінің өсуін сипаттайтын сол елдің экономикалық әлеуетінің ұлғаюын көрсетеді.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – бұл халықтың әл-ауқатын материалдық тұрғыдан көтеру, ұлттық қауіпсіздікті қамтама-сыз ету, шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын жақсарту, орта есеппен бір адамға шаққандағы табыстың өсуін шапшаңдату, сонымен қатар, ұлттық табыстың халықтың әр топтары арасында бөлінуін жақсарту.
Экономикалық өсудің сапасы – бұл халықтың материалдық жағдайларын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін арттыру, адам капиталына инвестиция құюды күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайларының қауіпсіздігін сақтау, толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғауды күшейту сияқты маңызды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел экономикасының дамуының әлеуметтік бағыттылығы.
Экономикалық өсудің қарқыны мен оның сапасы арасында белгілі бір өзара байланыс болады. Бірқатар жағдайларда, экономикалық өсудің жоғары қарқыны сапаның өсуімен сәйкес жүрмеуі мүмкін немесе керісінше, экономиканың өсудің тым әлсіз қарқыны өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік беруі мүмкін. Сондықтанда, көптеген экономистер қазіргі уақытта, экономикалық өсудің тұрақтылығын көрсететін өсудің орташа қарқынын (жылына 2-3%) қамтамасыз ету әлдеқайда тиімдірек деп санайды. Олай болса, дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі орта есеппен жылына 2-3%-ды құрайды деген сөз. Бұл жерде осындай стандартты өсу жұмыссыздық пен инфляцияның қалыпты деңгейіне сәйкес келетін жұмыспен толық қамту деңгейімен ұштастырылуы тиіс. Бірақ, кез-келген экономикалық өсудің әрқашанда оң нәтижеге әкеле бермейтіндігін ұмытпағанымыз жөн, яғни теріс экономикалық өсу де болады. Экономикалық өсудің дағдарысы – бұл әлемдік тәжірибеде нақты жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы жалғасқан 9%-ға дерлік төмендеу көрсеткіші. Әрбір елдің үкіметінің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының маңызды мақсаттарының бірі, ол экономикалық өсуге ынталандыру, оның өсу қарқының тұрақтандыру және оптималды деңгейде болуын қолдау. Экономикалық өсу экономиканың дамушы қозғалысын, оның прогресі мен дамуын көрсетеді.қоғамның экономикалық дамуы экономикалық өсуді, экономикалық құрлымдық қозғалыстарды, тұрғындардың өмір сүру жағыдайы мен сапасын қамтиды.
Экономикалық өсу дегеніміз белгілі бір уақытқа (бір жыл) нақты ЖІӨ (немесе ЖҰӨ) көлемінің салыстырмалы өзгеруі.
нақты ЖҰӨ - нің белгілі бір уақытта (жыл) көбеюі
Экономикалық өсуді өлшеудің үш әдістері
Нақты ЖҰӨ-ді жеке адам басына шаққанда көбеюі
ЖҰӨ -нің жылдық өсу қарқының пайызы
Экономикалық өсудің үш типі бар: экстенсивті, интенсивті және аралас (нақты).
Экстенсивті өсу – ол ұлттық өнімді өндіріс факторларын қосымша іске қосу (санын көбейту) арқылы көбейту. Мысалы : бидай өндіруді қосымша егетін жер көлемін көбейту арқылы өсіру, т.с.с.
Интенсивті өсу – ол ұлттық өнімді техниканы және технологиялық әдістер жетілдірудің нәтижесінде көбейту. Мысалы: бидай өндіруді агротехникалық, иррациялық шараларды қолданып, жердің құнарлығын көтеріп, әр 1 га егін түсімін арттыру.
Аралас (нақты) өсу – ол ұлттық өнімді, пайдаланып жүрген өндіріс факторларының санын көбейту арқылы, өндіріс қуаттылығын арттыру және техника мен технологияны жетілдіру арқылы көбейту.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің үлгілері.Экономикалық өсу үлгілері жоғарыдағы аталған факторларға тәулігіне байланысты. Экономикалық әдебиетте әртүрлі үлгілерді ұсынды. Олар: Ч.Коббо-П. Дуглас үлгісі, Р.Солоу үлгісі, А.Тинберген үлгісі, Рой Ф.Хоррод –Е. Домар үлгісі.
Жоғарыда келтірілген экономикалық өсу үлгілерін екі топқа бөлуге болады: көпфакторлы және қосфакторлы үлгі.
Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.