Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет92/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   139
Оукен заңы бұл ЖҰӨ-нің өсуі мен жұмыссыздық нормасы арасындағы байланысты анықтайды.
Оукен заңының негізгі ережелері:

  • Әр жыл сайын нақты ЖҰӨ-нің өсуі 2,7% деңгейе жұмыссыздықтың нақты деңгейінде ұстайды;

  • Әр 2 % өндірістің нақты өнімі өзінің табиғи деңгейін 2% өсіреді, жұмыссыздық деңгейін табиғи деңгейіне салыстырғанда1 % қысқартады;

  • Әр нақты ЖҰӨ 2 % қысқаруы табиғи деңгейден төмен болуы жұмыссыздық деңгейін 1% көбейтеді.




Бағаның өсу қарқыны

жұмыссыздық деңгейі

12.1-сурет. Филлипс қисығы



Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.



Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өседі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.
Еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұрнысты негізінен жалақы мөлшерін анықтауға тоқталады. Жүмыс беруші кәсіпорынның ұсынатын жалақы мөлшері мен жұмыс күшінің қажет ететін жалақы мөлшерін топтастырып анализ жасау арқылы тепе- тең жалақы мөлшері анықталады.
Жалпы алғанда еңбек нарығы басқа ресурстар нарығынан өзгеше, бүдан да терең зерттеуді қажет ететін нарық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет