87-бап. Демалыс түрлері
1. Жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;
4) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;
2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:
1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;
2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;
3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;
4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;
5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;
6) жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;
7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген.
10. Баланың қалыптасқан дағдылары:
1) дене бітімі дамыған; 2) білуге құмар;3) белсенді;4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
12. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
1) балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға;
2) халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге, фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға;
3) ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
4) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педагогикалық консультациялық қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған.
13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.
15. "Коммуникация" білім беру саласы.
Мақсаты: айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сөйлеуді дамыту; 2) көркем әдебиет; 3) сауат ашу негіздері;
4) қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі; 5) драма.
4. Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар
21. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.19. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:
1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;
2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.
22. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлері үшін оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:
ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут; мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;
мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.
2017-2018 оқу жылы Қазақстан республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат – Астана, 2017.
Әдістемелік нұсқау хатқа 2017-2018 оқу жылы меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарындарының барлық түрлерінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік материалдарды қамтиды..
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі бағыттары:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;
- балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.
Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, келесі міндеттерді орындайды:
- балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту;
- балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;
- рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру;
- балалардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту;
- әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету, жағымды өзін-өзі сезінуін дамыту;
- баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.
2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама) (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулыққа (бұдан әрі –Нұсқаулық) сәйкес ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар; - апталық циклограмма;
- балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады..
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
Үлгілік бағдарлама Стандарт талаптарына сәйкес:
- балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға;
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеуге;
- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құруға;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етуге;
- балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіруге;
- әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуына мониторингті ұйымдастыруға;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру салалары мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған Перспективалық жоспар қарастырады.
Перспективалық жоспар келесі өтпелі тақырыптар бойынша іске асырылады:
1. «Балабақша» - балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.
2.«Менің отбасым» - отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.
3.«Дені саудың жаны сау»- баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіруге бағытталған.
4. «Менің Қазақстаным» - балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
5.«Табиғат әлемі»- тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған.
6.«Бізді қоршаған әлем»- қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.
7.«Салттар мен фольклор»- Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне тәрбиелеуге, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
8.«Біз еңбекқор баламыз»- қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.
9.«Әрқашан күн сөнбесін»- балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді: жақын адамдарына сүйіспеншілікті, оларға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған қаласына, өз еліне құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.
Педагог Перспективалық жоспарға, өтпелі тақырыптарға сәйкес балаларды қабылдаудан басталатын барлық күн тәртібі процестерінің орындалуын ұйымдастырылған оқу қызметтері, серуен, балалардың үйге қайтуын қамтитын бір аптаға Циклограмма құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарда көрсетілген мақсатқа сәйкес анықталады;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілікпен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамытушы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-дамытушы ортаны қалыптастыру.
Циклограммада балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібінің әрбір сәтінің ұзақтығы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217 бұйрығы) талаптарына сәйкес анықталады.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды сапалы тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі тәсілдер мен қағидалар қарастырылады:
- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушыларына – педагогтардың, психологтардың, ата-аналардың баланың тұлғасының қалыптасуына және оның қабілеттерінің дамуына кешенді тәсіл;
- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың дамуына әрекеттік тәсіл;
- балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға денсаулықты сақтау тәсілі;
- баланың даму деңгейіне мониторинг жүргізуге және мектепке дейінгі ұйым әрекетіне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізуге арналған автоматизация жүйесі) инновациялық тәсіл;
- оқытудың тұтастық, сабақтастық, үздіксіздік ұстанымдары келесі бөлімде бұрын игерген білімді бекітуді, кеңейтуді және тереңдетуді жалғастыратын білім беру салаларының бөлімдерінің арасындағы байланысты қарастырады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін интерактивті құру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мазмұнына мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқыту және дамыту бағдарламалары бар, ресурстар кіретін интерактивті жабдықтар жатады. Бұл технологиялар балалардың логикасына, ойлауына, сенсорлық қабілеттерінің дамуына ықпал ететін электронды контентті ресурстары бар дидактикалық үлестірмелі материалдарды үйлестіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру
Мониторинг жүргізудің басты тәсілі табиғи жағдайда баламен жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында жүргізіледі:
- бастапқы – 1-10 қыркүйек;
- аралық – 10-20 қаңтар;
- қорытынды – 20-30 мамыр.
Стандарт талаптарына сәйкес баланың жетістіктерін бақылау оның жас ерекшеліктеріне сәйкес 3 деңгейдің болуын болжайды:
1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;
2- деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3- деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолданады.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру
Мемлекеттік, орыс, шетел тілі педагогтары:
- оқылатын тілдің ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады;
-оқудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады;
-бала тұлғасының тіл мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді және баланың тілге деген жеке қабілетін дамытуға жәрдемдеседі;
-интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолданады;
- үш тілді оқытудың бірлігін жүзеге асырады.
Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінің оқытушылары орыс тілінде оқитын топтарда мақсатты қазақ тілінде оқытуды, қазақ тілінде оқитын топтарда орыс тілінде оқытуды Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асырады
Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар
1) ересектердің балаларға құрметпен қарауы, балалардың өзін-өзі оң бағалауын қолдау, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділік;
2) балалардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдерін балалармен жұмыс барысында қолдану;
3) әрбір баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағытталған мектепке дейінгі ұйымдардың барлық педагогтарының, мамандарының және ата-аналардың балалармен жұмыс істеу өзара әрекетінің негізінде білім беру іс-әрекетін құру;
4) балалардың бір-біріне жағымды, мейірімді қатынастарын және олардың бір-біріне өзара әрекеттерін түрлі іс-әрекеттер түрлерінде ересектердің қолдауы;
5) балаларды барлық дене және психикалық күш түрлерінен қорғау;
6) балалардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге және диагностикалауға, әлеуметтік бейімделуіне қажетті жағдай жасау;
7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда ата-аналарға қолдау көрсету, мектепке дейінгі ұйымның білім беру әрекеттеріне ата-аналарды тарту.
Тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері
Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогы үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, рухани, кәсіби, мәдени жетілуге ұмтылысы мықты тұлға болуы тиіс тиіс.
Үлгілік бағдарламада анықталған міндеттерді табысты іске асыру үшін педагог балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын білуі және қолдануы тиіс. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, өздігінен білім алуы тиіс.
Педагог мектепке дейінгі педагогика мен психологияны, мектепке дейінгі білім беру саласында халықаралық және отандық нормативті-құқықтық құжаттарды білуі тиіс.
Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес педагог баланың дамуына диагностика жүргізу әдістерін игеруі, мамандармен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа жеке жоспарларын анықтауы қажет.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен мамандары:
- үнемі өздігінен білім алуы;
- педагогтар мен ата-аналар үшін ашық сабақтар беруі;
- оқытудың иннновациялық әдістері мен технологияларын игеруі;
- мақалалар, баяндамалар дайындау арқылы өзінің әлеуетін көтеруі;
- үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;
- өзінің біліктілігін алуы және дәлелдеуі үшін мерзімінде аттестациядан өтуі;
- жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуі;
- педагогтарға арналған түрлі байқауларға қатысуы;
- портфолионы өзінің педагогикалық жетістіктерінің нәтижелерімен үнемі толықтырып отыруы қажет.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2017 жылы педагогтарға көмек көрсету мақсатында мынадай әдіснамалық материалдарды әзірледі солармен таныстым:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша бойынша әдістемелік ұсынымдары;
- Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдары;
- «Халық ауыз әдебиеті -мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» әдістемелік ұсынымдары;
- «Сюжетті-рөлдік ойын - мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттің алғашқы сатысы» әдістемелік ұсынымдары;
- Балалар әндері жинағы әдістемелік ұсынымдармен бірге;
- «Мектепке дейінгі ұйымдардың жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметтеріне денсаулық сақтау технологияларын енгізу» әдістемелік ұсынымдары.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогтары мен мамандарына кешенді әдістемелік көмекті «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының rc-dd.kz. порталы қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы.
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;
6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі
- Мемлекеттік Елтаңбаны қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.
8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану тәртібі
8) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде;
13-бап. Қазақстан Респу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.
3. Мемлекеттік Гимн бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтіні мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалардың және өзге де өнер туындыларының негізі ретінде пайдалануға болмайды.бликасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)
1-бап. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |