Температура



бет4/4
Дата13.11.2019
өлшемі111,21 Kb.
#51710
1   2   3   4
Байланысты:
гигиена


30. Дәрігерлик учаскеде

Учаскелік дәрігер аурудың профилактикасын, диагностикасын, емделуін, науқастарды оңалтуды жүзеге асырады. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты емдеу тактикасын анықтайды.  Науқасты тексеру жоспарын әзірлейді. Клиникалық қараулар мен тексерулер, анамнез жинау және клинико-зертханалық және аспаптыық зерттеулер мәліметтері негізінде диагноз қояды (немесе растайды). Егер ондай таңдау тексеру нәтижелерінде көзделген болса, науқасқа емдеу әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құралдарды таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Емдеу, оңалту, сақтандыру мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Денсаулық орталықтарымен бірге салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттауға қатысады. Балаларды тамақтандыру, шынықтыру, мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммунопрофилактика мәселелері бойынша кеңес беру қызметін жүзеге асырады. Аурудың және қатерлі факторлардың ерте және жасырын нысандарын анықтауға арналған жұмыстарды жүргізеді, олардың науқасқа әсер етуінің төмендеуіне ықпал етеді. Қажет болған жағдайда, емдеу-профилактикалық ұйымдардың мамандарын тарта отырып диагностикалық, емдеу-сауықтыру және оңалту шаралардың кешенін ұйымдастырады. Бекітілген контингенттің денсаулық жағдайына талдау жүргізеді, медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Практикаға аурудың емі мен профилактикасының жаңа әдістерін енгізеді. Өзіне бағынатын орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды. 


31. сәулеленетин адамдардың санаттары персонал халық

Учаскелік педиатр және терапевт инфекция көзіне қатысты мынадай эпидемияға қарсы шараларды жүргізеді:



  • Нормаланатын мөлшерлер*

Дозалар шегі

Қызметкер (А тобы)**

Халық

Iзбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 20 мЗв, бірақ 1 жылда 50 мЗв артық емес

Iзбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 1 мЗв, бірақ 1 жылда 5 мЗв артық емес




Бір жылдағы эквивалентті доза көз бұршағында, теріде қол ұшында, аяқ ұшында

    150 мЗв 500 мЗв 500 мЗв

  15 мЗв 50 мЗв 50 мЗв






  • науқаста анық  клиникалық белгілер анықталса, соның ішінде интоксикациялық синдромның айқындылығы (ауыр ағымды), жасына және қызбасының 3 күн  бойы созылуына қарай; науқастың эпидемиологиялық көрсеткіштеріне қарай (арнайы тіркелген топқа жатса, коммуналды пәтерде, жатақханада тұрса ) емханаға жатқызады.

  • Аурудың ағымы жеңіл болса, тұрмыстық жағдайы тәуір және науқас санитарлық сауатты болса науқасты үйде оқшаулауды тағайындайды.

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ (СТЕРИЛИЗАЦИЯ) ӘДІСТЕРІ: ХИМИЯЛЫҚ, МЕХАНИКАЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ 


 Залалсыздандырудың ең қолайлы әдістері болып термиялық, сәулелік залалсыздандыру және этилен тотығымен заласыздандыру жатады. Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С - 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С - 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі:  
қыздыру уақыты (жұмыс камерасында бастапқы қыздыру уақытынан бастап белгіленген температураға дейін);
тепе-теңдік уақыты (жұмыс камерасында стерилденіп жатқан материалдың барлығына белгіленген температураның таралуы);
жою уақыты (нұсқауда көрсетілгендей, микробтарды жоюға арналған уақыт).
Залалсыздандырудың сенімділігі 50% жою уақытының ұзақтығына байланысты.  
Нақты залалсыздандырудың уақыты тепе-теңдік уақыты, қосымша жою уақыты және қосымша қауіпсіздік уақыты болып табылады. Залалсыздандыру дұрыс жүргізілмесе немесе температура параметрлері жеткіліксіз болса, стерелизацияны қайталап жүргізген жөн (Денсаулық Сақтау Министрлегінің № 720, 31.07.78 ж. бұйрығымен стерилизация тәртібі белгіленген). 
Ыстық бу қысымымен залалсыздандыру - жылу өткізуші. Ол объектілерге ыстық ауаға қарағанда интенсивті әсер етеді. Таңу материалдарын, медициналық аспатарды, төсек-орындарды Залалсыздандыру кезінде ауаның қатысуынсыз өзіндік стерилдеуді жүргізеді. Ал жабық толған ыдысқа стерилизация кезінде жылу өткізгіштік қызметін атқарады. 1884 жылы Л.Л. Гейндейрех ең алғаш рет автоклавта жоғарғы бу қысымымен залалсыздандыруды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта қөрғақ ыстықта Залалсыздандыруға төзімсіз құралдарды, автоклавта жүргізеді. Бұған төсек-орындар, резинкадан жасалған бөйымдар, синтетикалық заттар, жабық ампулалар жатады.  
Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру арнайы шкафтарда жүзеге асырылады. Онда температура тұрақтылығын әрдайым электротермометр және реле құрылғысы бар автотермореттегіш кешені сақтайды. Ыстық ауа сулы буға қарағанда жылу өткізгіштігімен ерекшеленеді. Осыған байланысты залалсыздандыру температурасы 160º-200ºС болуы керек. 180ºС температурада стерелизация уақыты 60 минутты құрайды. Залалсыздандыру уақытын анықтау кезінде тепе-теңдік уақытына көңіл бөлу керек, өйткені тепе-теңдік уақыты бумен Залалсыздандыруға қарағанда, құрғақ ыстықпен зарарсызандыру ұзағырақ. 
Сәулемен залалсыздандыру – Залалсыздандыруды ионмен сәулелену арқылы жүргізу.  
Х (икс), У (гамма), бетта бөлшектері және біршама ауыр нейрондар мен протондарды және т.б. қолданады. Олардың биологиялық өзгерістері білінбейді. Радиоактивті сәулелену ортадан өткенен кейін, иондалуды соңынан тудырады, соған байланысты ионмен сәулелену деп атайды. Қазіргі заманда, залалсыздандыру кезінде «рад» немесе «мега рад» (Мрад немесе 1*106) өлшем бірліктері қолданылады. Сәулелендіру үшін 2 түрлі құрал - жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар кобальты – 60 және электрон үдеткіштер. Кобальта – 60-тың жартылай ыдырауы 5 жылды құрайды. Сондықтанда сәулелендіру көзін әр 5 жыл сайын ауыстырады. Ионмен сәулелендірудің бактерицидтік әсері бактерия жасушасының метаболистік процесінің әсерінің нәтижесімен негізделген. Ионмен сәулелендірудің биологиялық әсері жанама және тура әрекеттің әсерінен болуы мүмкін. Радиациялық энергияның әсер етуінің бірінші нәтижесі тура немесе жанама әсер етуге байланысты емес, өйткені бұл қоздыру мен ыдыраудың пайда болуы, сәуленің сәулелендіру бөлшектеріне байланысты дәрежесі. Сәулемен залалсыздандыруға дәрілік заттарды, тану материалдарын, шприцтерді, инелерді, тігу материалдарын, қолғаптарды, тамырішілік егуге арналған жабдықтарды қолданады. Оптималды залалсыздандыру дозасы 2-2,5 Мрад.  
Ультрадыбыспен залалсыздандыру - 2*10 (индекс 4) 2*10 (индекс 8) жылдамдығына дейін механикалық тербеліс, адам құлағы тербелісті 1 секунд ішінде қабылдамауы ультра дыбыс деп аталады. Ультрадыбысты жасанды түрде алу үшін аранай құрылғылар қажет. Ультрадыбыс көздеріне пьезоэлектрлік қасиетке ие турмалин, кварц кристалдары жатады.  
 Пьезоэлектрліктің әсері кристалдардың электрлік полярлық қөбылыстарымен негізделеді, олардың механикалық өзгерістерін тудырады (сығлу, созылу, ширату). Әдетте ультрадыбыс генераторын осылай құрайды, ультрадыбыс толқындарын сұйық орталарда алынады. Шекарада сұйықтық, ауа, су толығымен шағылысады, және ауаның ортасына кетпейді. Сондықтан да, дыбыстандыру объектісінің және толқынның сәулеленуі арасындағы сұйықтық қатынас болған кезінде ғана ультрадыбыс әрекеті байқалады. Әр ортаның аймағында, ультрадыбыс толқындары енген жерлерде сығылу мен созылу кезек пен кезек жүреді. Бәсеңделген жерлерде микроскопиялық қуыстар қалыптасады, олар келесі сығылу кезінде тез жабылады. Мұндай құбылыс навигация деп аталады. Көпіршіктердің өмір сүру уақыты дыбыс тербелісі кезімен шамалас. Навигациялық қуыстарда бар молекула мен газдардың атомдар иондалу мен диссоциация процесіне тартылады. Қуыстарда микробты клеткаларды жою қабілеті бар активті радикалдар, энергияға бай заттар туындайды. Навигация процесі нәтижесінде микробтың жасуша қабығының жарылуы мен қысымында үлкен айырмашықты тудырады. Ультрадыбыстың бактерицидтік әсері дыбыстандыру объектісіне антисептикалық заттарды қосқан кезде ұлғаяды. 0,005% гибитан ертіндісі жиі қолданылады.  
Ультракүлгін сәулесімен залалсыздандыру - 100 жыл бұрын шамасында ультра күлгін сәулелерінің бактерицидті әсері байқалған. Қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерінің әсерінің нәтижесі дәлелденген. Максимум бактерицидті әсері 2540-2570 гр. А аймағында жүргізіледі. Микрожасушалардың протоплазмасымен адсорбцияланатын сәулелер бактерицидті қасиетке ие болады. 2000-4000 гр А ультракүлгін сәулелері ауруханаішілік инфекцияға арналған ауаны залалсыздандыру шараларын қолданады. Ультракүлгін сәулеленің ену күші аса күшті емес. Оларды өткізбеу үшін шынының жұқа қабаты жеткілікті. Сәулелердің әсері шағылысқан заттың бетімен шектеледі. Бактериалды аймақта егерде әр түрлі қорғаныс қабаттары микробқа қарсы әсеріне кедергі жасайды. Осыған байланысты, тығыз немесе жарақатөткізбейтін материалдардың беткі қабаттары ғана өңделеді, егерде микроорганизмдер қанмен және басқа органикалық заттармен қорғалмаған жағдайда, беткейлердің беті тегіс болса ғана. Сондықтан олардың беткейін ғана залалсыздандырамыз. Ауа мен мекеме дезинфекциясына арналған ультракүлгін сәулеленудің бірнеше әдістерді қолданылады: 

тура емес сәулелену (экрандалған бактерицидті шам)

 тура сәулелену (ашық бактерицидті шам) 

 ветиляция қөбырлары арқылы өтетін, ауаны залалсыздандыру

 ультракүлгін құрылғылары

 рециркуляция құрылғылары


Бактерицидті шамдардың мықтылығы мен саны бір болу керек: 6-15 мауаға бір лампа ВУВ-15 жеткілікті. Себебі, тура сәулелену кезінде 1 шаршы метр аумаққа 1Вт электроэнергиядан аз болмау керек. Тура сәулелену мекеменің жоғары бөлігінде жүргізіледі, аспалардың биіктігі 2-2,5 м болу қажет. Әдістің тиімділігі ауадағы микробтар санының 25-55%-ға, 2-3 сағат сәулеленуден кейін 50-80%-ға төмендітеді. 30ºС температурада шамдарды қолдануға рөқсат етілмейді, себебі құралдардың қызып кету қауіпі бар. Бөлмеде ылғалдылықтың болмауын есепке алу қажет, өйткені ылғалдылық 80-95% болса, бактерицидті әсердің тиімділігі 30-40%-ға төмендейді. Тазалық - ең бастысы болып табылады. Егерде микроорганизмдер бір қабатта орналасқан болса, ультракүлгін сәулеленудің әсері жоғары, ал көп қабатта орналасқан болса, төмегі қабаттағы микроорганизмдерді беткі қабаттағы микроорганизмдер қорғайды (қоғауыш қалқан құбылысы). Негізінен, мекемелерге комбинирленген (аралас) сәулелену әдісін қолданамыз: бір шамдар мекеменің төменгі жағын, сонымен қоса еденді сәулелендіреді, ал басқасы жоғарғы жағын.  
 Инфрақызыл сәулесімен залалсыздандыру – Залалсыздандыру арнайы аппараттарда жүргізіледі (терең вакуумды инфроқызыл және конвейерлі пештерде). Бұл медициналық аспаптар үшін арналған жылдам залалсыздандыратын әдіс. Инфрақызыл пеші 8 инфрақызыл қыздырғышы мен вакуумды насосы бар, екі жақты автоматтандырылған камера. Ең алдымен камерада сынап бағанасы 1-2 мм қызу байқалады, содан 7 минут ішінде 280ºС-қа дейін қызады. Залалсыздандыру аяқталған кезде камера ішіне ауаның орнына азотты енгізеді. Бүл салқындату жағдайын тез тудырады және медициналық инструменттерді тотығудан сақтайды. Англиядан істеп шығарылған конвейерлі пеш 180ºС жұмыс жасайды, инфрақызыл сәулелерімен қыздыралады. 
 Химиялық залалсыздандыру – иммунобиологиялық препараттар (вакцина, сарысу) мен қоректік орталардың бактериямен ластанбауын алдын – алатын стерилизация түрі. Қоректік орталарға көбінесе мынандай заттарды хлороформ, талуол, эфир қосады. Орталаран бұл консерванттарды шығару үшін сулы моншада 56ºС температурада қыздырады (консерванттар буланып кетеді). Вакцинаны, сарысуды консервлеуде бор қышқылының, формалинің – 0,05%, хлороформның – 0,5%, фенолдың – 0,5%, мертиолат және натрий азиді қолданады, олардың соңғы концентрациясы 1:5000, 1:10000. Әр түрлі мақсаттарда химиялық заттарды, ұшпалы химиялық заттар мен уларды жұмыста қолдану үшін дұрыс жұмыс істеу тәртібін сақтау қажет.  
 Биологиялық залалсыздандыру. Биологиялық зарасыздандыру антибиотиктерді қолдануда негізделген. Бұл әдісті вирусты дақылдандыруда қолданады. 
 Газды қолданып залалсыздандыру. МСВ – 532 газды стерилизаторлар, көлемі 2,3 л.  
 555 мг/л этилен концентрациясы кезінде тест-объекттердің стерилденуі 2-4 сағаттан кейін байқалады. Осыған орай, 1 сағат ішінде стрептококктың және 4-7 сағаттан кейін стафилококктың тіршілігін жойылғанын байқаймыз. Зең саңырауқұлақтары резистентті (төзімді), себебі оларда липидттердің көп мөлшерде болуымен байланысты. 3 сағатқа дейін қойылған тәртіпті қысқарқанан кейін, препараттың концентрациясын 8500-10000 мг/л дейін көтереді. Себебі этилен тотығы жарылу қауіпі бар, оны көбінесе инертті газ қоспасымен қолданады (10% этилен тотығын 90% көмірқышқылгазымен). Бұл қоспа әдебиеттерде карбокс және карбоксид ретінде қолданылады. Температура жоғарылаған кезде этилен тотығының белсенділігі артады (әр 10ºС температура көтерілгенде 2,74 рет жоғарлайды). Қалыпты температура режимі 45-65ºС және препарат концентрациясы 1000мг/л. Газды қолданып зарасыздандыруда автоклав пен құрғақыстық камерасына төзімсіз объектерді ғана өңдейді. Этилен тотығы әсер еткен барлық объекттерді 24-72 сағат ішінде желдету керек. Аса асқын сірке қышқылы көмегімен стерилизация жүргізіледі (дезоксон-1). Соңғысы төрақсыз, жоғары температурада бұзылуға ұшырайды. 40% ерітіндіде қолданады. Аса асқын сірке қышқылына катетрлер, пластмассадан жасалған трубкалар, жүрек қақпақшалары, тігу материалдарын залалсыздандырады. Хирургиялық инстументтер коррозияға ұшырайды, сондықтан да бұл әдіс тек тот баспайтын болаттан жасалған заттарға қолданылады. Залалсыздандырудан кейін, ас төзынан жасалған изотоникалық ерітіндімен ашық көк түс кеткенге дейін шаяды. Сұйылтылған ерітінді 100 г еріткіш пен 2гр. Аса асқын сірке қышқылынан тұрады. 30 күннен жоғары, суық температурада сақтайды. Көрсетілген ерітінді тек 1 рет қана қолданылады. Сонымен қатар резеңкеден және пластмассадан жасалған құралдарды Залалсыздандыру үшін 6% сутегі асқын тотығын қолдануға болады. 

ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) –
ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді
жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет
комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын
малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі.
Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып,
тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-
өнуіне, көбеюіне жол бермеу.
Дезинсекцияның әдістері:
Физикалық;
Механикалық;
Химиялық;
Биологиялық.
Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу,
жоғары тербелісті ультраток, иондаушы с әулелердің әсерін пайдалану ар қылы ұса қ
жәндіктерді жояды.
Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай к өң- қо қыстантазартылады.
Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ,
гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, к үкіртті газ, т.б.) қолданылады.
Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер
пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарыны ң бекітуімен белгіленген
ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар
орындалады.Дезинсекциялы қ заттарды қолданылу айма ғы мен шарттары оны ң улылы ғы
мен қауіптлік дәрежесі бойынша аны қталады.Мысалы:
1. Аса қауіпті (1-сыныпты) заттар – жабық бөлмелерде қолдану ға тиым салынады.
2. Қауіптілігі жоғары (2- сыныпты) заттар –тұрмыстық жа ғдайда қолдану ға болмайды.
Бұдан басқа жерлерде тек арнайы білікті маманның қатысуымен жасалуы
керек.Соңынан міндетті түрде желдету ж әне жинау ж ұмыстары ж үргізілуі тиіс.
3. Қауіпті (3- сыныпты) заттар- кез-келген б өлме жа ғдайында маманны ң қатысуымен
қолданылады.
4. Қауіптілігі аз (4- сыныпты) заттар- ешқандай шектеусіз жа ғдайда қолданылады.
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар:
Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналы қ
талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы ж ұмыс қа
босатылады.
Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге
құқылы болып табылады.
Жұмысқа кіріспес бүрын қызметкер арнай оқу-т әжірибеден өтке ж әне де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен е ңбек стажы болуы керек.
Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялы қ білімін кем
дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.
Дезинсекциялық және репеллентті заттармен ж ұмыс істегуге еш қандай
заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам та ғайындалады.
Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы
талаптарына сай арнай киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен
(СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
Өңделмеген жеке бас қауіпсіздік заттарымен жұмыс істеге тиым салынады.
Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу
кезінде мынадай ережелерді сақтау керек:
Міндетті түрде арнайы киім кию және де
жеке бас қауіпсіздік заттары:халат, аяқ киім,
респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер кию
қажет.
Ерітінді, эмульсия, суспензия,приманкаларды
дайындау кезінде әр түрлі респираторлар
қолдану.
Жаймаларды дезинсекциялық заттармен
өңдеу жұмыстарын жеке бас қауіпсіздік
заттарын қолдана отырып, бөлмеден тыс
немесе арнайы тартпалы желдеткішпен
жабдықталған бөлмеде жүргізу керек.
Дезинсекциялық заттардың теріге,
шырышты қабықтарға түсіп кетпеуіне жол
бермеу керек.
Жүргізілетін орынға байланысты:
далалық дезинсекция – адамдар және жануарлар болатын
жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қан сорғыш
жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елдімекен
шегінде қан сорғыш жәндіктер мен кенелерді жою;
кенттік дезинсекция – елдімекен шегінде зиянды жәндіктерді,
кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;
Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру
жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан
басталады. Одан әрі іріктеп бақылауды мемлекеттік санитариялы қ-эпидемиологиялы қ қызмет
органдары жүзеге асырады.
Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына, объектілердің орналасу деңгейіне және
қолданылатын дезқұралдардың сипатына қарай айқындалады.
Өңдеуді не жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей, не содан кейін бірден жүргізу қажет.
Кенттік дезинсекцияның тиімділігінің негізгі көрсеткіштері жәндіктерден тазартылған ауданны ң
артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтарының болмауы және
сандарының азаюы болып есептелінеді.
Бақылап тексеру кезінде егер, жәндіктер бір ай ішінде үй-жайлардың бірінен де бай қалмаса,
объект «жәндіктерден тазартылғандар» қатарына жатады. Тірі бір жәндік табылған жағдайда
объект «таза емес» санатына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі.

Дератизация (де... және лат. rat – егеуқұйрық) – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрықтышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштертарататын түрлі аурулардың (обатуляремияқұтырусарыпкүйдіргісальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тортұзаққақпан қою, т.б.); биологиялық (итмысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.[2]

Дератизация — егеуқұйрықтар мен тышқандарғаатжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады. Ал санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты — тұрғын үйлерде, қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет. Кеміргіштерді жою шаралары механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүргізіледі. Механикалық шараларға әр түрлі қақпандар мен ұстағыштар жатады. Қақпандардың серіппелі үлкен (егеуқұйрықтарға арналған) және кішкене (тышқан қақпан) түрі коп қолданылады. Химиялық тәсілге уланған жемді пайдалану жатады; у ретінде көбіне зоокумарин қолданылады. Ал биологиялық тәсілмен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдаланады.[3]

Иммунопрофилактика бөлінеді:

Арнайы- нақты қоздырғышқа қарсы, 2 түрде болады:

- арнайы белсенді профилактика - иммунитет қалыптасқан үшін вакцина мен анатоксиндерді қолданады.

- арнайы пассивті профилактика - бұл кезде қансарысулары мен иммуноглобулиндер қолданылады.

Арнайы емес- бұл организмнің жалпы резистенттілігін жоғарылату үшін қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет