Температура


Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері. Жазатайым оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу



бет2/4
Дата13.11.2019
өлшемі111,21 Kb.
#51710
1   2   3   4
Байланысты:
гигиена


20. Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері. Жазатайым оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу
Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы.

Зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.

Қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.

Кәсіптік ауру - қызметкердің өз қызмет міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына табиғи іс-әрекеттер бойынша келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Өндірістік жарақаттану факторларының негізгі түрлері:

1. машина, механизмдер, құралдар, қосымша құралдар;

2. транспорт жабдықтары, автотранспорт, жүк көтеруші қондырғылар;

3. құлаған, жарылған, ұшқан заттар және олардың жарықшалары;

4. үймереттердің немесе оның бөліктерінің құлауы;

5. адамның биіктен құлауы;

6. электр тоғы;

7. термиялық фактор ( күйік);

8. заттар, жүктер қозғалыста болуы;

9. уланған заттар;

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:



  1. Техникалық себептер:

  • машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға арналған қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің болуы мен дұрыс жөнделмегендігінен;

- жұмыс орындары және олардың элементтерінің техникалық күйінің жеткіліксіздігінен;

- технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;

- технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың болмауынан.

2. Ұйымдастырушылық себептер:

- жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;

- ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының, территория, өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;

- техникалық қауіпсіз ережелерін әкімшілік бұзса;

- жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не істемегендігінен;

- нұсқау кезіндегі кемшіліктер болуынан.

3. Санитарлық-гигиеналық себептер:

- жұмыс бөлмелеріндегі метеорологиялық жағдайлардың қолайсыздығы

- шу мен дірілдің болуы

- санитарлық қызмет көрсету бөлмелерінің жеткіліксіз болуы

4. Психофизиологиялық себептер:

- арақ ішімдіктер мен нашақорлық заттарды қолдану

Өндірістегі жазатайым оқиға дегеніміз өзінің қызмет міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі.

Өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында оларды талдау үшін статистикалық, монографиялық және экономикалық әдістерді қолданады.

Статистикалық әдісте жазатайым оқиғаларды зерттеу үшін Н-1 формасындағы актіні пайдаланады. Бұл әдіс бойынша жазатайым оқиғаларды себебі, ауырлығы, жасқа байланысты, мамандық, уақыт және басқа да көрсеткіштер бойынша талдайды.

Өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың абсолют саны жарақат деңгейі мен динамикасы жөнінде мәліметті толық бермейді, себебі әр өндірісте жасалған жұмысшы саны әртүрлі. Сондықтан салыстырмалы көрсеткіштер жарақаттың жиілік көрсеткіші Кж және ауырлық коэффициенті Ка қолданылады.

Жарақаттың жиілік коэфициенті:

Кж =

Жиілік көрсеткіші жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетпейді, себебі кейбір өндірістерде ылғи жеңіл жарақат, ал екіншісінде тек ауыр болуы мүмкін. Сондықтан да ауырлық коэффициенті енгізіледі. Ол есеп беру аралығындағы берілетін адамның жарақаттануы себепті қанша жұмыс күнін жоғалтатынын сипаттайды.

Статистикалық әдістердің топтық және топографиялық деп бөлінеді.

Топтық әдісте жазатайым оқиғаларды жасы, жынысы бойынша топтайды.

Топографиялық әдісте жазатайым оқиға болған жерді цехтың, учаскенің, технологиялық жүйеде немесе қондырғыда план бойынша щартты белгілермен көрсетеді. Белгілердің саны жекеленген орындардың қауіптілігін сипаттайды.

Монографиялық әдіс істеп тұрған және жобаланып жатқан жекеленген қондырғыларда, сонымен қатар жазатайым оқиға болған жұмыс орнындағы жағдайды детальды түрде талдау үшін қолданады.

Экономикалық әдіс материалдық шығынға баға беру үшін қолданады.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру

Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шегушi немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмысты ұйымдастырушыға жедел хабарлауға мiндеттi.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:

төраға – кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары;

мүшелері - кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.

Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.

Арнайы тексеруге мыналар жатады:

1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;

2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;

3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.

Қатерлі улану жағдайында комиссияның тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жұмысшы қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тексереді және есепке алады.

Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.

Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.

Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.

21. мектепте баларды оқыту

Жалпы білім беретін мекемелерінің жоспарлануына және жобалануына қойылатын гигиеналық талаптар келесі қағидаларды орындауға негізделеді:

1. оқу-тәрбие үрдісін, сондай-ақ еңбек және жан-жақты дене шынықтыру тәрбиесін жүргізу үшін оңтайлы жағдайлар жасау

2. бастауыш сыныптардағы оқушылар үшін қорғаныстық режимін қамтамасыз ету және жұқпалы аурулар таралуының алдын алу мақсатында оқушыларды жасына қарай оқшаулау

3. қоршаған ортаның жағдайларын - ауа жылу режимін, табиғи және жасанды жарықтандыруды, ауа ортасының сапасын, жер телімі мен бөлмелерде санитарлық жағдайын қолайлы ету

4. тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайлар қамтамасыз ету

5. балалардың ұзартылған күн топтарында болуы, демалу және жаппай-мәдени жұмыстары үшін қолайлы жағдай жасау.

Оқу-тәрбие үрдісін толыққұнды ұйымдастыру үшін ЖББМ жер телімдерінің ауданын және оның құрамдас бөліктерін дұрыс орналастырудың үлкен маңызы бар. ЖББМ жер телімінің ауданы оқушылардың санына байланысты есептеліп, 1 оқушыға 35-тен 72 шаршы метрге дейін құрайды. Жер телімі бірнеше аймақтарға бөлінеді: оқу-тәжірибе, дене шынықтыру – спорт, демалу және шаруашылық.

Оқу-тәжірибе аймағына әр түрлі бөліктер: бастауыш сыныптардың бөлігі, саябақ және тәлімбақ, егін және көкөніс дақылдары, гүлді–сәндік өсімдіктер, зообұрышпен жылыжай, көшетхана, географиялық алаң және т.б. жатады. Бұл аймақтың ауданы жер телімнің 25% аспауы керек. Ол жер телімінің түкпірінде, шаруашылық және демалу аймақтарының арасында орналасуы тиіс.

Дене шынықтыру – спорт алаңы жер телімнің шамамен 35-45% құрайды. Ол сынып бөлмелерінің терезелері шықпайтын, ғимараттан 25 м кем емес қашықтықта отырғызылған егілген ағаштар жолағының сырт жағына орналастырылады. Бұл аймақта, айналмалы жүгіретін жолы бар, жеңіл атлетикалық спорт ядросын, баскетбол, волейбол және теннис алаңдарын, спорттық ойындарға, ұзындыққа және биіктікке секіруге, доп лақтыруға арналған құрама алаңдарын орналастыру қарастырылады.

Демалу аймағы жер телімінің 6-8% құрайды, мұнда қимылды ойындар мен тыныш демалатын алаңдар болуы тиіс. Тыныш демалыс алаңдарын спорт және қимылды ойындар алаңдарынан белгілі бір қашықтықта, жақсы көгалдандырылған аймақта орналастырғаны дұрыс. Ал, қимылды ойындарға арналған алаңдар үзіліс уақытында белсенді ойнау үшін ғимараттың кіре берісіне орналастырылады. Қимылды ойындар алаңы бастауыш және орта сыныпта оқитын оқушылар үшін жеке болуы тиіс. Белсенді демалыс үшін жоғары сыныптың оқушыларына дене-шынықтыру – спорт аймағы алаңдарын қолдану қарастырылады. Шаруашылық аймағыноқу-тәжірибе аймағына жақын және асхананың өндірістік бөлмелері жағына орналастырады. Оның өзінің жеке автокөлік кіретін жолы болуы тиіс. Бұл аймақта әр түрлі шаруашылық бөлмелері мен қоқыс жинағыштар болуы мүмкін.

ЖББМ ғимараттары, олардың жоспарлы сыйымдылығын ескеріп, жобаланады, ол гигиеналық талаптар бойынша 1000 оқушыдан (33-40 сынып) аспауы тиіс. Оқушылар санының жоғарылауы жұқпалы аурулардың өсуіне, оқу үрдісін ұйымдастырудың қиындауына, бір бөлмеден басқа бөлмеге ауысуларының саны мен ұзақтығының өсуіне, барлық оқу бөлмелеріне тиімді күн сәулесінің түсу режимін және ауа ортасының тиісті сапасын қатамасыз етуге мүмкіншілік болмауына, шу деңгейінің жоғарлауына, мекеменің санитарлық тәртібінің нашарлауына себеп болады. ЖББМ композициясының ең тиімдісі, жылы өтпе жолдармен қосылған, жеке оқу секциялық-блоктардан тұратын, топтастырылған ғимарат болып табылады.

Ғимараттың биіктігі 2-3 қабаттан аспауы тиіс, тек маңайындағы құрылыстың көптігінен жер телімі тар болған жағдайда ғана 4 қабаттық ғимаратты салу рұқсат етіледі (жоғары сейсмикалық аудандардан басқа жерлерде). Ғимараттың төртінші қабатында оқушылар сирек баратын бөлмелер орналастырылуы тиіс. Оқу бөлмелерін жоғарғы қабатта орналастыру мектеп учаскесінде белсенді демалу мүмкіндігіне кедергі жасайды, себебі үзілістің көп уақыты баспалдақпен түсіп, шығуына кетеді. Одан басқа, оқу бөлмелеріне, спорт залына, асханаға баратын жол ұзарады, қарама-қарсы оқушылар ағымынан баспалдақта кептеліс дамиды, қабаттарға көтерілу кезінде жүрек-қан тамырлар мен тыныс алу жүйелеріне жүктеме түседі.

Бөлмелердің құрамы мен ауданы жалпы білім беретін мекеменің түрлері мен типтеріне байланысты, себебі бұл мекемелер оқушылардың жасына байланысты топтарының арақатынасымен де, сонымен бірге, оқу үрдісінің мазмұнымен, түрлерімен, ұйымдастырылу әдістерімен де және профильдік оқытудың бағытымен де ерекшеленеді. Қазіргі кезде білім беру 3 сатыға бөлінеді: 1-сатысы – бастауыш жалпы білім беру (1-4 сыныптар), 2-сатысы – негізгі жалпы білім беру (5-9 сыныптары) және 3-сатысы – толық жалпы орта білім беру (10-11 немесе 8-11 сыныптар). Білім беру үрдісі әр түрлі мекемелерде жүргізіледі: бастауыш, негізгі және толық жалпы орта білім беретін мектептерде, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын орта мектептерде, профильдік мектептерде, гимназияларда, лицейлерде. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда, гимназиялар мен лицейлерде білім берудің 2-ші және 3-ші сатылары бойынша, ал профильдік мектептерде 3-ші сатысы бойынша дайындық жүргізіледі. Гимназия 2-3 шетел тілін білетін, орта гуманитарлық білім береді. Лицей, бірқатар пәндерді тереңдете оқытып және сол пәндер бойынша мамандыққа дайындай отырып, үзіліссіз жүргізілетін орта және жоғары білім берудің бірінші сатысы болып табылады.

Ғимараттың құрылымындағы бөлмелер 2 негізгі топқа бөлінеді: оқу және жалпы мектептік. Оқу тобына – сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар, спорт залдары, еңбек бөлмелері жатады. Жалпы мектептік бөлмелердің құрамында рекреация залдары, гардеробы бар вестибюль, мәжіліс залы, кітапхана, әкімшілік-шаруашылық бөлмелері, медициналық пункт, асхана және буфет, спорт залындағы киініп-шешінетін және душ қабылдау орны, санитарлық жүйе және т.б. кіреді.

Оқу бөлмелері 1-ші, 2-4-ші және 5-11 сыныптары үшін бөлек секцияларға топтастырылады. 1-саты оқушылары 2- және 3- саты бөлмелерінен оқшау, блоктың жеке секцияларында орналасқан өздеріне бекітілген сынып бөлмелерінде оқуға тиісті. Бірінші сыныптағылардың әрбір секциясына 3 сынып бөлмелері, сонымен қатар, ұйқы-ойын бөлмелері, рекреация және санжүйесі кіреді. 2-4 сыныптар оқушылары секцияларына, саны 6-дан аспайтын, сынып бөлмелерінен басқа, тыныш ойындарға арналған бөлмелер, ұзартылған күн топтары үшін, компьютер залы, әдістемелік бөлме, мұғалімдер бөлмесі, рекреация, санитарлық жүйелер болуы тиіс.

2- және 3- сатыдағы оқушыларды оқыту сынып - кабинет жүйесі бойынша жүзеге асырылады, мұнда пәндер арнайы жабдықталған сынып –кабинеттерде немесе мамандандырылған кабинеттерде (физика, химия, биология, информатика, сызу және т.б.), сонымен қатар, профильдік оқытуға арналған (гуманитарлық, физика-математикалық, химия-биологиялық және т.б.) мамандандырылған бөлмелер тобының кабинеттерінде жүргізіледі. Сыныптар мен кабинеттердің саны оқу топтарының санынан аз болмауы қажет. ЖББМ сыныптарының балалар санымен толуы 25 оқушыдан аспауы қажет, ал мектептердің жоғары сыныптарында, профильдік мектептерде, гимназияларда және лицейлерде оқушылардың санын 20-ға дейін азайтуға рұқсат етіледі.

Фронтальдық түрде жүргізілетін сабақ кезінде оқу сыныптары мен қабинеттерінің 1 оқушыға келетін ауданы 2,5м2, топтар бойынша және баланы жеке оқыту түріндегі сабақ кезінде - 3,5м2, аралас түріндегі оқыту кезінде, сондай-ақ, жаратылыс пәндері бойынша мамандырылған кабинеттерде – 2 кем болмауы тиіс. Фронтальдық сабақтар кезінде барлық оқушылар тақта мен мұғалім жаққа қарап отырады, ал топтық сабақтар кезінде сынып оқушыларын, 4-8 адамнан тұратын, кіші топтарға бөледі, олар бір-біріне қарама-қарсы отырып, ұжымдық тапсырманы орындайды, соған сәйкес оқушылардың оқу үстелдері орналастырылады.. Баланы жеке оқыту түріндегі сабақ кезінде тапсырманы өз беттерімен орындауы үшін, оқушылар бүкіл оқу бөлмесі ішіне жеке-жеке отырғызылуы мүмкін. Осыған сәйкес, сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің ауданы – 62,5-87,5м2 болуы қажет. Бөлме биіктігі 3 м кем болмауы керек, одан аз биіктігі бір оқушыға қажетті ауа текшесін және ауа алмасу есесін қамтамасыз ете алмайды.

Сынып бөлмелерінің тік бұрышты, қабырғалары 3:4 қатынасында болуы және терезелері оқушылардың сол жағында орналасуы гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы болып табылады. Сол жақтан түскен жарық кезінде жұмыс үстелінің беті қолдың көлеңкесімен көлеңкеленбейді, ал тік бұрышты оқу бөлмесінде оқушылардың үстелдерн 3 қатар етіп орналастырған кезде, сынып тақтасының қажетті көз көрерлік бұрышы - көру сызығы мен тақтаның жазықтығы арасындағы көлденең бұрыш жеткілікті дәрежеде (бірінші сыныптағы балалар үшін 45º кем емес және 2-3 сатыдағы оқушылар үшін 35º кем емес) қамтамасыз етіледі. Егер бөлме шаршы немесе көлденең бағытта созылыңқы болса, онда үстелдерді 4 қатарға орналастырады, бұл кезде шеткі қатарлардағы оқушылардың көз көрерлік бұрышы күрт төмендейді, нәтижесінде көрудің зорлануы, дене мүсінің бұзылуы, омыртқаның қисаюы дамиды.

Оқу сыныптары мен кабинеттерінде оқушылар және оқытушылар үшін, оқушылардың топпен және жеке жұмыс істеуі үшін, белсенді жұмыстар үшін бөлінген жұмыс зоналары, сондай-ақ, оқу - көрнекі құралдарын, техникалық оқу құралдарын және оқушылардың жеке заттарын орналастыруға арналған қосымша орын болуы керек.

Физика, химия, биология пәндерінің оқу кабинеттері, сонымен қатар профильдік оқуға арналаған мамандырылған блоктардың құрамында зертхана, жаттықтыру сабақтар өткізілетін екі бөлме және зертханалық бөлме болуы тиіс. Информатика және есептеу техникасы, техникалық сызу, компьютерлік сынып кабинеттерін 10-12 орынға есептейді. Бір орынға белгілінген ауданы информатика кабинетінде 7,5м2, ал басқа 2 кабинетте 6м2.

Спорт залдары 2-ші қабаттан жоғары орналаспауы керек. Оқу секцияларынан оқшау, 1-ші қабатта орналасуы ең тиімдісі болып саналады. Бұл спорт залдан көтерілетін ластанған ауамен жоғары орналасқан бөлмелердің ластанбауына және сыныптар мен кабинеттерде шу деңгейінің жоғарыламауына мүмкіндік береді. Спорт залына оқу секциясы арқылы өтуге рұқсат етілмейді. Спорт залдарындағы ауа алмасуы, дене жүктемесі кезінде едәуір өсетін өттегінің оқушыларға қажеттілігін және ауаның тазалығын тиісті деңгейде сақтау үшін жеткілікті болуы қажет. Бұл мәселе бірінші кезекте залдың өлшемімен қамтамасыз етіледі. Спорт залдарының биіктігі 6 м кем болмауы қажет. Залдың ауданы мен саны оқушылардың және мектептегі параллель сыныптардың сандарына байланысты анықталады. Спорт залдарының ең кіші ауданы – 270м2 (18х30), ең үлкені – 1008м2(42х24м). Спорт залдары гимнастика сабақтарымен қатар, әр түрлі ойындарды жүргізуге есептелуі қажет, сондықтан ойындарды өткізу кезінде 1 адамға бөлінетін аудан 15-20м2, ал гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде – 6-8 м2кем болмауы керек. Спорт залдарының жанында снарядтық, қыздар үшін және ұлдар үшін бөлек киім ілетін, душ бөлмесі және санжүйелер қарастырылуы тиіс.

Еңбекке баулу бөлмелері: еңбек пен жұмыс технологияларын зерттеу шеберханалары (металл, ағаш, мата өңдеу жөніндегі және олардың технологиясы, кулинария және т.б.) және мамандандырылған шеберханалар (электротехника, радиоэлектроника, авто іс және т.б.) - оқу секцияларынан оқшау, 1 қабатта орналасуы тиіс, өздерінің учаскеге шығатын есігі болуы қажет. Жұмысты жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, шеберханада бір уақытта сыныптың жартысы ғана жұмыс жасайды, ал 1 оқушыға есептелген ауданы, сынып бөлмелерімен салыстырғанда, 2-3 есе үлкен болып қарастырылады. Мысалы, еңбекті және жұмыс технологияларын зерттеу шеберханаларында бір балаға есептелген ауданы - 7,5м2, ал мамандандырылған шеберханаларда - 9-15м 2 құрайды.

Рекреациялық бөлмелерді 1 оқушыға 2м2есебінен зал немесе дәліз түрінде жоспарлайды. Зал түріндегі бөлмелер тиімділеу болып келеді, себебі олар балалардың қимыл белсенділігі үшін үлкен мүмкіндіктер береді және таза ауаның жақсы резервуар болып табылады. Кабинеттердің бір жақты орналасуы кезіндегі дәліздің ені 4 м, ал екі жақты орналасқан кезде – 6 м кем болмауы қажет.

Гардеробтар, мектептің бастауыш, негізгі және жоғарғы сыныптарына арналған зоналарға бөлініп, оқшау орналасуы қажет. Оларды оқу бөлмелері мен рекреацияларда орналастыруға болмайды.

Медициналық пунктті көбінесе 1 қабатта орналастырылады, оның құрамына дәрігер-педиатрдың, тіс дәрігерінің, психологтың кабинеттері, егу және ем-шаралар жүргізілетін бөлмелер кіруі керек. Медициналық пункттің жеке санитарлық жүйесі болуы тиіс.

Мектеп асханасын ғимараттың бірінші қабатында, сыртқа шығатын есігі бар, жеке бөлігінде орналастырады. Бөлмелерінің құрамы, асхана шикізатпен бе немесе жартылай дайындалған өніммен жұмыс істейді ме, соған байланысты. Асхананың түстенетін залының ауданы әрбір оқушыға 0,8м2, ал орындардың саны оқушылардың және оқытушылар-әкімшілік құрамы санының 1/3 кем болмауы қажет. Асхананың кіре берісінде міндетті түрде қол жуғыштар қойылуы қажет.

Мектеп ғимаратының әрбір қабатында қыздар мен ұлдарға бөлек, 30 қыз балаға бір унитаз және бір қол жуғыш, 30 ұл балаға – 1 унитаз және бір қол жуғыш есебінен, есіктері ілмексіз, кабина түріндегі санитарлық жүйелер орнатылады

Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің барлық негізгі бөлмелерінде табиғи жарығы болуы тиіс, оның ішінде, ұзақтығы жеткілікті инсоляциясы болуы тиіс. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балалардың үнемі болатын бөлмелерінің: топтық, музыкалық және гимнастика залдарының терезелерін оңтүстікке бағыттау ең қолайлы болып табылады, себебі ол күзгі және көктемгі кезеңдерде ұзақ инсоляцияны қамтамасыз етеді және тым қызып кетуінің алдын алады. Дегенмен, топтық бөлмелер үшін 85-градустан 275 градусқа дейінгі азимутта, залдар үшін кез келген бағытталуы рұқсат етілуі мүмкін. Ұйықтайтын бөлмелер мен медициналық пункттерде шығысқа бағытталуы оңтайлы болып саналады, бірақ, кез келген басқа бағытталуы да рұқсат етіледі.

Жалпы білім беретін мекемелердің оқу бөлмелерінің терезелері оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе шығысқа бағытталуы қажет. Солтүстік немесе солтүстік-шығысқа сызу, сурет салу, информатика және есептеу техникасы кабинеттерінің терезелері бағытталады. Батысқа бағытталу қолайсыз болып табылады, өйткені бөлмелерге күннің екінші жартысында күн сәулесі тікелей түсіп, олардың едәуір қызуына алып келеді. МДМ бөлмелеріндегі және ЖББМ барлық негізгі оқу бөлмелеріндегі ТЖК 1,5% кем болмауы қажет. Топтық бөлмелердің тереңдігі 6 м ден аспауы керек, тереңдігі одан артық болса, терезелерін екі жағында немесе көршілес қабырғаларға бұрыштап орналастырылуы қажет. Терезелер биік гүлдермен көленкеленбеуі қажет. Оларды ілетін немесе тасымалданатын ыдыстарда орналастырған жөн. Көзге тікелей немесе шағылысып түсетін күн сәулесінің әсерін жою үшін, терезелерді жалюздермен, перделермен жабдықтайды.
22ойыншық

Бала тіршілігінде де, тәрбие прцессінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерекшеліктеріне негізделеді.Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі. Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т.с.с.) дамытуға арналады. Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар т.с.с. болып табылады. Олар мүмкіндігінше ірі, қармап ұстауға ыңғайлы, ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде болуы керек. Бір жастың соңына қарай қүыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-әткеншектер т.б. қолданыла бастайды.Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп, тіл дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастардағы балалар белгілі роль атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім т.б.) көше бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық ойындарға арналған ойыншықтар пайдаланылады.Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім, интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен ойыншықтар 5 топқа бөлінеді: бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған ойыншықтар; бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас); үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас); алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы) және оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы) деп бөлінеді.Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады. Көбінесе, экспертті баға беру ғылыми зерттеу институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі. Ойыншықтарға күнделікті бақылауды СЭС жүргізеді және ойыншық шығаратын өндіріс орындары мен оларды халыққа тарататын дүкендерді бақылап отырудан тұрады. Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары төмендегідей болып келеді:



  1. Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;

  2. Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің, су құбырларының балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік тексеру-ден өтіп отырады;

  3. Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек;

  4. Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан басқасын қайта қабылдауға болмайды;

  5. Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым салынады;

  6. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым салынады;

  7. Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т.б. ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек;

  8. Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;

  9. Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;

  10. Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр аспауы керек;

  11. Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір бөлшектері болмауы керек;

  12. Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы керек;

  13. Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі ойыншықтардың күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек.

Зерттеулерге арналған ойыншықтардың үлгісі он күннен ерте және 30 күннен кейін қалдырмай, пайдаланылғаннан кейін, саны 5 данадан кем болмай тексерілуге жеткізілуі керек. "Санитарлық ережелерде" зерттеу тәсілі берілген. СанНменЕ талаптарының сақталуын қадағалау санитарлық эпидемиологиялық қызметке жүктеледі.

Егер ойыншық рұқсат етілген материалдардан (бояу, лак, желім т.б.) жасалған болса, және оларға химиялық анализ жасалғанына бір жылдан көп уақыт өтпесе, онда, оларға міндетті түрде гигиеналық экспертиза жасағаннан кейін, екінші рет химиялық анализ жасауды талап етпестен пайдалануға рұқсат етуге болады. Жаңа материалдарды дайындауға рұқсатты Республиканың Мемлекеттік Санитарлық Эпидемиологиялық қызмет Басқармасы береді.

Техникалық жағдайлары бойынша санитарлық қызметпен келісімге түспеген ойыншықтар жедел түрде өндірістен алынып тасталуы керек. Изолятордағы ойыншықтарды топтық бөлмелерге апаруға тиым салынады. Бұл ойыншықтардың материалдары оларды мезгіл сайын залалсыздандырып тұруға қолайлы болуы керек. Бала бақшаларда ойыншықтарды бір топтан екіші топқа тасымалдауға тиым салынады, топтық жекелендіру принципін қатал сақтау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет