1. Микроклимат (грекше Micros - шагын + климат ) адам ағзасыныц
жылу алмасуына әсер ететін
шектелген кеңістіктегі физикалық факторлардың. кешені. Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12.1.005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы
- температура
- салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен қоршаушы беттердің температурасы жылулық сәулеленулер). Микроклимат параметрлерін нормалау жылу
алмасуына көрсеткіштердің кешенінің әсерін, сондай-ақ олардың әрбіреуінің көңіл-күйге,
денсаулыққа, қоршаған ортаға әсерін де
ескереді. Қызып кетуден және үсуден қорғау шаралары:
кондиционерлеу жйелері, ауа душы, демалысқа
арналған бөлмелермен жабдықтау, жеке басты
қорғау құралдаын пайдалану, қыздырушы
немесе салқындатушы ортада жұмыс істеу
кезеңін шектеу, жұмыс ауысымын қысқарту
және т.б.
Микроклимат параметрлерін өлшеу үшін жалпы қабылданған аспаптар қолданылады:
парометрлер, психрометрлер, анемометрлер, кататермометрлер және т.б
Психрометр электронный
Термометр- Ауаның температурасын өлшейтін аспап.
Психрометр -Ауаныың салыстырмалы ылғалдылығы
2. • Тұмау инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайтын ,тыныс алу жолдарын жедел зақымдайтын ауру. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Гриптің ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиальді белгілердің болуы тән. Тұмау ( грипп) вирусының этиологиясы –РНК құрылымды, үш типті ( А,В,С ), екі антигені бар (гемагглютинин – Н және нейраминидаза — ). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, Вирустың А типіне антигендік
қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән.
• Алдын-алу шаралары:
• —1.Денені шынықтыру
• —2.Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинацияқыркүйек-қазан айлары,барлық
тұрғындардың 70 пайызын қамту керек.
• Бірінші қадам: Жеке бас тазалығын сақтау !
• Киімнің,төсек орын тазалығын қадағалау қажет.Бөлмені үнемі
желдтіп,тазалау керек.
• Екінші қадам: Салауатты өмір салты!
• Үнемі қозғалыста болып,зиянды әдеттерден абас
тартып,демалыс пен жұмыс уақытын дұрыс жоспарлау қажет.
• Үшінші қадам: Иммунитетті жоғарылату!
• Спортпен, дене шынықтырумен жиі айналысу. Күнделікті
рацинонға витаминдерге, минералды заттарға,
аминқышқылдарға бай тағамдар енуі қажет.
• Төртінші қадам: Алдын алу шараларын жүргізу!
• Эпидемия қаупі туған кезде арнайы дәрілік заттармен алдын
Дифтерия (гр. 'διφθερα (diphthera)—pair of leather scrolls) — ол суық тиген сияқты дене қызуының
көтерілуінен басталады, бас ауырады және тамақ іседі. Көмейдің артқы жағында, кейде мұрын мен ерінде сарғыш қоңыр қатпар немесе қабыршықтар пайда болады. Баланың мойны ісіп кетеді. Аузынан жағымсыз иіс шығады. Яғни, мұрын-жұтқыншақтың, көмекейдің, кеңірдектің фиброзды қабынуымен сипатталатын антропонозды жедел респираторла инфекциялық ауру. Дифтерия орта ғасырдан белгілі ауру. Оның қоздырғышын Клебс және Леффлер зерттеген.
3. Су ресурстарын қорғау
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы
мөлшері мұхит, атмосферажәне құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып
отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне
тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы
су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен
және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары
мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен
ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен
теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде,
құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр
жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп
орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта,
коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері
әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш,
хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы
фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең
қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су
айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың
температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де
биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру
қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің
ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның
шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы
судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл
шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай
химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын
судың 70% келеді.
4. Ет және ет өнімдерінде адам ағзасына керекті көп заттар бар. Олар: ақуыз, липидтер мен майлар, көмірсу минералды заттар, витаминдер т.б., осы көрсетілген компоненттер адам ағзасына тез сіңіріледі. Шикізатты дайындау кезінде аса көп көңіл технологиялық факторларға бөлінеді. Өйткені онда шикізатты дайындау кезіндегі өнімнің сапасын, өндіру процессін және дайын өнімді сақтау процесстері жүреді.
Еттің сапасы әртүрлі факторларға байланысты болады. Онда малдың тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы, малды азықтандыру тәсілі т.б. кіреді. Малды сойғаннан кейін етте болатын автолитикалық процесстер еттің сапасына және оның жарамдылығына үлкен әсер етеді. Ет пен субөнімдерді төмен температурада суықпен қамтамассыз ету, бұзылудың алдын алу үшін өте қолайлы әдіс болып табылады. Бұл курстық жұмыста мынадай мақсаттар мен міндеттер қойылған:
- ірі қара мал етінің сапасын сараптау;
- жалпы шикізатқа қойылатын талаптар; - өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері;
- ет және ет өнімдерін сертификаттау тәртібі.
Ет - малды сойып және алғашқы өңдеуден кейін алынатын және әртүрлі ұлпалар жиынтығынан тұратын ұша немесе ұша бөлігі. Бұл жоғары құндылықты тамақтанудағы маңызды өнім.
Ет - адам ағзасының ұлпаларын құру үшін, зат алмасу мен синтезі үшін қажет жануар текті толық құнды ақуыздардың көзі, жүйке ұлпасы, В тобының дәрумендері мен микроэлементтердің физиологиялық функциясында қатысатын фосфор көзі.
Ет - сіңімділігі жоғары өнім, тез өңделеді. Етті ірі қара малды, қой, ешкі, шошқаларды, жылқы, құс және басқа да жануарларды сою арқылы алады.
Еттің құрамына 52-78% су, 16-21% ақуыз, 0,5-49% май, 0,4-0,8% көмірсулар, 2,5-3% экстрактивті заттар, 0,7-1,3% минералды заттар, ферменттер, дәрумендер және т.б. кіреді. Е
Ет - биологиялық құнды ақуыздардың көзі. Жеңіл сіңетін ақуыздардың негізгі бөлігі бұлшық ет ұлпасында жинақталған. Оларға суда еритін саркоплазма ақуыздары - миоген, миоальбумин, глобулин және миоглобин жатады. Миоген сумен жеңіл экстрагирленеді де, сорпа бетінде ұйығаннан кейін көбік түзеді. Миоглобин хромопротеиніндегі темірдің болуына байланысты етке қызыл түс береді. Мал сойылғаннан кейін ет бетіндегі миоглобин ауа оттегісімен тотығып, ашық қызыл түсті оксимиоглобин түзеді. Оттегі тотығы етке ұзақ уақыт әсер етсе, қоңыр түсті метмиоглобин түзіледі.
Еттің толық құнсыз ақуыздарында триптофан ауыстырылмайтын ақуызы жоқ. Коллаген және эластин жалғаушы ұлпасында басым және жалпы ақуыз мөлшерінің 3-4% кұрайды. Коллаген толық құнсыз ақуыз болғанымен де, жылулық өңдеуден кейін толық сіңеді, өнімнің жалпы амин қышқылдық кұрамын жақсартады.
Еттің тағамдық кұндылығын анықтау үшін ақуызды сапалық көрсеткіш, яғни толық құнды ақуыз мөлшерінің толық құнсыз ақуыз мөлшеріне қатынасы қолданылады. Тек толық кұнсыз ақуыз құрамына оксипролин амин қышқылы кіреді. Триптофан мен оксипролин мөлшерінің қатынасын анықтайды: ақуызды сапалық көрсеткіш жоғары болса, еттің құндылығы да жоғары болады.
5. Балық еті - дәмділігі мен жұғымдылығы жағынан еттен кем емес, ал сіңімділігі жағынан одан асып түсетін ас. Балықтар класқа, подкласқа, отрядқа, тұқымдастарға, түрлерге бөлінеді. Балықтардың осетр тұқымастар, лосось тұқымдастар, сельд тұқымдастар, карп тұқымдастар, окунь, треска, камбала, скумбирия тұқымдастары т.б деп бөлінеді. Сонымен қатар балыққа жатпайтын теңіз өнімдері де бар. Бұл өнімдерден өңделген тауарлар шығарады.
Өндірістік балықтарды сүйекті, сүйекті- сіңірлі және сіңірлі деп бөледі. Мекендеу аймағына байланысты балықтарды теңіз, мұхит балықтары, тұщы су балықтары деп, ал размеріне байланысты ірі, орташа және ұсақ балық деп бөледі. Балық өте құнды тағамдық шикізат.
6-7. • Тамақтан улану-ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір
микроорганизмдердің белгілі бір
түрімен жаппай тұқымданған,
табиғаты микробты немесе
микробсыз, органикалық не
органикалық емес уытты
заттардың тамаққа түсуінен
туындайтын жедел (кейде
созылмалы) ауру. Тамақтан улану
жедел
Аяқастынан,бірде
н басталады
созылмалы
Азық түлікпен және
тамақпен аз мөлшерде
түрлі уытты заттардың
түсуінен болады. Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді:микробты және микробсыз.
• Микробты улануға токсикоинфекция,
токсикоздар,этиологиясы аралас(микс)
жатса, ал микробсызға табиғатынан
улы және белгілі жағдайда улылық
қасиетке ие болған өнімдермен болатын
улану жатады.
• Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар
санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға
қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде
туындауы мүмкін.
Табиғаты бактериалды тамақтан улану-белгілі
микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың
тіршілік өнімдерімен(токсиндері)зараланған асты
тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын
улану белгілерімен өтетін ауру.
Тамақтан уланудың жалпы сипаты:
• Олардың пайда болуының ас
ішуімен тікелей байланысы;
• Белгілі таралу жолының
болмауы;
• Ас-қорыту жолының
гастроэнтериті;
• Әлсіз организм улануымен өтеді. Микробты : Токсикоинфекция,Токсикоз,
• Микотоксикоз
Микробсыз : өсімдік текті азықтар,
жануар текті азықтар ,улы химиялық заттар
Этиологиясы белгісіз:
Кашин-Бек ,Уров ауруы.
8. Микробты т.у. Ерекшілігі
• Маусымдылығы айқын.
• Жасырын кезеңі ұзағырақ.
• Дене қызуы көтеріледі.
• Ағымы тек қана жедел болады.
• Бір аспен және 2-ші аспен байланысты.
• Жаппай улану айқынырақ.
• Летальдылығы төмен.
9. Микробсыз т.у.ерекшелігі
• Маусымдылығы жоқ(улы сағырауқұлақмен, өсімдермен
және т.б. Уланудан басқасы).
• Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін).
• Дене қызуы көтерілмейді.
• Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал.
• Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты.
• Жаппай уланудан айқындылығы аздау.
• Летальдылығы жоғарырақ.
10. Токсикоинфекциялар
Токсикоинфекциялар-микрооргнаизмдермен көп дәрежеде
тұқымданған(1 мл немесе 1г азықта 10,6-10,7)тағам мен азықтардың
тұтынудан туындайтын жаппай кездесетін ауру.
Токсикоинфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер:
Ішек таяқшалары-Е.coli:
Протей таяқшасы;
Cl.perfringens;
Bac.cereus;
Энтерококктар;
Патогенді галофилдер.
11. Микробсыз тамақтан улану
• Микробсыз тамақтан улану-микробы улануға
қарағанда жалпы уланудың 5-10%-н
құрайды.Уланудың бұл тобына өсімдік текті
азықтармен, жануар текті азықтармен, улы химиялық
заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын
аурулар жатады.
12. Микробсыз тамақтан улану түрлері.
• Улы өсімдік текті өнімдермен улану;
• (Саңырауқұлақтармен улану)
• Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен
улану (арамшөптік токсикоздар);
• Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған жануар
текті азық-түліктермен улану.
13. Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдар
• 1.инфекция көзін оңашалау;
• 2.Тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштардың
азық-түліктерде тұқымдану жолдарын үзу;
• 3. Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын
азықтарды заласыздандыру;
• Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің
алдын-алу.
14. Тамақтан уланудың профилактикасы
• 1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз;
• 2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
• 3.Пісірілген тамақты бірден пайдалыныңыз.
• 4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.
• 5.Алдын-ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
• 6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
• 7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
• 8. Ас үйді таза ұстаңыз
• 9.Таза суды пайдаланыңыз.
• 10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
10. Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын өнім.Оның түсі – ақ немесе аздап сарғылт, дәмі – тәтті, құрамында су, май, белок, сүт қанты, минералдық заттар, витаминдер, ферменттер, гормондар бар. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99%-ін пайдаланады.
Сүт технологиялық ұқсатудың нысаны ретінде мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталады: құрамы, тазалық дәрежесі, органо-лептикалық, биохимиялық, физико-механикалық қасиеттеріне, сонымен қатар ішінде улағыш және нейтраль ( залалсыздандырылған) заттардың болуымен. Сүттің органолептикалық қасиеттеріне – сыртқы көрінісі, дәмі, иісі, түрі; биохимиялық қасиеттеріне – бактерцидтік активтігі (белсенділігі) және қышқылдылығы; физико-механикалық – темпера-турасы, жылу өткізгіштігі, осматкалық қысымы, электр өткізгіштігі және тағы басқалары жатады. Уландырғыш қоспаларға – сүт құрамында мүмкін болатын ауыр металдар, антибиотиктер, гормоналдық препарат-тар, пестицидтер, микротоксиндер (В1 және М1 афтолотоксиндері), ал нейтрализациялаушы заттарға – тұз, аммиак жатады.
Сүттің құрамы. Сүт судан және оның құрамында қоректік заттар – майлар, белоктар, көміртекті сулар, ферменттер, витаминдер, минерал заттар, газдар бар (9-кесте). Осы заттар су мен газды шығарған соң, сүттің құрғақ қалдығы (СҚҚ) деп аталады.
Сүт құрамын және сапасын бағалағанда ондағы май мен сүт плазмасы мөлшерін айтады. Сүт құрамы тұрақты емес. Жоғарыда аталған заттардың біреуінің болмауы, немесе олардың мөлшерінің нормадан (қалыпты) ауытқуы малдың ауруына немесе тәуліктік рациондағы қоректік заттардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сүт өңдеудің (ұқсатудың) технологиялық параметрлері оның құрамындағы заттар мөлшерінің өзгеруіне әсерін қарастырайық.
Су. Сүттің міндетті түрде болатын бөлігі және оның физикалық күйін анықтайды. Сүт құрамында орташа есеппен 87% су болады.
Сүт майы. Сүт майның негізін гилцирин мен май қышқылдарының үш атомдық спиртінің күрделі эфирі құрайды. Басқа компоненттермен салыстырғанда сүт майы оны өңдеу үрдісіне көбірек әсер етеді. Сиыр сүтіндегі майдың массалық үлесі 3,6-3,9%. Ол сүт ішінде майад түйіршіктер (шарик) түрінде: салқындатылған сүтте – суупензия түрінде, ал салқындатылмаған сүтте эмиульсия түрінде болады. Май шариктерінің саын, өлшемі және қасиеттері малдың тұқымына, сүттену мерзіміне, азығына, бағу жағдайыан, сауылуына, денсаулыығна, жыл мерзіміне және басқа факторларға байланысты. Май шариктерінің диаметрі 0,1-20 мкм (орташа 3-5 мкм). Механикалық және жылумен әсер ету нәтижесінде сүт құрамында болған өзгерістер, оның ашуына және күюіне әкеп соғуы мүмкін.
Тығыздық - сүттің физикалық қасиеттерінің бірі. Осы арқылы сүттің табиғи жағдайын білеміз. Оның көрсеткіші арқылы литрден килограмға айналдырамыз. Сүттің құрғақ заттарының мөлшерін есептеп шығарамыз.
Тығыздықты ареометрмен өлшейді. Алдағы уақытта ареометрмен жеке шаруашылықтарды да қамтамасыз еткен жөн. Себебі сүттің майлылығы 10-15 күнде тексеріледі. Ал тығыздығы арқылы біз сүттің табиғилығын, су немесе басқа ерітіңділердің қосылғанын білеміз.
Сүттің тығыздығы сауын біткеннен кейін 2сағаттан соң 15-25°С шамасында тексеріледі. 200-250 мл сүтті тегіс жерге орналастырған цилиндр ыдысқа құйып, оған жайлап ареометрді батырады. 1-2 минут өткеннен кейін ареометрдің төменгі шкаласы бойынша тығыздығын, ал температурасын жоғары шкала арқылы өлшейміз. Сүттің тығыздылығы 1,030 болса, оны ареометрдің градусына айналдырғанда 30° А немесе 1,032-32°А болады. Сүттің тығыздығы мал тұқымына, азығына, жем-суына байланысты. Тығыздықтың мөлшері сүтке су қосқанда азаяды да, ерітінділер қоссақ немесе майын алып тастасақ көбейеді
11.
12Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның
зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы
санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу,
діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп
жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң
басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле
ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс
істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал
шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып,
туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер
тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына
әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту,
жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20
мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын
азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді.
Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды
жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық
тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум.
қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби
аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін
жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100%
мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға
мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді. КӘСІБИ АУРУЛАР МЕН УЛАНУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде заманауи басты
мәселелердің бірі – адам факторы. Өйткені адам — мемлекеттің баға
жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның
тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйеқұраушы факторы
болып табылады. Қоршаған орта мен өндіріске тәуелді болып отырған
адам денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі және жүйелі
беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйенің жұмыс тиімділігін арттыру мен
еліміздің аймақтық әлеуметтік-экономикалық жоспарының басты
қағидаларының бірі болуға тиіс.
Қазіргі заманғы қызмет істеуші адамның денсаулық жағдайын және
кәсіби қызметіне ықпалын жан-жақты талдау санитарлықэпидемиологиялық қызметтің бүгінгі таңдағы басты бағыттарының
бірі болып табылады. Еңбек ету шарттарының өз деңгейінде орындалмауынан қолайсыздықтың тууы, қол күшімен атқарылатын ауыр
жұмыстар ауқымының ұлғаюы, еңбек және демалыс тәртібінің
бұзылуы, аурудың алдын алу бойынша профилактикалық
медициналық тексерулердің сапасы мен қамту көлемінің төмендігі,
медициналық-санитариялық бөлімдер мен бекеттердің,
профилакториялардың жаппай жабылуы, жойылуы, бұрынғыдай
жұмысшылардың шипажайларда, сауық-тыру орындарында, жылына
бір рет демалып, күш-қуат жинап, денсаулығын қалпына келтіруге
жағдай жасалынбауы кәсіби аурулардың бел алуына және түрлі
аурулардың асқынуына, өзге де аурулардың пайда болуына мүмкіндік
жасап, аурушаңдыққа алып келеді.
13. Адам организмі мен оны қоршаған ортаның
арасындағы жылулық баланс болғанда аталмыш
микроклимат адаммен жағымды (кофортты) сезім
ретінде қабылданады. Жылуалмасудың бұзылуы
организмнің қызуы немесе сууына әкеп соқтырады, ол
өз кезегінде адамның денсаулық жағдайы мен еңбек
өндрісіне кері әсер етеді, организмдегі бірқатар
физиологиялық өзгерістердің себепкері болады, кәсіби
ауруларға да әкеп соқтырады.
Булану арқылы жылу берілу ауаның ылғалдылығы
(ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, булану арқылы
жылуберілу соғұрлым төмен) мен оның қозғалыс
жылдамдығынан тәуелді. Ауаның қозғалмалылығы адам
денесінен ылғалдың әкітілуі мен оның одан кейінгі
булануын анықтайды. Ауаның жоғарғы температурасы
мен ауыр физиологиялық жұмыс кезінде терінің шығуы
организмнің термореттеуінің басты факторы болып
табылады. Жеңіл жұмыс және 18-22 °С температурасы
кезінде адам 50 г/сағ тер бөліп шығарса, ауыр жұмыс
кезінде ол сан 200-250 г/сағ дейін жетеді.
«Ыстық» цехтарда булану арқылы жылуберілу 95 %
дейін жете алады және адам мен қоршаған орта арасындағы
жалпы жылуалмасу кезінде одан артады. Бірақ ылғалдың
булануы арқылы жылуберілудің артуы қажетсіз
физиологиялық үдеріс болып табылады, себебі тердің
қарқынды шығуы кезінде адам 1 % жуық минералды тұздар
мен дәрумендердің біраз бөлегін жоғалтады екен.
Сондықтан «ыстық» цехтарда қызмет ететін жұмыскерлерге
газдандырылған тұз қосылған су мен дәрумендендірілген
сусындарды ішуге ұсынылады. Ауа ылғалдылығы жоғары
болған кезде булану арқылы жылуберілу күрт төмендейді, ол
өз кезегінде жылуалмасудың әсіресе жоғары температура
шарттарында бұзылуына әкеп соқтырады
Ауа ортасының метеорологиялық параметрлері адам
организміне зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың
әсерін айтарлықтай арттыра алатынын атап өту керек.
Мысалы, ауа температурасы жоғары болған кезде, тері
ұлпалары ұлғаяды, тер бөлу артады, тыныс алу жиілейді,
осының барлығы зиянды заттардың организмге тез енуіне
септігін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары температура кезінде
булану мен заттардың ауада қалқу жылдамдығы артады, ол
жұмыс зонасы ауасындағы ластаушылар концентрациясының
өсуіне әкеп соқтырады. Осыған қоса ауа қозғалысы зиянды
заттардың ғимарат ішінде орын ауыстыруларын анықтайды,
шаңның тұнуына кері әсерін тигізеді. Ауаның төмен
температурасы кезінде дірілдің жағымсыз әсері артады. Басқа
да факторлармен қоса жоғары температура мен қатысты
ылғалдылық адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігін
арттырады. Өндірістік бөлмелердегі суық және көшпелі жыл уақытындағы температура,
салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының болжамды
нормалар
Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық
және ауа қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормаларыӨндірістік микроклимат адамның қоршаған
ортамен жылу алмасуына, жылу жағдайына әсер
ететін физикалық факторлар (температура,
ылғалдылық, кешенімен сипатталады. Ол, іс
жүзінде, организмнің барлық жүйелеріне әсер
етеді.
Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты
1. микроклимат қалыпты,
2. салқындатушы және
3. қыздырушы болып бөліне
14. Өндірістік шуыл
Шу көздеріне қатты денелердің бір біріне соғылуы, үйкелуі,
сырғанауы, сұйық заттардың және газдардың жылжуы
кезінде түзілетін тербелістер жатады. Тау-кен, көмір,
машина жасау, металлургия, мұнай, радиотехника, жеңіл,
тамақ өнеркәсіптері және орман шаруашылықтарында,
шудың ең көп тараған салалары. Өндірістік жағдайларда
тербеліс көздеріне жұмыс істеп тұрған станоктар, Шудың Алдын алу шаралары
Шумен күресу шаралары техникалық, сәулеттік-
жоспарлау,ұйымдастырушылық,медициналық шаралардан
тұрады.
Шумен күресуге арналған техникалық құралдар үш
бағыы: шудың пайда болу себебін жою немесе оның
шығуын төмендету, шуды таралу жолында азайту және
шудың әсеріне ұшырайтын жұмысшыны немесе
жұмысшылар тобын тікелей қорғау негізделген.
Шумен күресу шарасының жүйесі өкімет қаулысына,
санитарлық қалыпқа, ЕҚСЖ материалдарына және басқа
дерективті құжаттарға сәйкес жүреді.
механизацияланған құрал-саймандар (электрлік және
пневматикалық аралар, ұратын және шабатын балғалар,
перфораторлар), компрессорлар, ұсталық-нығыздағыштар,
көтеріп-тасымалдайтын және қосымша жабдықтар
(желдендіру қондырғылары, кондиционерлер) және т.с.с
жатады
Шудың ағзаға тигізетін әсері
Қарқынды шу әсері есту анализаторында ағзаның арнайы
реакциясын құрайтын өзгерістерді тудырады. Есту
жүйесінің бейімделу үрдісі уақытша жылжумен
сипатталады (есту сезімталдылығы табалдырығының
жоғарылауы). Ұзақ уақыт акустикалық әсер ету кезінде,
алдымен баяу бастапқы деңгейіне қайта оралатын (есту
зорығуы), содан кейін кезекті шулы әсер етудің басталуына
дейін сақталынатын (есту табалдырығының тұрақты
жылжуы), есту табалдырықтарының жоғарылауы
қалыптасады. Шудың адам ағзасына әсерінің көріністері
арнайы (есту анализаторында болатын өзгерістер) және
арнайы емес (басқа жүйелер мен ағзаларда болатын
өзгерістер) болып бөлінеді
Шудың Алдын алу шаралары
Шумен күресу шаралары техникалық, сәулеттік-
жоспарлау,ұйымдастырушылық,медициналық шаралардан
тұрады.
Шумен күресуге арналған техникалық құралдар үш
бағыы: шудың пайда болу себебін жою немесе оның
шығуын төмендету, шуды таралу жолында азайту және
шудың әсеріне ұшырайтын жұмысшыны немесе
жұмысшылар тобын тікелей қорғау негізделген.
Шумен күресу шарасының жүйесі өкімет қаулысына,
санитарлық қалыпқа, ЕҚСЖ материалдарына және басқа
дерективті құжаттарға сәйкес жүреді.
15.
16. Өндірістік діріл - серпімді байланыстары бар жүйенің
механикалық тербелмелі қозғалысы. Діріл физикалық
факторларға жатады. Оның әсері адамға механикалық
энергияның тербелісі арқылы беріледі.
Діріл тек тұрақты түрткі (электр энергиясы, трасмиссия)
болған кезде ғана түзілетін серпімді ортаның механикалық
тербелісі болып табылады.
Механикалық тербелістердің адамға берілу жолы бойынша
дірілді келесі түрлерге бөледі:
жалпы діріл - отырған немесе тұрған адам денесінің тірек
бөліктері арқылы берілетін діріл.
жергілікті діріл, адамның қолы арқылы берілетін діріл.
Пайда болу көзі бойынша дірілді:
жергілікті діріл,І санатты жалпы діріл, ІІ санатты жалпы діріл,ІІІ
санатты жалпы діріл деп бөледі.
жергілікті діріл - механикалық қол құрал-саймандары арқылы
(шойбалғалар, шегелейтін, шабатын балғалар, пневматикалық және
электрлік перфораторлар, тегістейтін, бұрғылайтын машиналары,
электро- және бензоаралар), машиналар мен қондырғылардың
қолмен басқаратын органдары арқылы немесе өңделетін
бөлшектерден адамға берілетін діріл;
І санатты жалпы діріл – көлік дірілі;
ІІ санатты жалпы діріл – транспорттық-технологиялық
(экскаваторлар, көтергіш крандар, өздігінен жүретін бұрғылау
қондырғылары және т.б.);
ІІІ санатты жалпы діріл – технологиялық діріл (станоктар,
сорғыш агрегаттар, ұсталық-сыққыш жабдықтар және т.б).
. Дірілдің сипаты
Спектр сипатына бойынша дірілді жіңішке жолақты жәнекең
жолақтыдеп бөледі, жіңішке жолақтыдіріл – бұл кезде, бір октава
жолағындағы бақыланатын параметрлері көршілес жолақтағы мәнінен
15 дБ артық жоғары болады, кең жолақты діріл кезінде үзіліссіз
спектрінің кеңдігі 1октавадан артық болады.
Жиілігіне байланысты дірілді бөледі:
төмен жиілікті - жиіліктің 1—4 Гц (жалпы діріл үшін) және 6-16 Гц
(жергілікті діріл үшін) октавалық жолақтарында максимальды
деңгейлерінің басым болуымен сипатталады;
орташа жиілікті (жалпы діріл үшін 8-16 Гц және– жергілікті діріл үшін
31,5-63 Гц);
жоғары жиілікті ( жалпы діріл үшін-31,5-63 Гц және– жергілікті діріл
үшін-125-1000Гц).
Дірілдің адам ағзасына тигізетін әсері
Ағзадағы әсер ететін жері бойынша дірілді
жергілікті (пневматикалық шойбалғалармен жұмыс
істеу) және бір мезгілде бүкіл ағзаға әсер ететін
жалпы дірілге бөледі. Дірілдің ағзаға ұзақ уақыт
әсер етуі діріл ауруының дамуына алып келеді.
Жергілікті және жалпы дірілден пайда болған діріл
ауруының түрлерін ажыратады.
17. Өндірістік шаң
Өндірістік шаң деп мөлшері бірнеше ондаған мкм-ден
жүздеген мкм-ге дейін болатын болатын ауада қалқыған, баяу
қалқыған бөлшектерді айтады. Шаң аэрозоль болып
табылады, яғни ол дисперстік жүйе, оның дисперсті фазасы
қатты бөлшектер, ал дисперсті ортасы ауа болып табылады.
Шаңды түзілу тәсілі, шығу тегі және бөлшектерінің
мөлшері бойынша жіктейді.
Түзілу тәсілі бойынша конденсация және дезинтеграция
аэрозольдерін ажыратады. Дезинтеграция аэрозольдері қатты
материалды ұсақтау, бөлшектеу және шашылмалы заттарды
тиеу, түсіру, тасымалдау кезінде түзіледі. Конденсация
аэрозольдері қатты
заттарды
термиялық
айдау
процесстерінде:
балқыту,
электрлік
дәнеркерлеу
процесстерінде түзіледі. Өндіріс шаңы кәсіби зияндылық болып есептеледі. Ол адамның тыныс жолдарына өкпеге, денеге, көзге, ас қорыту органдарына зиянды әсерін тигізеді. Ауада негізінде бөлшектері 10 мкм кіші шаңда ғана көп уақыт бола алады. Осындай шандалған ауамен дем алғанда, шан жұтқан ауамен бірге адамның тыныс органдарына кіреді, 5 мкм ден үлкен шан бөлшектері жоғарғы тыныс жолдарына тоқтап онда әртүрлі зақымдар келтіреді: жөтел, қабыну, астма т.б.
Шаңның 5 мкм ден кіші бөлшектері тыныс жолдарымен одан әрі теренге өтеді, ал 1-2 мкм ден кем бөлшектер өкпеге дейін жетіп, сонда отырады. Шан өкпеде жиналып, біраз уақыт өткеннен кейін өкпеде паталогиялық процес туғызып, адамды ауруға шалдықтырады. Жұтқан шаңның әсерінен пайда болатын өкпе ауруын пневмокониоз деп атайды.
Өндіріс шаңымен күресу және кәсіби ауруларды болдырмау үшін жалпы қорғану шаралары мен жеке дара қорғану құралдарын қолдану керек. Шаңмен жалпы күресу шаралары:
1. Шаң шығуын толық немесе барынша болдырмайтын технологиялык, процестерді қолдану;
2. Шаң шығатын процестерді механикаландыру және автоматтау, оларды алыстан басқару;
3. Материалдарды өңдеген кезде шаң басатын сүйық заттарда әрқашан кездесіп тұратын зиянды заттарды өндіріс улары деп айтады. Олар күйіне қарай қатқыл (қорғасын, хром, цинк, мыс т.б.), сұйық (сынап, бензин, қышқыл т.б.) және газ немесе бу оларға жасанды желдету пайдалану;
4. Өндіріс бөлмелерінде табиғи және жасанды желдету ұйымдастыру;
5. Әртүрлі шаң тазартқыштарды пайдалану (циклон, фильтр, электр-фильтр т.б.);
6. Шаң шығатын қондырғыларды жеке бөлмелерге орынатып оқшаулау;
7. Бөлмелер мен жұмыс орындарын қонған шаңнан тазарту.
Егер көрсетілген жалпы шаралар ойдағыдай нәтиже бермейтін болса, онда жеке дара қорғану құралдарын пайдалану керек.
18. Шаң аурулары" қазіргі кезге дейін тек бізде ғана емес, шет елдерде де кәсіби аурулар ішінде басты орындардың бірін алады. Бұл қазіргі кезге дейін өнеркәсіптің көптеген салаларында өндірістік үрдістердің әлі көптігімен байланысты.
Пневмокониоздар туралы ұғым. Пневмокониоз - бұл өндірістік шаңды ұзақ уақыт жұтқаннан туған және пневмофиброз дамитын өкпенің созылмалы диффузды асептикалық қабынуымен сипатталатын кәсіби ауру.
1866 ж. Ғ.А. Zеnkег шаң түрлерін жұтудан пайда болатын өкпе фиброзын пневмокониоз деп атауды ұсынды, ол грекше өкпе ауруы дегенді білдіреді. Ю.А.Лощиловтың айтуынша, пневмокониоз патогенетикалық мәні өкпенің алғашқы фиброзы емес, брон ағашы мен фиброзға апаратын өкпе ұлпасында қабыну және регенераторлық өзгерістер кешенді өршулі үрдісті білдіреді.
Пневмокониоздардың этиологиялық және клинико-рентгенологиялық жіктелуі. 1976 ж. бекітіліген пневмокониоздардың жіктелуі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге өндірістік шаң түрлері бойынша пневмокониоздарды этиологиялық топтастыру, екіншісіне - аурудың рентгенологиялық және клинико-функционалдық сипаты кіреді.
Этиологиялық принципі бойынша әсер етуші шаңның сипатына байланысты пневмокониоздардың 6 тобы белгілі:
Силикоз - кремнидің бос қос тотығын жұтудан болған пневмокониоз
Силикатоз - кремнидің бос емес, басқа элементтермен байланысты күйіндегі қос тотығы бар силикат шаңын жұтудан болатын пневмокониоз
Металлокониоз - металл шаңдарынан болатын пневмокониоз - бериллиден, бариден, темірден, марганецтен т.б.
Карбокониоз — көмірі бар шаңнан болатын пневмокониоздар: антракоз, графитоз т.б.
Аралас шаңнан болатын пневмокониоздар:
-кремнидің бос қос тотығы бар (антракосиликоз, силикосиликатоз);
- кремнидің бос қос тотығы жоқ немесе аз.
Органикалық шаңнан болатын пневмокониоздар: мақтадан, астықтан, т.б.
Пневмокониоздардың рентгенологиялық және клинико-функционалдық сипаты өзгерістердің рентгенологиялық бағасын, аурудың клинико-функционалдық көрінуін, оның ағымы мен асқынуларын қамтиды.
Рентгенологиялық пневмокониоздар өкпе ұлпасының интерстициалді немесе түйінді фиброзды түріндегі диффузды өзгерістерімен сипатталады.
19. Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде заманауи басты
мәселелердің бірі – адам факторы. Өйткені адам — мемлекеттің баға
жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның
тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйеқұраушы факторы
болып табылады. Қоршаған орта мен өндіріске тәуелді болып отырған
адам денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі және жүйелі
беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйенің жұмыс тиімділігін арттыру мен
еліміздің аймақтық әлеуметтік-экономикалық жоспарының басты
қағидаларының бірі болуға тиіс. Өнеркәсіптік улар адам ағзасына үш жолмен сіңеді тыныс-алу мүшелері Дем алғанда ағзаға ауамен түскен улы заттар дем алу жолдарының шырышты қабығымен және өкпе альвеолаларының үлкен бетімен тез сіңеді және сол жақтан қан-тамырлары арқылы бүкіл ағзаға тарайды. Уланудың көптеген түрі осы ең қауіпті жолдармен жүзеге асырылады Ас қорыту тракті арқылы зиянды заттар ағзаға ластанған ас пен су арқылы түсуі мүмкін. Мұнда тек асқазанда (суда, майларда және асқазан сөлінде) еритін, асқазан мен ішек-қарын қабырғалары арқылы сіңетін және қанға түсетін улар ғана қауіпті. Бұл улану жолының токсикалық мәні, дем алу органы арқылы улануға қарағанда әлдеқайда төмен, өйткені улы заттар қанға бауыр арқылы түсіп, онда біршама залалсыздандырылады. Тері арқылы ағза ішіне тек кейбір сұйықтар мен май органдарында еритін улар ғана түседі. Сонда да улану қаупі асқорыту улануына қарағанда жоғары болады, өйткені улы заттар бауырға бармай тікелей үлкен қан айналымына түседі.
Зиянды заттардың ағзаға әсер ету жағынан жіктелуі Факторлар мен зат атаулары 1.Жалпы токсикалық (иісті көмірсутегілер, олардың амидті және нитритті туындылары – бензол, толуолдар, ксиол, анилин, т.б.; сынап пен фосфор-органикалық қосындылар; хлорланған көмірсутегілер-дихлорэтан, т.б.).
Улану белгілері: Жүйке жүйесінің бұзылуы, бұлшық ет сіңірлерінің сіресуі, сал (паралич). 2.Қоздырғыш заттар (қышқылдар мен сілтілер, хлор, фтор, күкірт пен азотты қосулар-фосген, аммиак, күкірт пен азот тотықтары, күкіртсутегі, т.б.). Улану белгілері:Демалу мүшелері, тері, көздің шылау қабық-тарының қабынуы.
3.Сенсибилизациялаушы заттар (сынаптың кейбір қоспалары, платина, альдегидтер, т. б.). Улану белгілері.Бұл заттарға жоғарғы сезімталдық, тері өзгерістері, қан аурулары, астматикалық құбылыстар.
4.Канцерогенді (полициклді иісті көмір-сутегілер— бензопирендер, бензантрацендер; таскөмір мен мұнайды қайта өңдеу өнімдері; иісті аминдер, асбест шаңы, т.б.). Улану белгілері:Қатерлі ісіктердің пайда болуы
. 5.Мутогенді (этиленамин, уретан, органи-калық тотықтар, иприт, этилен тотығы, формальдегид, гидроксидаман). Улану белгілері Ағзаның генетикалық аппараты және соматикалық жасушалардың зақымдалуы.
6.Репродуктивті (қайта өндіру) функцияға әсер етуші (бензол мен оның туындылары, күкірткөміртегі, хлоропрен, қорғасын, сүрме, марганец, улы химикаттар, никотин, этиленамин, сынап қоспалары, т.б.).
Улану белгілері:Ұрпақтың пайда болу функцияларының төмендеуі.