Теория жинақ 11-сынып мұхамеджан нұрболаттан



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата04.10.2022
өлшемі256,73 Kb.
#151724
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ФИЗИКА ҰБТ2022 108 ТЕОРИЯ

Стефан-Больцман заңы
: денелердің энергетикалық жарқырауы температураның 
төртінші дәрежесіне пропорционал. 
63.
Вин заңы
: абсолют қара дененің спектріндегі сәулелену максимумы температура 
жоғарылағанда жоғары жиіліктерге қарай ығысады.
64.
Бор постулаттары:
атомда орнықты стационар орбиталар бар, олардың бойымен 
қозғалғанда электрон сәуле шығармайды. Электронның энергиясы стационар 
орбитадан энергиясы басқа орбитаға өтуі кезінде энергия кванты жұтылады немесе 
шығарылады.
65.
Абсолют қара дене
– кез келген температурадағы барлық жиілік диапазонында 
жұтылу қабілеттілігі 1 болатын дене. 
66.
Голография
– когерентті сәулелену көмегімен толқынды өрістерді жазудың, қайта 
шығарудың және түрлендірудің фотосуреттік әдісі. 
67.
Фотоэффектінің қызыл шекарасы
– түсірілген жарықтың фотоэффект құбылысы 
мүмкін болатын минимал жиілік. 
68.
Лазерлер
– оптикалық диапазондағы когерентті сәулеленудің генераторлары мен 
күшейткіштері, олардың жұмыс істеуі кванттық жүйелердің: атомдардың
иондардың, молекулалардың индукцияланған сәулеленуіне негізделген.
69.
Сызықтық
спектрлер
– жеке спектрлік сызықтардан тұратын атомдардың ұшып 
шығуы мен жұтылуының оптикалық спектрлері. 
70.
Сызықты емес оптика –
қуатты жарық шоқтарының қатты денелерде, сұйықтарда 
және газдарда таралуын және олардың затпен өзара әрекеттесуін қарастыратын 
физикалық оптика бөлімі. 
71.
Дененің жұтылу қабілеттілігі
– жиіліктер интервалында дененің жұтқан сәулелену 
ағынының осы интервалда денеге түскен сәулелену ағынына қатынасына тең 
физикалық шама. 
72.
Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе температурасы 
дененің сәулелену қабілеттілігі
– жиіліктер интервалында алынған энергетикалық 
жарқыраудың осы жиіліктер интервалы шамасына қатынасына тең физикалық шама. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет