Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді:
бірінші кезең-жеңіл- сәуленің ағзаға әсері оның мөлшеріне карай болады. Ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының тұрақсыз болуы, естен тануы. Ауруды емдеуге болады.
екінші кезең – орташа-бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен деп айтамыз.Емделген жағдайда 2-3 ай ішінде сауығады.20 процент жағдайда адам өледі.
үшінші кезең -ауыр- жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады, екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, тершендік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады және қанда өзгеріс болады – тромбоцитопения, эритроцитопения, лейкоцитопения. Өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда, сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады - науқастың қызбасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады, жүқпалы аурулар дами бастайды,өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б. Сәтті жағдайда 3-6 айда сауығуы мүмкін, адамдардың 20-70 пайызы өледі.
төртінші кезең – өте ауыр-20-30 минутан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды.Дәрет сұйлып тоқтамайды.Тері зақымданады, тері ұлпаларында «бета-күйікті» тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |