181. 43 жасар ер адам, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін, аз мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін қатты жөтелге, физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14 жасынан темекі шегеді. Көкірек торы бөшке пішінді, бұғана үсті кеңістіктері ісінген. Дауыс дірілі екі жақтама төмендеген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, бүйір бөлімдерінде дисканттық, қатты тыныс шығарғанда күшейетін сырылдар естіледі. Науқасқа не тағайындау қажет? {
~жөтелге қарсы препараттар
~дәрумендер
~антиагреганттар
~бронхты кеңейтуші препараттар ~седативті препараттар
}
182. Бронх демікпесінің атопиялық варианты және нейроциркуляторлық дистонияның тахикардиалды синдромымен ауыратын 35 жастағы науқас әйел бір апта пропранололды минималды дозада қабылдап, саяжайға кеткен. Жүйектерді шабу барысында ауыр тұншығу ұстамасы дамыды.