Терапия стандарттар жауабы №1


Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер). Қолдану көрсетілімдері



бет18/44
Дата02.05.2024
өлшемі133,08 Kb.
#201663
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Байланысты:
2022-23Стандартар Ішкі аурулар

Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты- жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз).

  4. Науқас зәрдің бірінші ағымы үлесін унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы үлесін жинаңыз.

  6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының нөмерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз

  7. Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз.

  8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі – бұл лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлерін санап анықтайтын, несеп тұнбасынан микроскоппен қарағаннан гөрі обьективті әдіс. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.
Пішінді элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

  • лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

  • эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

  • цилиндрлер – жоқ.


15. Несепті Зимницкий әдісімен талдауға жинау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет