Тератогенез. Даму ақауларының жіктелуі



бет3/3
Дата21.10.2023
өлшемі1,43 Mb.
#187309
1   2   3
Байланысты:
Тератогенез

Гидроцефалия – бас суйек куысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі.
Полидактилия – саусақтардың еселенуі.
Атрезия – қандай да бір түтіктің немесе тесіктің болмауы.Кең тараған түрі – тік ішектің төменгі бөлігінің тесігінің болмауы. Клапандық атрезия – жүрек клапандарының жолы дұрыс болмайды, жүрекше мен қарынша арасындағы алмасу үзіледі. Бұл ауру тума жүрек порогында көптеп кездеседі. Бір қарыншаның қызметі бұзылып, ауырлық екінші қарыншаға түсуі байқалады.

ДАМУДЫҢ ҚАТЕРЛІ КЕЗЕҢДЕРІ

  • Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның әр түрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтады. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әп түрлі ақауларға ұшырайды. Дамудың қатерлі кезеңі терминін 1897 жылы Браун енгізген болатын.
  • Қауіп-қатерлі кезеңдерде ұрықтардың метаболизмі қатты өзгеріске ұшырайды, тыныс алу күшейеді, РНҚ мөлшері өседі, бұрын болмаған ақуыздар синтезделеді. Сонымен бірге, ұрықтың өсу қарқыны баяулайды, ал сапалық қайта құрылу – ұлғаяды. Нақтылы гендердің белсенділігі кризистік кезеңдерге тура келеді және осы кезде зақымдатқыш факторлар әсерінен пайда болған ақаулар мен кемтарлықтар мутация салдарынан пайда болу арқылы дамитын ауытқулар мен кемтарлықтарға ұқсайды.

КРИЗИСТІК КЕЗЕҢДЕР

  • Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов адам ұрығы дамуында мына кризистік кезеңдердің маңызды екендігін көрсетті :
  • - имплатанция ұрықтанудан кейін 6-7 тәуліктер
  • - плацентация жүктіліктің 2-аптасының соңы
  • - перинатальды босану кезеңі
  • Өмір сүру ортасының өзгеруіне бейімделуі үшін, ұрықта жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер өтуі тиіс. Сондықтан, ұрықтың қан айналым, газ алмасу, қоректену сипаттары өзгереді. Осы кездерде әсерін тигізген зақымдатқыш факторлар эмбрион дамуын тоқтатып, түсіктірге, өлі туылуға т.с.с. ұшыратады.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Жүктілік кезінде екі организм- ана және ұрық ағзалары арасында функциялық жүйе қалыптасады. Бұл процесс медицинада ең маңызды процесстердің бірі болып табылады. Ана-нәресте жүйесі қалыптасу кезінде бірқатар кризистік кезеңдер пайда болады. Бұл кездерде ана-нәресте функциялық жүйесі өте жараланғыш болып келеді. Сондықтан, ана-нәресте организмдері арасындағы гистологиялық, иммунологиялық ерекшеліктерін зерттеу жүктілікті медициналық қорғаудың негізін қалайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • Иманова Д.Н. Молекулалық биология /Оқу құралы.-Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. 2023. – 106 б.
  • Бутвиловский, В. Э.Медицинская биология : учеб. пособие / В. Э. Бутвиловский, Р. Г. Заяц, В. В. Давыдов. – Минск : БГМУ, 2014. – 240 с.
  • Клиническая генетика: Учебник. + CD. 4-е изд., доп. и перераб | Бочков Николай Павлович, Пузырев Виктор Павлович. 2020-592стр
  • https://stud.baribar.kz/22564/embriologiyagha-tusinik-turaly-referat/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет