Тератогенез. Даму ақауларының жіктелуі



бет2/3
Дата21.10.2023
өлшемі1,43 Mb.
#187309
1   2   3
Байланысты:
Тератогенез

СПЕРМОТОЗОИД

  • Спермотозоид-адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. Сперматозоид сперматогенез процесінің (адам мен жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың түзілуі) нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы басталады.

Аналық жұмыртқа жасушасы

  • Аналық жыныс жасушасы— ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жұмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар — сарыуыз қорланады.

ЭМБРИОНДЫҚ ДАМУ


Эмбриондық даму-зиготаның бірінші бөлінуіненбастап,нәресте дүниеге келуіне дейінгі процестердіқамтитын онтогенездің бастапқы кезеңі.Ананың құрсағында эмбриондық даму орта есеппен 280 тәулік өтеді. Акушерлік бөлімде осы мезгілді үш кезеңге бөледі: бастапқы(ұрықтанудан кейінгі бір апта), ұрыктық (2-8 апталар),нәрестелік(9-аптаданбастап,туылуына дейін). Өзіндік эмбриондық немесе ерте кездік эмбриогенез деп аталатын алғашқы екі кезеңде, тіндермен мүшелер кұрылысының негізін қалау процестері басым болады.Өзіндік эмбриогенездің (1-8 апталар)үш негізгі сатыларын ажыратады: бөлшектену, гаструляция, гисто- және органогенез.

Тератогенез- Даму ауытқуларының пайда болу механизмі.

  • Тератогендік фактор - даралық даму барысында немесе ұрпақтардың қысқа тізбегінде сиықсыздықтарға апарып соғатын фактор, мысалы, аналық дарақтан ұрпағына берілетін.
  • Даму сатысында туа біткен ақаулықтардың бірнеше типтері кездеседі:
  • Гиперплазия – қандай да бір ұлпаның немесе мүшенің жасушасының шамадан тыс үлкен болуы. Нәтижесінде белгілі бір мүше қалыптан асып дамиды. Қазіргі таңда гиперплазия көптеген ауру анамалиясы болып кездеседі.
  • Аплазия – анамальдық ауру, белгілі бір мүшенің немесе мүше бөлігінің болмауы.

Гипоплазия – ұлпаның, мүшенің, дене бөлігінің, тіпті бүкіл дененің толық жетілмеуі. Бүкіл дененің гипоплазиясы микросомия немесе нанизм деген атау алады. Гипоплазияның кең тараған түрі – жеке мүшелердің толық жетілмеуі. Мысалы, эмальдық гипоплазия тіс бетінде ақ-сары нүкте, қара сызық ретінде көрінеді. Кейбір кезде тістің жартылай түзілісі байқалады; Горлин-Гольц синдромы – тұқым қуалайтын ауру. Мұндай гипоплазияның белгілері: гиперпигменттік тері, тырнақтың дистрофиясы, гипотрихоз, көздің анамалиялық дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет